Қызылорда облыстық ОҚу орталығЫ (Әдістемелік кабинет)


Қазақ тілі 9-сынып емтихан тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет21/215
Дата09.03.2022
өлшемі9,12 Mb.
#134815
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   215
Байланысты:
11. Емтихан тапсырмаларынын жинагы. 9-сынып. 1- том

Қазақ тілі
9-сынып емтихан тапсырмалары
Бұл мемлекеттер оқуды тұлға мәдениетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі деп біледі. 
Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы аталған мемлекеттерде мерзімді 
басылымдар мен әдеби кітаптарды оқырмансыз қалдырған жоқ. Жұмыс күнін газет-
журналдардың жаңа нөмірімен бастайтын, бос уақытында бірден басылымдарға 
шұқшиятын, кітабын заманауи гаджеттерге айырбастағысы келмейтін қауымды олар 
біздегідей ескіліктің табынушысына баламайды. Керісінше, жоғары мәдениеттің өкілі деп 
құрмет тұтады.
Жуырда белгілі журналист Қуат Әуесбайдың «Фейсбуктегі» мына бір жазбасына 
көзіміз түсті: «Қай елге барсам да, ең әуелі, сол жердің баспасөзін іздейтін әдетім бар. Осы 
көктемде Еуропадағы 7 елде болып, бір құшақ газет арқалап қайтқам. Басқалар киім-
кешек, техника алып жатса, мен ақшамды газетке жұмсаймын. Байқағаным, мұнда «газет 
оқылмайды, газет өледі» деп жатқан ешкім жоқ. Метрода, аялдамада газет-журнал оқып 
тұрған жандарды көресің. Біз неге «газеттің күні өтті» деп дүрлігіп жүрміз сонда? 
Баспасөздің ертеңі біз айтып жүрген компьютерлік технологиялардың даму деңгейіне 
емес, оқырманның оған деген көзқарасына тәуелді. Газеттің қадірін қашыратын да, 
құндылығын арттыратын да – оның тұтынушысы, яғни оқырман. 
(235 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет