6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1. Энтеровирустарға жататын вирустарды атаңыз?
2. ЕСНО –вирусының мағынасын талдаңыз?
3. Полиомиелит ауруының алдын-алу шаралары?
4. Қазіргі таңда гепатит вирусының қанша түрі бар?
Дәріс № 10.
1. Тақырыбы: Ретровирустар, адамның иммундытапшылығы вирусы.
2.Мақсаты: Студенттерге рабдовирустар мен адамның иммунодефицит вирусы қоздырғыштарына вирусологиялық диагноз қою әдістерін және алдын-алу жолдарын, емдеу әдістерін үйрету.
3. Дәріс тезисі.
Рабдовирустардың морфологиясы – оқ тәрізді 75-180нм. Құтыру вирусы екі түрге бөлінеді –жабайы вирус, фиксацияланған.
Дақылдылық қасиеті. Вирусты жануарлардың (қоян, ақ тышқан, егеу құйрық, теңіз шошқаларының) миына
енгізу жолымен
дақылдаймыз. Зақымдалған жануарлардың бас миы нейрондарында
вирус антигенін сақтаушы цитоплазмалық кіріспелер болады. Құтыру вирусы микробиологиялық диагноз қою үшін бактериоскопиялық әдіс гиппокампадан алынған жұғындылардан Бабеш–Негри денесін Романовский-Гимзе, Манчу, Туревич, Муромцев әдістерімен бояп көреміз. Вирус антигендерін РИФ әдісімен анықталады. Постинфекциялық иммунитет толық зерттелмеген. Емдеу әдістері –симптоматикалық ем нәтижесіз. Арнайы алдын-алу үшін рабдовирустарға қарсы вакцина қан сарысу иммуноглобулин қолданылады. Адамның иммунодефицит вирусы лимфатропты вирустардың қатарына кіреді. Вирус –Retroviridae- әулетіне, Lentivirus –түріне жатады.
Морфологиясы –вирус РНҚ-түзуші вирустарға жатады шеңбер тәрізді диаметрі 100нм. Вирус екі қабатты липидтен, гликопротеиндерден тұрады.
Микробиологиялық диагностикасы. Вирусологиялық серологиялық әдістер антиген мен антиденені анықтауға бағытталған бұл үшін ИФА, полимеразды тізбектелген реакцияны қолданамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |