«Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің 19 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Бекітемін»



бет65/83
Дата16.11.2022
өлшемі357,75 Kb.
#158577
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83
Байланысты:
КТП-№399 бұйрықпен5-11 сыныптар аралығы

Түсінік хат
Қазақстан тарихы оқу пәні:
Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі –МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы; «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығымен өзгерістерімен және толықтырулар); Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (ҚР оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен өзгерістерімен және толықтырулар енгізілген);); «Білімді ұлт» «Сапалы білім» Ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы; «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы); «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы) негізделіп жасалды.

Отандық тарихты зерделеу өткен тарихи оқиғаларды түсіну және оларды талдау негізінде қазіргі замандағы орнын анықтау, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және оқиғалар мен құбылыстарға жеке көзқарасын білдіре отырып, олардың маңызы мен мәнін түсінуді қамтамасыз ететін жеке тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.


Оқу пәнінің мазмұны білім алушыларға әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның әлемдік тарихи процестегі орны мен рөлін анықтай отырып, этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолдарының негізгі ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің мақсаты – отандық тарихтың негізгі оқиғалары мен процестерін оқыту негізінде тарихи санаға, азаматтылық пен отансүйгіштік қасиеттерге ие, тарихи білім мен дағдыларды оқу және қоғамдық іс-әрекеттерде тиімді және шығармашылықпен қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) Қазақстан аумағындағы қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі этникалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени дамуының негізгі мәселелері туралы білім қалыптастыру;
2) тарихи қалыптасқан мәдени, ұлттық дәстүр, әлеуметтік және адамгершілік нормаларды білім алушылардың түсінуі негізінде оларда азаматтылық пен қазақстандық бірегейлікті, дүниетанымдық ұстанымдарды тәрбиелеу;
3) әлемдік тарихи процестегі Қазақстанның орны мен рөлі туралы жалпы тұтас түсінік қалыптастыру;
4) тарихи оқиғалар, құбылыстарды тарихи заңдылықтарды ескере отырып зерттеу, оқиғалар мен тұлғаларға қатысты пікірлер мен берілген бағаларды салыстыру және сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту, өткен кезеңмен қазіргі уақытқа қатысты пікірталастық мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру;
5) өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын дамыту;
6) әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және жүйелеу дағдыларын дамыту;
7) әртүрлі деректерді қолдана отырып, жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
8) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
9) коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қолдану.
«Қазақстан тарихы» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
«Қазақстан тарихы» оқу пәнінің мазмұны
«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты;
2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген).
«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша білім мазмұны бөлімдер арқылы қамтылған. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
Оқу пәнінің білім мазмұны төрт бөлімді қамтиды:
10-сыныпта:
1) өркениет: даму ерекшеліктері;
2) этникалық және әлеуметтік процестер;
3) мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан;
4) мәдениеттің дамуы.
11-сыныпта:
1) өркениет: даму ерекшеліктері;
2) саяси-құқықтық процестер;
3) қоғамдық-саяси ойдың дамуы;
4) білім мен ғылымның дамуы.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тоқсанның соңында оқушылардың зерттеу жұмысын жүргізу қарастырылған. Сыныптар бойынша зерттеу тақырыптары төменде берілген.
10-сынып бойынша зерттеу тақырыптары:
1. Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала.
2. Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы.
3. Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы.
4. Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды.

11-сынып бойынша зерттеу тақырыптары:


1. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері.
2. Қазақстанэтностары: тарихы мен тағдыры.
3. Қоғамдық-саясиойдыңбіріктірушірөлі.
4. Білім мен ғылымғаүлесқосқанменіңөлкемніңтұлғалары.

«Қазақстантарихы» пәнібойыншажиынтықбағалау саны:





Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып

1

1

1

1

11-сынып

1

1

1

1





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет