Қызылорда облыстық ОҚу орталығЫ (Әдістемелік кабинет)



Pdf көрінісі
бет30/215
Дата09.03.2022
өлшемі9,12 Mb.
#134815
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   215
Байланысты:
11. Емтихан тапсырмаларынын жинагы. 9-сынып. 1- том

Қазақ әдебиеті
9-сынып емтихан тапсырмалары
В бөлімі 
Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз. 
 
Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» романынан үзінді 
 
Қайран, балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы адал таңдарым менің. Онда 
мен кіп-кішкентай сәби едім. Ал айнала таулар да, үйлер де, қойтастар да, жылқылар да — 
бәрі-бәрі үлкен болатын. Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ, кілең 
мейірімді жандар болып көрінетін... Қария кісілердің сақалынан қасиет-қадір белгісі 
көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, шашбаулары 
сылдыраған қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын 
түйсіксіз байқағандай болармын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаратылған 
жандар сияқты сезілуші еді. 
Ол-ол ма, анау асқар таулар, етектегі еңісті шексіз дала, көгілдір аспан, түнде 
жымыңдаған жұлдыздар, толықсып туған ай, жасыл жайлау — бәрі-бәрі тек маған ғана 
елжірей қарап, мені ғана аймалап әлдилейтін сияқты еді. Дүние сенің сәби кезіңмен 
көргендегідей өмір бойы қайырымды, аспаны — күмбез, желі — жібек, әдемі ертек болып 
тұра берсе, кәне? 
Тек оқта-текте ауылдың үстін, тау бөктерін тұнжыр бұлт торлайтын. Бұлт сонда үн-
түнсіз шаруақор менің әкеме ұқсайтын. Ал күн күркіресе, апамның ересек балаларына 
ақырып-зекіргені есіме түсіп, жым боламын. Жаңбыр жауса — жас баланың көз 
жасындай, кімді аяйтынымды білмеймін, әлдекімге жаным ашып, жылағым келер. 
...Ертексіз өскен бала — рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері 
не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме 
«Бесік жырын» айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген 
баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын. Ал менің кәрі апам Қызтумас 
маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын.
(217 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет