Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет35/56
Дата01.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#156032
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


90 
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 
 
СТИЛИСТИКАЛЫҚ ҚАТЕЛЕР МЕН СТИЛЬДІК 
ҚОЛДАНЫСТАРҒА ЖӘНЕ СТИЛЬ ТҮРЛЕРІНЕ 
БАЙЛАНЫСТЫ ПЫСЫҚТАУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ 
 
 
1. Стилистикалық қателермен жұмыс 
Сұрақнама: 
1. «Стилистикалық қате» және «стилистикалық 
дәлсіздік» ұғымдарының мәнін түсіндіріңіз. 
2. «Стилистикалық қате» мен «стилистикалық қате 
емес» ұғымдарын ажыратыңыз. 
3. Стилистикалық қателердің логикалық, грамматикалық, 
лексикалық қателерден ерекшелігін анықтаңыз. 
4. Стилистикалық норма дегеніміз не? 
1-тапсырма:
Төмендегі берілген сөйлемдерді оқып шығып, қателерді 
тауып, 
фонетикалық, 
морфологиялық, 
синтаксистік 
стилистикалық талдау жасаңыз.
1. Бойына әлде немене бір қорқу пайда болған секілді, тұла 
бойы тітірегенсымақ қызуланып, қуанышты, қорқынышты
аттай тулап, аузына қарай тығылыңқыраған жүрегі сөйлесе 
дірілдеп кетейін деп, суынып, ісініп, қымтырлып, қысылып, бір 
жоғары, бір төмен қарап, қайта-қайта ұмсынып, ешбір нәрсе 
айта алмай шыға беруші еді (С.Торайғыров «Қамар сұлу»). 
2. Той біткен соң түні жасырын кеңеске үзеңгілес 
серіктерін, өзіне бағынышты ру басшыларын шақырды. Оларға 
Кіші жүздің жеріне көшудің керектілігін айтты (І.Есенберлин 
«Қаһар»). 
3. ...Бұл жақ, Қостанай елінің әдетіндей, келген кісіге 
көрпе салуды білмейді. Қай үйге барсаң да сәкі. Сәкінің үстіне 
ескі-ұсқы алаша, киіз төсей салады. Малдас құрып отырсаң, 
тақтай тобығыңа батып, әрі-беріден соң тыпыршып көлбеуге 
айналасы. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


91 
...Қартаң тартқан қара торы әйел, көне дастарханды 
үстелдің үстіне төсеп жатып, Қали отағасына көзінің 
қиығымен қарап алды: 
Намаз оқитын болсаң, оқысайшы, шай пісті, – деді 
ақырын ғана... (Б.Майлин «Қалекеңнің үйінде»). 
4. Беркімбайдың әкесінің нағашысы – жаппас Есімбек 
дейтін болды. Өзі бай еді, жаппастың алды деуге боларлық. 
Беркімбайға арқа сүйеп, Есімбек сол «өгіз сойған» ең шұрайлы 
жеріне қонушы еді. Өзі де жомарт, қонақпаз еді. Елге 
жағымды болып тұрды. Мал мен басы бірдей, тілегін берген бір 
адам: ортан қолдай төрт ұлы болды – шетінен қасқыр. Сол 
төрт ұлдың ортасында бұлаңдап өскен Шұға дейтін қызы 
болды. Шұға десе Шұға, Шұға, өй, шіркіннің өзі де келбетті 
еді-ақ... ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы үріп ауызға 
салғандай еді. Ажары қандай болса ақылы да сондай. Жеңілдік 
деген не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі 
қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде ондай қыз қайда. 
Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайтынын да 
білмей білмейсің, ешкіге құсап шошаңдап бір соқтығып 
жүргені. Заман бұзылған ғой...иә... (Б.Майлин «Шұғаның 
белгісі»). 
5. Артынан есіттік, Есімбектің бермеудегі мәнісі, өзі жас 
кезінде Қали дейтін құрдасымен серт байласқан болса керек. 
«Бірімізде ұл, бірімізде қыз туса, екеуміз құда болайық» деп 
(Б.Майлин «Шұғаның белгісі»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет