7. Бақылау ( тесттер, есептер. және т. б.) Жағдайлық есептер: 1. Анаэробтардың таза дақылын алу үшін лаборант тоңазытқыштан алынған Китта-Тароцци ортасына зерттелінетін материалды егеді. Сосын инкубация кезеңінде термостатқа салады. Таза дақыл алуда қандай қателік жіберілді?
2. Шымкент қаласында ішек инфекциясының өршіген кезінде зертханада бір топ аурудан дизентерия, іш сүзегі, тырысқақ вибрионы бөліп алынып талданған. Бөлінген қоздырғыштарды арнайы микробиологиялық терминдермен негіздеңіз.
3. ОҚО 1998 ж. Келес ауданындағы тырысқақтың өршіген кезінде тырысқақ вибрионы бір уақытта судан, аурудан және тасымалдаушыдан бөліп алынған. Осыны арнайы микробиологиялық терминдермен негіздеңіз.
4. Бактериялардың бірқалыпты популяциясын бөліп алу үшін дәрігер - бактериолог өскен микроорганизмдерді тығыз қоректік ортадағы бөлінген колонияның бір бөлігін алады. Бұл процестерді арнайы микробиологиялық терминдермен негіздеңіз.
5. Гисс ортасына егілген бактериялық дақылдың инкубациялық тәуліктен кейін глюкозасы бар пробиркадағы қоректік ортаның түсі газ түзе өзгереді. Бұл өзгеріс нені білдіреді?
6. «Шұбар» қатардағы егілген дақылдың 24 сағаттан кейін пептонды суы бар пробиркада Гисс ортасының бұлдырауы байқалады. Ортаны 1 атмосфералық қысымда лаборант стерилдеген болатын. Дифференциалды көміртегісі бар ортаны дайындау және стерильдеу кезіндегі қателіктер мен дұрыстарды атаңыз.
7. Созылмалы стафилококты инфекциямен ауыратын науқастың, ұзақ уақыт химиотерапиялық препараттармен емделгеннен кейін, ЖСА – да колония терісінде алтындатылған стафилокок дақылы бөлініп алынады. Стафилококтардың колониясын, колониясында ауысуын қалай түсіндіруге болады?
8. Ультракүлгін әулелермен сәулелендіргенде капсулуші клебсиелла дақылдары капсула түзуші қабілеттілігін жоғалтады. Тышқанны арушаңдық қызметі де жоғалады. Аурушаңдықтың жоғалуы мен капсула синтездеу қабілеттілігін қалай түсіндіруге болады?