Бақылау сұрақтары:
Түкті және тақыр кілемдерді құрудың қандай айырмашылықтары бар?
Тақыр кілемнің тоқылу өзгешілігін түсіндір.
Тоқыма талшықтарына мәлімет.
Желі жіп, арқау жіптерін қалай ширатады?
Кілемге түсірілетін түр жіптерін қалай әзірлейді?
Дәріс №11. Тақырыбы: Тақыр кілемнің шетін қолтықшаларын және ортаңғы гүлдерін тоқу.
Мақсаты: Тақыр кілемнің шетін қолтықшаларын және ортаңғы гүлдерін тоқу жолдарын әдістерін меңгерту .
Дәрісті өткізу түрі: Ақпараттық.
Тірек ұғымдар: «желі жіп», «күзу жіп», «түр жіп», «арқау», «шалу», «шатыс», «сирексіту», «адарғы», «белағаш», «тоқпақ».
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:
Тақыр кілемнің тоқылу ерекшелігі.
Эскиз бойынша өрнектерді түсіру әдісі.
«Су» өрнектері мен шеттіктерді тоқу.
Өрнектердің геометриялық бұрышты, мүйізді, өсімдіктер бейнелі түрлерін тоқу әдісі.
Ортаңғы гүлін эскиз бойынша орналастыру тәртібі.
Кілемнің оң, сол жақ қолтықшасын тоқу.
Кілемнің тоқылу барысын қайталау.
Әдебиеттер:
1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері.- Алматы: Өнер, 1987.-128 бет.
2. Әбдуалиева Ш. Халық қолөнері. -Алматы: Рауан, 1992.-120 бет.
3. Изтилеуова А.Ш. Кілем және гобелен тоқу шығармашылық негіздері практикумы. Әдістемелік құрал Шымкент ЮКГУ 2004 ж
4. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. –Алматы: Қазақстан 1995.-256 б.
5. Мұқанов К. Жүннен жасалатын бұйымдар.Алматы: Қайнар, 1990.-144бет.
Тықыр кілемнің тоқылуы өзара перпендикуляр екі жіптің айқасуынан пайда болады. Желі жібіпс перпендикуляр жіп — "арқау" жібі. Кілемнің алғашқы қатарын бастау үшін, арқау жібін шеткі бой жібіне бекітіп, шеткі жүн жіптің астыңғы жібін оң қолымыздың саусақтарымен көтеріп, алақанға аламыз. Екінші жүп жіптің үстіңгі сыңарын оң қолдың астына қалдырып, ал астыңғы сыңарын саусақпен көтеріп алақанға жинаймыз. Осылайша бес, алты астыңғы жіпті алақанға жинап, осы ізбен арқау жібін өткіземіз. Арқауды бұлай өткізуді "теріп өткізу" деп атайды. Теріп өткізу кезінде арқауды тартпай, бос қалдырамыз. Енді осы өткізілген арқауды тарақпен (темір тістерінің үшкір жағын жоғары қарата отырып) анықтаймыз. Енді арқауды астыңғы, үстіңгі болып бөлінетін жазықтықтың арасымен өткіземіз. Бұлай өткізуді "бос өткізу" деп атаймыз, себебі астыңғы жазықтықтың жіптері арқау астында, ал үстіңгі жазықтықтың жіптері арқау үстінде қала береді. Бұл бос өткізілген арқауды да тарақпен анықтаймыз. Тарақпен арқау жібін анықтау кезінде ескеретін жағдай — тарақтың салмағы жарты килограмдай және оның темір үшкір ұштары болғандықтан, тарақты кілем желісі жазықтығынан 30 см-ден артық биіктікке көтеруге болмайды, қатар отырған оқушыға тиіп кетуі мүмкін. Осылайша нықталған арқауды бірде "бос", бірде "теріп" алма-кезек өткіземіз. Арқау өткізу тәртібі былай:
Арқау жібі әр уақытта шеткі желі жібінің үстінде орналасуы керек.
Егер шеткі желі жібінің сыңары астыңғы жазықтық жібі болса, онда арқау теріліп өткізіледі.
Егер шеткі желі жібінің сыңары үстіңгі жазықтық жібі болса, арқау бос өткізіледі.
Жіптердің айқасу әдісін меңгеріп алғаннан кейін эскиз бойынша тоқуға кірісеміз. Алдымен кілемнің бір түсті жіппен 2 см-дей шеті, одан кейін желі жібінің екі жақ шетінен 9 жіптен бір ен (әр иін биіктігін көз мөлшерімен 5 миллиметрдей алуға келіссек) тоқылады. Осылайша шет түсі жібінен әр иінде бір жіптен қалдырып, 8 басқыштан тұратын кілем шеті тоқыла бастайды. Оныншы жіп "су" жіп, оны қалдырып, табаны бес жіптен, төбесі бір жіптен тұратын тең бүйірлі үшбұрыштар тоқимыз. Әр үшбұрыш арасында бір "су" жіптен қалғанда алты үшбұрыш тоқылады. Енді қалған бір жіптен бастап шет жібінің иіндерін үстемелете бір жіпке "су" жібі тоқылады. Тықыр кілемнің ерекшілігі мен күрделілігі тоқылатың қатар әр деңгейде болады. Кілем гүлі ортадан 15 жіптен басталады, сөйтіп гүл аумағы табаны алты жіптен, төбесі екі жіптен тұратын үшбұрыштар болып шығады. Осыдан соң гүл ішіндегі "су" тоқылады. Оның тоқылуы, әуелі бес жіптен басталады, ары қарай екі жіппен аяқталады. Осылайша шет жіптері гүл жіптеріне байланысты ілгерілі-кейінді тоқылады.
Кілем тоқу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
Кілем тоқитын кезде әрдайым тазалықты сақтау маңызды.Отырған жерді жинап, сыпырып, қолды жуып отыру керек.
Түк шалуда кесермен пышақты міндетті түрде оң қолға ұстап, жіпті кесу тәсілін білу.
Тоқпақпен жіпті нығыздау кезінде ұрғылау тәсілін орындай білу.
Жұмыс соңында құрал –жабдықтарды өз орындарына, яғны жабық
құтыларға қою.
11-сурет. Тақыр кілемнің құылысы мен салынатын ою-өрнектер.
Достарыңызбен бөлісу: |