Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы



бет116/171
Дата06.02.2022
өлшемі3,41 Mb.
#35658
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   171
Тексеру сұрақтары:
Шекспир өмір сүрген кезең. Алғашқы шығармалары.
Жаңғыру дәуіріндегі театрдың дамуы неге Шекспирдің есімімен тығыз байланысты?
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

14 Дәріс. Тақырыбы: Сервантес шығармашылығы


Қарастырылатын сұрақтар:
1 Мигелдің жас шағы, білім алуы. Әдебиет пен театрға құштарлығы.
2. «Дон Кихот» - серілер жөнінде жазылған роман.
Дәріс мақсаты: Сервантес шығармашылығы мен өмірі және суреткерлік тұлғасымен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
Мигель де Сервантес Сааведра 1547 жылы 9 октябрьде Мадрид қаласына жақын жердегі Алькала-де-Энарес деген бір шағын қалада дүниеге келеді. Оның әкесі дәрігерлікпен күн көрген, әбден кедейленіп біткен бір идальго еді. Мигелдің жас шағынан білім алуына кедейлік кесірін тигізеді.Сөйтсе де оның балалық шағынан әдебиет пен театрға құштарлығы мектепте алған мардымсыз білімін өздігінен дамытуға жетеледі. Ол тіпті кішкене кезінен-ақ ақын, драматург, жазушы болуды армандады. Мигельді Мадрид қаласында оқытқан, адамгершілігі мол ұстазы оның бұл дарының дами түсуіне барынша көмектеседі. Осы кезде жоқшылықтың ащы зардабы Сервантесті еріксіз қызмет іздеуге мәжбүр етті. Әйтсе де ол Испанияда қызметке орналаса алмады. Сондықтан 1569 жылы кардинал Аквавиваның нөкеріндегі жай қызметші болып Италияға, Римге кетеді. Адамгершілігін қорлаған бұл қызметке де көне алмай, папа, Испания королы Филипп 11 және Венеция республикасы түріктерге қарсы жариялаған соғыста соғысып жатқан армияға өз еркімен кіріп, 4 жыл соғысқа қатысады. Ол өзінің қахармандығы арқасында полкте жақсы атаққа ие болса, жалынды рухы мен жайдары мінезі үшін достары арасында да зор құрметке бөленеді. Мигель осы соғыста кеудесінен ауыр жараланып, соның салдарынан сол қолы істен шығады Ол кейінгі кезде «Оң қолымның даңқын асыру үшін сол қолымды құрбан еттім», - деп әзіл айтатын.
Соғыс басылған соң,1575 жылы Сервантес туған еліне қайтпақ болады. Испанияда, Римде және Неапольде болады. Итальян гуманистерінің маңдай алды шығармаларымен танысу арқылы көптеген әдеби жоспарлар құрумен,қайткенде де соны іске асыру ниетімен өз еліне, Мадридке қайтады. Жолда Сервантес отырған кемені маврдың теңіз қарақшылары қолына түсіріп,Алжирға алып кетеді.Сөйтіп, Сервантнс 5 жыл тұтқында жүреді. Өлімге басын байлап,қашуға қаншама рет әрекет жасаса да, ештеңе шықпайды. Ең ақырында 1580 жылы көп құн төлеп босанады да,Испанияға жетеді.Отаны оны көңілсіз қарсы алып, ерлігімен даңқы шыққан мүгедек жауынгерді көшеде қалдырады. Ал Мигельдің әке-шешесі де бұл кезде жартылай қайыршылықта өмір сүретін.
Осы кезде Сервантес әдебиетпен қатты шұғылданады.Бірақ шығармалары ескі әдеби үлгімен жазылғандықтан ылғи сәтсіздікке ұшырайды.Оның өзіне тән дарындылығы шарықтап өспейді,өлеңдері де елеусіз қалады.Ал «Галатея» 1585 атты қойшы өмірінен жазған романы да сәтсіздікке ұшырайды. 20-дан астам драма жазса да,олар сахнаға бір-ақ рет қойылудан ары бармайды.Сөйтіп,Сервантес қайыршылыққа тап болады.1587 жылы ол Мадридтен кетіп,астық және салық жинаушы болып істей жүріп, Испанияның шалғай түкпірінднгі шаруалар мен байлардың және дворяндардың салт-сана,әдет-ғұрпымен танысады.1597 жылы Сервантес қазынаның көп ақшасынан айрылып,сол үшін 1604 жылға дейін дүркін-дүркін түрмеге түсіп,бұрынғыдан жаман қайыршыланады.Сонда да қажымас қайратты Сервантестің рухы бір төмендейді.Ол осы жылдарда 1605 өзінің «Дон Кихотының» бірінші бөлімін жазып шығады.Бұл шығарма оқушы жұртшылыққа ұнайды. Сонымен бірге бұл еңбек дүние жүзі ұлттарының тіліне аударылып,кітап болып шыға бастайды.Сөйтіп,Сервантес данышпандығы бірден білініп, күллі оқушы жұртшылықты өзіне керемет баурап алады.Ол «Дон Кихоттың» екінші бөлімін жазудан басқа 1615,көптеген құнды новеллалар, «Парнасқа саяхат» 1614 деген сықақ поэма, оннан астам күлдіргі шығармалар жазып, ең соңында фантастикалы жаңа романын жазып жүргенде аяқтай алмай, 1616 жылы 23 апрельде Мадрид қаласында қайтыс болады.
1605 жылы Испанияда жұртшылықтың назарын бірден өзіне аударып алған бір кітап шықты.Бұл кітап сол кезде бүкіл ел құмартып оқыған серілер жөніндегі романдарға жазылған өткір әрі қызық сықақ еді.Бұл кітапты жазуда Сервнтес өз алдына «Қисынсыз серілік тарихтарды оқудан жұртшылықты бездіру» ісін міндет етіп қойды. Ол мақсатына автор жетті де «Дон Кихоттан» кейін серілер жөнінде жазылған романдар сәннен шығып қалды да оның орнына сол романдарға жазылған осы сықақ өмір сүріп қала берді.
Сервантес өзінің «Дон Кихотында» өмрір шындығымен санаса алмайтын адамның бейнесін шебер көрсетеді. Қайғылы бейненің серісі – ең жақсы ниетпен рухтанған адам. Ол жәбір – жапа шеккендерді және тепкіде жүргендерді қорғағысы келеді. Дүние жүзіндегі зорлық – зомбылықты, езушілікті жойғысы келеді. Бүкіл дүние жүзіне әділдік пен бостандық орнауын арман етеді.
Дон Кихот осы ұлы идеяны жүзеге асыру жолында асқан жан қиярлық, қаһармандық, ерлік көрсетеді. Ұлы ісі үшін өзін құрбан етуге әзір екендігі жағынан оны еріксіз құрметтейсіз.
Сервантестің «Дон Кихоты» қазақшаға аударылып, 1952 жылы жеке кітап болып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет