Қызылорда облыстық ОҚу орталығЫ (Әдістемелік кабинет)


Ә мәтіні:  ғаламтор мақаласынан үзінді



Pdf көрінісі
бет3/150
Дата29.05.2022
өлшемі9,12 Mb.
#145391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Байланысты:
1614757458 11 -emtihan-tapsyrmalarynyn-zhinagy -9-synyp -1-tom

Ә мәтіні: 
ғаламтор мақаласынан үзінді
 
 
Қазақстанның экологиялық мәселелері 
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 
млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық. Қазақстан халқы 16 млн-нан астам адамды 
құрайды. «Адам баласының алдында бүгінде үлкен екі мәселе тұр: бейбітшілікті және 
табиғатты қорғау - екеуі де болашақ өмір сүрудің шарты,» - деп белгілі жазушы
Л.Леонов айтқандай, Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық 
деп айта алмаймыз.
Қазақстандағы экологиялық аймақтар: 
А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар 
кіреді. Бұл аймақтағы өзекті мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы.Каспий 
теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың 95%-ын береді де, оның 
табысы 10 млн.долларды құрайды. Бекірені шектен тыс аулаумен қатар, теңіз суының 
мұнаймен ластануы оның санын кемітуде. Сондықтан биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне 
көңіл аударылуы керек. 
В аймағына Қазақстан Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған шығыс 
облыстары жатады. Онда ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс 
шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелер – қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың 
жиналуы, урбанизацияланған 
(қалалық)
территориядағы атмосфералық ауаның ластануы, 
ормандардың деградациясы 
(біртіндеп нашарлап тозуы),
ерекше қорғауға алынған 
территориялардың жеткіліксіздігі. 



Қазақ тілі
9-сынып емтихан тапсырмалары
Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен 
денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. 
доллар, ауаның ластануы – 266 млн. долларды құрайды.
С аймағына оңтүстік аймақтар жатады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экономикалық 
мәселелер – су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің шайынды сулармен ластануы, 
жайылымдардың деградациясы, табиғи және мәдени ескерткіштердің бұзылуы. 
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе - Арал теңізі. Арал теңізінің кеуіп қалған 
түбінен, сарапшылардың мәліметтері бойынша, 50-70 мың тоннадан астам тұз көтерілуде. 
Қазір су ресурстарына деген қажеттілік 50 % ғана орындалып отыр.
(245 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет