Ұстаздарға бейнелеу сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
-балаларға айнала қоршаған ортадан алған әсерлерін, қабылдағандарын бейнелеу іс-әрекетінде бере білу дағдыларын меңгерту;
- бейнелеу өнері түрлері жайында жалпы түсініктері мен көркем өнер туындыларын ажырата білу;
- өнер туындыларынан әсер алу, сипаттап әңгімелей білу дағдысын меңгерту;
- бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары жайында (түс, сызықтар, көлем, кеңістік, композиция) қарапайым түсініктерді меңгерту;
-сурет салуға қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің іскерліктерін игерту; - ұлттық нақыштағы бейнелеу өнері түрлерін басқа халықтар өнерімен салыстыра, ажырата білу;
- көркем өнер туындылары арқылы көркемдік талғамын, өнердің бұл түріне деген қызығушылығын арттыру;
Мектеп алды тобында тұрақты түрде диагностикалық зерттеу жүргізу балалардың жеке ерекшеліктерінің бар екенін көрсетеді. Балалардың сабақ барысында тақырыпты қабылдау оны жүзеге асыра білу қабілеті әртүрлі болып келеді. көбінесе үлгерімі жақсы балалар тақырыпты түсініп, іс жүзінде қолданса, кейбір балалар ұстаздар көмегін аса қажет етеді. Міне осындай деңгейді анықтау үшін әр топта балалар білімін зерттеу үшін бірінші жарты жылдықта және жылдық қорытынды бойынша мониторинг жүргізіледі.
Қорытынды: Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтарда бейнелеу өнерінің өткізілуі сабақтарда балалар шығармашылығын дамыту үшін оқып үйретудің сан- алуан әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі,өнердегі әсемдікке,адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзіне сәбидің басынан кешкен қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор деп білеміз.
Нәтижесінде:
Балада көркем өнер туралы білім қалыптасады.
Шығармашылығы дамиды.
Авторлық бағытта бейнелей біледі.
Отбасы және балабақша ынтымақтастығы орнайды.
Балалардың іскерлік қабілеті дамып, эстетикалық талғамы артады.
Сурет іс-әрекеттері арқылы бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілік оянады.
Достарыңызбен бөлісу: |