Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет40/56
Дата01.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#156032
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

4-тапсырма:
Төмендегі берілген сөйлемдерден сөз тіркестерін тауып, 
олардың стильдік қолданысына талдаулар жасаңыз. 
1. Әңгіме қара шелектен басталады. Айшаның атасының 
басындай сақтап жүрген қара шелегі ғой. Үшінші жыл болып 
барады, Айша шелексіз қалып, шелек сұраймын деп абысын-
ажынға жексұрын көрініп, ақырында Бірмағамбетті бүріп, 
Кәстенкенің дүкенінен алдырған шелек еді... 
...Бұл не деген сұмдық? Қатын-баласынан безген адам бола 
ма екен? – деп бірер күннен бері Айша үздіксіз ойлаумен жүр. 
Күл шығарса да, от жақса да, жалғыз ала сиырды қақпалап 
суатқа апарып суғарса да есідерті Бірмағамбет болады да 
жүреді... (Б. Майлин «Қара шелек»). 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


97 
2. Қатынға шай қойдырып, жамаулы кеседен ыстық 
шайды ұрттай отырып, хатымды жазуға кірістім. 
Толқынай бәйбіше қарғап жатыр деп бала-шаға шулап 
жүр. Қарғыс жақсы нәрсе емес, «жүйелі қарғыс жүйесін 
табар, жүйесіз қарғыс иесін табар» деген үлкендердің нақылы 
бар. Толқынайдың қарғысы қандай қарғыс, бала-шағалардың 
көбі білмей аптығып жүруі де мүмкін-ау... Қайдан білсін, онда 
дүние екінші түрде еді. Онда бұл күнгі бала-шағаларадың көбі 
туған да жоқ еді... 
...Көктемнің кезі еді. Түс әлетінде жылқыдан келіп, су 
болған киімдерімді жайып кептіріп жатыр едім. Байдың үйіне 
орысша киінген бір жас жігіт келіп түсе қалды. 
Орысша киінген адам шақырған соң әдепкі кезде сескеніп 
те кеттім. Былтыр Ермағанбеттің дауына өтірік куә болам 
деп бір жеті отырып шыққаным да бар еді. Кемпірім естіп, о 
да үрпиіп тұр екен. 
Бұл бұрнағы
 
жыл еді. Содан былай менде аздап өзгеріс 
бола бастаған секіденеді. «Еншілес!» деген сөз көз алдымнан 
елестеп кетпейтін болды.
...Қыс еді, сақылдаған аяз. Жер үйіміз отынсыздықтан 
жүдеп, іші қырауланып кетті. Оның үстіне қартайған сайын 
өзімді ыңқыл-сыңқыл айналдыратын болды. Суық ұстаса 
ауырамда қалам. Ойқой, жастық-ай, өтіп кеттің-ау. Күн 
құлақтанып шаңдатқан аяздарда, арқадан тер бұрқырап 
жылқыға талай тебін ашып беріп едім. Онда ауру дегенді кім 
білген... 
Көрші ауылда мектеп бар еді, сондағы комсомолдар 
малайларға болысады-мыс деген хабарды есіткен соң
 
бір күні 
салып ұрып соған бардым сүйесін деген мұғалімі бар екен. Жас 
баланың оңдысына соны көрдім. «Атакелеп» іші-бауырынан 
өтті. Мұнымды бастан-аяқ айтқызып отырып жазып алды.
– Сіз жүре беріңіз, сотқа да берем. Кәзетке де берем, – деп 
өз үстіне алды. Бірер айдан кейін мен туралы кәзет шықты деп 
естідім, біріқ сот жағынан әлі билік алған емеспін. Неше рет 
шақырса да Тоқберлі бір барған емес. Мен қысқы аязға қарамай 
салпақтап дуанға үшрет бардым. Әй ауылнай-ай, оңбассың-ау, 
әкең Тыржық байға құйыршық болам даеп жүріп өліп еді, сен де 
соның жлың қудың. Сап-сау отырған Тоқберліні ауру деп қағаз 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


98 
қайтарып, менің жүйкеді құртады да қояды...
(Б.Майлин 
«Шапайдың хаты»). 
3. ...Оған биыл тап 18 жыл екен. Зырқырап бара жатқан 
заман. «Жасты көргеніңде, қартайғаның есіңе түседі» деп 
шалдар айтқандай, шашы жалбырап күні кеше күл шашып 
ойнап жүрген Ұлбосын, бой жетті... 
...Өзгере өзгере ауыл танылмастық болып кетті. Бұрын 
«Шортанбай» ауылы атанушы еді. Аудан келгеннен берә ол ат 
өзгеріп: «Көк тал» атанды...
(Б. Майлин «Ұлбосын»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет