Тесттер: 1. Биологиялық микроскоптың иммерсиондық обьективімен көру мүмкіндігінің ең төменгі шегі:
0,2 мкм
0,1 мкм
200 нм
100 нм
10 нм
2. Бактериялардың талшығын көруге мүмкіндік беретін бояу әдісі:
Грам
Ожешко
Леффлер
Бури-Гинс
Романовский-Гимза
3. Микроорганизмдердің қауіптілік дәрежесі бойынша бөлінетін топтарының саны:
төрт
екі
үш
бес
алты
4. Микроорганизмдерді иммерсионды жүйеде зерттеу үшін қолданатын обьектив:
х 8, 40
х 8
х 10
х 40
х 90
5. Ішкі ортаның қолайсыз факторларынан қорғайтын бактерияның жасушалық элементі:
капсула
L - форма
жасушалық қабырға
талшықтар
цитоплазматикалық мембрана
6. Микробтық дакылдар, қоректік орталар, қан, вакциналар және биопрепараттар сақталатын зертханалық жабдық:
бөлме температурасындағы шкаф
термостат
Пастер пеші
Кох аппараты мұздатқыш
мұздатқыш
7. Микроскоптың иммерсионды жүйесінде зерттелетін препарат:
жұғынды
“жуан” тамшы
”езілген” тамшы
“ілінген” тамшы
вирустық препараттар
8. Алғашқы рет микроорганизмдерді көру мүмкіндігін дүниеге келтірген ғалым:
Р.Кох
И.Мечников
Л.Пастер
А.Левенгук
Д.Ивановский
9. Аса қауіпті инфекциялар ретінде арнайы зертханада ғана жұмыс ісетеуге рұқсат етілетін микроорганизмдер топтары:
ІІІ
ІY
ІІ-ІІІ
І және ІІ
І-ІY
10. Вирустар туралы алғашқы түсінікті дүниеге келтірген ғалым:
Р.Кох
И.Мечников
Л.Пастер
Д.Ивановский
А.Левенгук
№ 2. 1.Тақырыбы: Бактериялардың және вирустардың физиологиясы. Қоректік орталар. Микроорганизмдердің генетикасы. Модификация. Мутация. Генетикалық рекомбинациялар. Плазмидалар
2. Мақсаты: Микроорганизмдерді дақылдау үшін қоректік орталарды дайындау техникасын меңгеру. Плазмиданы анықтау, бактерия популяциясының рекомбинантарын және мутанттар селекциясын анықтау әдістерін меңгеру.
3. Оқыту мақсаты: Бактериялардың генетикалық рекомбинациясы түсінігін қалыпстастыру тәжірибе жүзінде бактерияларда трансформация, трансдукция және конъюгация әдістерін үйрету.