ғ ы л ы м и
б а я н д а у д ы ң
өзін, яғни
ғ ы л ы м и ә д е б и е т т е р
с т и л і н
бүтін стиль ретінде емес, оның әр түрлеріне
байланысты бөлшектеп кетер едік, яғни медициналық,
физикалық,
химиялық,
биологиялық,
астрономиялық,
филологиялық жағынан тағы стильдер туған болар еді. Ал,
шындығында, тіпті медик өзінің ғылыми шығармаларын
химиктей жазбаса да, сол сияқты химик пен биологтың немесе
филологтың ғылыми шығармалары бір-бірімен тілдік, сөз саптау
жағынан дәл ұқсас болмаса да, мұнда жеке стильдер жоқ.
Қайткен күнде де бұл ғалымдар біркелкі ғылыми баяндау стилін
пайдаланады, өйткені ойды білдірудің формасы, тәсілі ортақ,
сондықтан
ғылыми
стильдің
өзі
ғылым
түрлерінің
ерекшеліктерінен тумайды, ғылыми баяндаудың ерекшелігімен
айқындалады. Мысалы, “медицина стилінің” айырмашылықтары
ең алдымен жеке ғылым ретінде медицинаның өзіндік
ерекшеліктеріне байланысты да, тек жанама түрде тілге
қатысты: жеке ғылым саласында жұмсалатын терминдер
жиынтығы өз алдына ерекше стиль құрай алмайды. Сонымен
бірге әрбір ғылым саласы қалыптасқан ғылым ретінде белгілі
қасиеттері арқылы ерекшеленетін ғылыми баяндау стилін
пайдаланады” деген пікір айтады [30, 72-73].
С.Исаевтың пайымдауынша, дәл осындай құбылысты
көркем шығармалар тілінен де, көркем баяндау стилінен де
байқауға болады. Роман, повесть, әңгіме, поэма, мысал, өлең,
эпос, баллада тілі жеке-жеке стиль бола алмайды. Әрине, көркем
әдебиеттің бұл жанрларының бір-бірінен өзіндік ерекшеліктері,
айырмашылықтары жоқ емес. Тіпті әр жазушының өзіндік тіл
ерекшеліктері, өзіндік сөз саптау мәнері бар. Бірақ әр
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
63
жазушының әрбір туындысы, кейбір өзіндік ерекшеліктеріне
қарамастан, жеке-жеке стиль құрай алмайды [31, 23].
Сонымен қатар белгілі бір стильде жазылған мәтінде басқа
стильдердің элементтері кездеседі. Демек, бір функционалдық
стильге тән тұлға-тәсілдердің екінші бір стильде қолданылып
отыруы мүмкін. Мұның өзі таза бір стильде жазуға
болмайтынын, қайтсе де онда басқа стиль элементтері болып
отыратынын көрсетеді. Орыс тілші ғалымдары В.В.Виноградов,
А.И.Ефимов, В.П.Мурат та белгілі бір сөздер мен сөйлемдер тек
қана бір стильге телініп қоймай, екінші бір стильде де
қолданыла береді. Жалпы стильдердің өзара шекарасы дәл
айқындалған нәрсе емес деп тұжырымдайды.
Ғылыми
әдебиет
тіліне
байланысты
жазылған
зерттеулердегі пікірлерге сүйенсек, ғылыми стильдің өзіндік
белгілері оның атқаратын қызметіне, тілдік единицаларды
қолдану
мүмкіншіліктеріне,
лексикалық
құрамына,
грамматикалық
құрылысына,
ғылыми
мәтінді
құру
ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады. Ғылыми стильдің
дараланып жетіле түсуі табиғат пен қоғамдағы әр алуан
құбылыстарды ғылыми негізде терең зерттеу мақсатымен тығыз
байланысты. Ғалымдар нақты бір ұғымдарды басшылыққа ала
отырып, олардың қыр-сырын, өзара байланыстарын тағы басқа
қасиеттерін ашу мақсатында өз пікірін, өз тұжырымын баяндап
қана қоймайды, сол жаңалығын жан-жақты дәлелдейді. Осы
мақсатпен олар әдеби тілдің қорынан өз ойының жүйелі, дәл
және логикаға сай баяндалуы үшін айрықша сөз қолданыстарын
таңдайды. Себебі пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін логика
заңына, яғни дұрыс ойлау заңына сүйену қажет. Ғылыми
әдебиет
қағидалары,
тұжырымдары,
әдетте,
зерттеу
жұмыстарында
тәжірибеде
бар
объективті
шындықты
уағыздайды. Сондықтан оның тілі жинақы, стилі “қатаң”,
сөздері, сөз тіркестері, сөйлем құрылыстары дәлме-дәл, тап-
тұйнақтай болуы тиіс. Ғылыми прозаның тірегі – логикалық
объективті байлам, бірізділік және дәлділік. Демек, ойдың тілде
көрініс
беруі
логикалық
жүйедегі
талдаулар
мен
қорытындыларға сүйенеді. Ғылыми еңбектің негізгі мақсаты –
әр түрлі ұғымдарды негізге ала отырып, өз нысанасын жан-
жақты зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы әр алуан
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
64
құбылыстар мен үрдістердің заңдылығын ашу болып табылады.
Ө.Айтбаев ғылым тілі айтылатын ойдың анықтылығын, дәлдігін,
дұрыстығын және кез келген ғалым түсінерліктей дәйектілігін
қалыптастыруы тиіс екендігін айта отырып, оны белгілі бір
ұғым, мәселе турасындағы логикалық жағынан тұжырымдалған
толық
Достарыңызбен бөлісу: |