Ќызылорда облысындаєы


Боқа – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. Ру атынан қойылған атау. Боқаның соры



бет69/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#34994
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   203
Боқа – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. Ру атынан қойылған атау.
Боқаның соры – қоныс. Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзеннің аңғарында.
Боранбай – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Ботпай – ауыл орны. Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде. Ру атынан қойылған атау.
Бошай – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстігінде. Ру атынан қойылған атау.
Бөкіш – бейіт. Тұран ойпатында, Сырдария өзеннің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау болу керек.
Босқауға – құдық. Тұран ойпатының шығыс бөлігінде, Арал Қарақұмында. Құдық суының мөлшеріне қарай қойылған атау.
Бұзыққала – ежелгі қала орны. Бұзыққала Арал теңізінің шығысында, Қазалы қаласынан оңтүстік–батысқа қарай 55 шақырым жерде орналасқан. 1946 жылы Хорезм археологиялық және этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П.Толстов) зерттеген. Қаланың жобасы төртбұрышты, аумағы – 145х290 м. Қала сыртының ені 10 м ормен қоршалған. Қазба жұмыстары барысында әртүрлі өрнегі бар қыш құмыралар табылды. Деректер Бұзыққаланың 6-10 ғасырлар аралығында болғандығын көрсетеді.
Бұлақ – артезиандық құдық. Жуанқұм өңірінде, Сырдария өзеннің аңғарында. Осы жерде бұлақ шығып жатқандықтан қойылған атау.
Былайбылай – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Сырдария өзеннің аңғарында.
Бірлік – ауыл, Бірлік ауылдық округінің орталығы. Әйтеке би кентінен оңтүстік–батысқа қарай 26 шақырым жерде, Сырдарияның сол жағасындағы Қазалы каналы бойында орналасқан. Ауыл 1977-96 жылдары аудандық мал бордақылау арнайы бірлестік орталығы болды. Бірлестік негізінде ауылда өндірістік кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары құрылды.
Біртөбе – бейіт. Әйтеке би кентінен солтүстік–шығысқа қарай 18 шақырым жерде.
Водокачка – елді мекен атауы, Қарашеңгел ауылдық округінің құрамында. Аудан орталығынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Іргесі 1931 жылы құрылған. Елді мекенде 133 адам тұрады, жанұя саны – 26. Елді мекенде Қарашеңгел бастауыш сыныбы бар, оқушылар саны – 11. Негізгі кәсібі – мал, егін шаруашылығы.
Дайрабай – құрғақ арна. Арал теңізінің шығыс алабында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Дайрабай – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Дарбас – құм. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатында.
Дарбас – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатында.
Дауынбай – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет