Байланысты: 11. Емтихан тапсырмаларынын жинагы. 9-сынып. 1- том
Қазақстан тарихы 9-сынып емтихан тапсырмалары 9. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы шаруалар көтерілісінің негізгі себебі:
А)1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформаның талаптары
В) Қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныс аударып келуі
С) Ресей мен Қытай арасында Петербург келісіміне қол қойылуы
D) Ресей әкімшілігінің солтүстік-шығыста бекіністер тұрғызуы
10. Қазақстанның тәуелсіздігі туралы заң қабылданған мерзім
А) 1990 жылы 25 қазан
В) 1991 жылы 2 қазан
С) 1991 жылы 16 желтоқсан
D) 1991 жылы 21 желтоқсан
11. Екінші дүниежүзілік соғыста екі мәрте Кеңес Одағы батыры атағын алған ұшқыш:
А) Бақтыораз Бейсекбаев
В) Хиуаз Доспанова
С) Нүркен Әбдіров
D)Талғат Бигелдинов
12. Таза көшпелі тұрмыс қалыптасқан аумақтар:
А) Жетісу мен Шығыс Қазақстан
В) Тянь-Шань, Алтай таулы аймақтары
С) Орталық және Батыс Қазақстан
D) Сырдария, Шу, Талас өзендерінің бойы
Е) Оңтүстік Қазақстан және Жетісу аумағы
13. Ұлы Отан соғысы жылдары тылда ерекше нәтижеге жеткен тұлғалар:
А) Ы.Жақаев, Ш.Берсиев
В) Т.Тоқтаров, А.Дацкова
С) Т.Күзембаев, Б. Зұрбаев
D) С.Баймағанбетов, Ж.Жабаев
14. Ұлы Жібек жолы бойындағы Батыс Жетісудағы ірі қала:
А)Испиджаб
В)Тараз
С) Сығанақ
D) Созақ
15. ХІХ ғасырда Батыс Қазақстанда орналасқан жәрмеңке:
А) Қарқара
В) Ойыл
С) Қарқаралы
D) Тайыншакөл