Қазақстан тарихы
9-сынып емтихан тапсырмалары
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Жалпы білім беретін мектептерге. I нұсқа
А бөлімі
1.
Аңырақай түбінде жоңғарларға қарсы соғыста қазақ жасақтарының бас әскери
қолбасшы болған батырды атаңыздар.
А) Жәңгір хан
В) Қабанбай батыр
С) Бөгенбай батыр
D) Қарасай батыр
2.
ХҮІІ ғ.шапқыншылық жорықты атаңыз.
A)
Моңғол шапқыншылығы
B)
Жоңғар шапқыншылығы
C)
Ұжымдастыру саясаты
D)
Саяси қуғын-сүргін
3.
Тәуке хан кезінде хан билігіне енгізілген өзгерісті көрсетіңіз.
А) Хан билігін шектеулі болды
В) Сұлтандар билігі шектелді
С) Билер кеңесі енгізілді
D) Хан билігі шексіз болды
4. Бөкей Ордасында өткен ұлт-азаттық көтерілістің хронологиясын белгілеңіз.
А) 1783-1797 жж
В) 1836-1838 жж
С) 1837-1847 жж
D) 1856-1858 жж
5. "…жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе"
сықылды болды", – деп Шоқан Уәлиханов туралы пікір білдірген тұлғаны белгілеңіз.
A)
Г.Потанин
B)
И.Березин
C)
Семенов Тянь-Шаньский
D)
Ф.Достоевский
6.Алаш партиясының төрағасын көрсетіңіз.
A)
А.Байтұрсынұлы
B)
Ә.Бөкейханов
C)
М.Шоқай
D)
М.Тынышпаев
7. 1927 жылы Мәскеуде, Майндағы Франукфуртта концерттер берген атақты әншіні
табыңыз.
A)
Ж.Жабаев
B)
К.Әзірбаев
C)
К.Бәйсейітова
D)
Ә.Қашаубаев
96
Қазақстан тарихы
9-сынып емтихан тапсырмалары
8. 1909 жылы Германияның Кельн қаласында өткен жарыста неміс балуаны Вейланд
Шульцтерді жеңген атақты қазақ балуанын белгілеңіз.
A)
Қажымұқан
B)
Балуан Шолақ
C)
Ж.Үшкемпіров
D)
Е.Ибраимов
9. Қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткерін белгілеңіз.
A)
А.Байтұрсынұлы
B)
Ә.Бөкейханов
C)
С.Сәдуақасов
D)
М.Дулатов
10. 1970-1985 жылдары көлге құятын өзендер суы азайып, металлургия кәсіпорындары
өндіріс қалдықтары әсерінен ауыр металдар мен күкірт оксидтерінің мөлшері артқан
көлді көрсетіңіз.
A)
Жасыбай
B)
Балқаш
C)
Зайсан
D)
Алакөл
11. Горбачев барынша қатқылдау сөйледі: «Бұл мәселені шешуді бізге қалдыр.
Республикаға жақсы коммунист жіберіледі». Қазақстанда осы коммунистің келуімен
орын алған оқиғаны белгілеңіз.
A)
1958 жылғы Теміртау оқиғасы
B)
1979 жылғы Целиноград оқиғасы
C)
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
D)
1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасы
12. Комитет дүниежүзі елдері мен КСРО үкіметінің назарын Арал теңізінің экологиялық
апатына аударуда көп жұмыстар атқарды. Комитет кімнің бастамасымен құрылғанын
табыңыз.
A)
О.Сүлейменов
B)
М.Шаханов
C)
Ә.Кекілбаев
D)
Д.Қонаев
13. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғаны табыңыз.
A)
Мемлекеттік рәміздер қабылданды
B)
Жаңа Конституция қабылданды
C)
Президент сайлауы өтті
D)
Ұлттық валюта теңге айналымға шықты
14. Н.Назарбаев 1989 ж.қандай жарлық қабылдады?
A)
1986 жылғы қайғылы оқиғаның құрбандарын еске алу күні
B)
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
C)
Семей ядролық полигонының жабылған күні
D)
Ауған соғысы құрбандарын еске алу күні
15. ҚР Әнұраны мен Елтаңбаның қабылданған күні
A)
1992 ж.2 маусым
B)
1993 ж.12 маусым
C)
1990 ж.25 қазан
D)
1991 ж.22 қыркүйек
|