Әдістемелік нұсқаулық: Салыстырмалы кесте арқлы өз замандастарымен көркемдік деңгейін анықтау
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырып №12:Эразм Роттердамский: «Ақымақтыққа мадақ».
Мақсаты: Эпикалық ақынның шығармашылық шеберлігімен тілі, кейбір өзгешеліктер енгізілген гомерлік эпостарынан нәр алғанын талдау.
Семинарлық сабақтың мазмұны: 1. Өмірбаяны туралы мәлімет 2. «Ақымақтыққа мадақ» поэмасы. 3. Эразм пен Гомердің поэзиясының бір – біріне ұқсастығы және өзіндік ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқаулық:салыстырмалы кесте арқылы ақынның өзіндік тілдік ерекшелігін анықтау.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырып №13:Сервантес шығармашылығын студенттерге жан-жақты талдап, түсіндіру.
Мақсаты: Сервантес шығармашылығы
Семинарлық сабақтың мазмұны: Мигель де Сервантес Сааведра 1547 жылы 9 октябрьде Мадрид қаласына жақын жердегі Алькала-де-Энарес деген бір шағын қалада дүниеге келеді. Оның әкесі дәрігерлікпен күн көрген, әбден кедейленіп біткен бір идальго еді. Мигелдің жас шағынан білім алуына кедейлік кесірін тигізеді. Сөйтсе де оның балалық шағынан әдебиет пен театрға құштарлығы мектепте алған мардымсыз білімін өздігінен дамытуға жетеледі. Ол тіпті кішкене кезінен-ақ ақын, драматург, жазушы болуды армандады. Мигельді Мадрид қаласында оқытқан, адамгершілігі мол ұстазы оның бұл дарының дами түсуіне барынша көмектеседі. Осы кезде жоқшылықтың ащы зардабы Сервантесті еріксіз қызмет іздеуге мәжбүр етті. Әйтсе де ол Испанияда қызметке орналаса алмады.