Бақылау (тесттер, есептер)
Жағдайлық есептер:
Баланың дене қызуы 39ºС көтерiлiп, қалтырап, жағдайы нашарлай бастады. Жалпы улану (интоксикация) белгiлерi байқалады: құсу, басының ауруы, әлсiздiк, сырттай зерттегенде тамағы қызарған, мойын бездерi iсiнген, жүйке лимфа түйiндерiнiң iсiнуi, тахикардия. 1 тәулiктен кейiн майда, нүкте тәрiздi бөртпе пайда болады (шат, қолтық асты қатпарлары, санының iшкi бетiнде: мұрынды-ерiндi үш-бұрышта гиперемия байқалады). Алғашқы диагноз: скарлатина. Бұл ауруды дәлiрек анықтау үшiн мұрын мен тамақтың алынған кiлегейдi бактериоскопиялау және бактериологиялық зерттеу жүргiзiледi. Себебi мұндай белгiлер қызамық, қызылша, стафилококты және басқа да инфекциялық ауруларда байқалады. Микроскопия нәтижесiнде Грам оң, тiзбектеліп орналасқан коктар анықталды. Диагнозды дәлелдеуге осы зерттеулердiң нәтижелерi жеткiлiктi ме?
Клиникаға, Грам оң “+” коктармен шақырылған сепсиске күмәндi ауру түстi. Бөлiнген коктың түрiн және туысын анықтау үшiн қандай зерттеулер жүргiзу керек? Зертханаға зерттеу мақсатында пневмониямен ауырған науқастың қақырығы алынған. Алынған материалды ақ тышқандарға құрсақ-iшiлiк жолмен жұқтырады. 10 сағаттан кейiн тышқандар өлген. Iшкi мүшелерiнен ланцетник тәрiздi, капсуламен қоршалған Грам “+” жұп орналасқан коктар бөлiнген. Қандай қоздырғыш бөлiнген? Қандай әдiспен капсуланы айқындауға болады?
Терапиялық бөлiмге И. деген науқас түстi, 40 жаста, шағымдары: қақырықты жөтел, көкiрек жасушасының ауруы, енгiзу, дене температурасы 40ºС-ға дейiн көтерiлген. Ауырғанына 2 күн болған, ауырғаның суықтағанмен байланыстырада. Т-39ºС, акроцианоз, тыныс алу жиiлiгi 1 минутта - 26 рет. Оң жақ өкпесiнде ылғалды сырыл естiледi, тахикардия, қан қысымы сәл төмендеген. Алдын ала қойылатын диагноз: оң жақты пневмония. Зертханаға зерттеуге түні бойы жиналған науқас қақырығы жiберiлген. Грам әдiсi бойынша боялған қақырық препаратың микроскоппен қарағанда капсуламен қапталған Грам “+” ланцетник тәрiздi диплокок анықталған.Алғашқы қойылған диагнозбен келісесіз бе?
Науқас қақырығы бiр мезгiлде қан сарысуы бар қан агарына және қант сорпасына егiлген. Қант агарында гемолиз аймағы жоқ колониялар өскен. Кейiн солардан және қант сорпасынан патогендi емес бактериялардың таза дақылы бөлiнген. Бактериалды зерттеудiң терiс нәтижесiнiң себебi неде? Пневмония (өкпе қоздырғыштары) дақылын бөлiп алған жағдайда, оларды қандай микробтардан және қандай тестермен ажыратуға болады?
Стафилококты аутовакцина анатоксин. Дик токсинi, преципитацияға қолданылатын сарысулар, құрғақ О-стрептолизин, антибиотиктер, емдеуге қолданылатын стафило- және стрептофаггтар қандай жағдайларда пайдаланасыз?.
Дезинфекциялық затпен өңделген ыдысқа антимикробтық терапия қабылдаған науқастың жарасынан, микрофлораны анықтау мақсатында 0,5 мл iрiң алынды. Iрiңдi алудағы тактикалық қателер қандай? Материалды алудағы қателiктер микробиологиялық зерттеулер нәтижесiне қалай әсер етедi?
1. Рессель ортасында глюкозаны қышқыл мен тұзға дейiн ферменттейтiн, күкiрт сутек түзетiнi байқалды. Мұндай ортада осындай қасиеттерге ие қандай микробты бiлесiз?
Жауабы: Агардың бағасында (глюкозының ферменттелу) ортасының түсi өзгерiп газдың көпiршiктерi байқалады. Қиғаш беткейде лактозының ашуы өзгередi. Орта күкiрт сутек түзгендiктен қараяды. Рессель ортасы мұндай түрге паратиф Б-ның сальмонеллалары өскенге ие.
Достарыңызбен бөлісу: |