Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы


ӨЗІНДІК БАҚЫЛАУ ҮШІН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет53/56
Дата01.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#156032
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

ӨЗІНДІК БАҚЫЛАУ ҮШІН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
 
І нұсқа 
 
1. «Стиль» термині қай тілден енген? 
А) орыс тілінен 
В) ағылшын тілінен
C) неміс тілінен 
D) грек тілінен 
E) латын тілінен 
2. «Стиль» сөзі қазақшаға аударғанда нені білдіреді? 
А) жазу құралы 
В) оқу құралы 
C) оқи алу 
D) жаза білу 
E) оқи-жаза білетін 
3. Стиль дегеніміз не? 
А) Тіл білімінің бір саласы 
В) Стиль туралы ғылым 
С) Тілдік тәсілдер жүйесі 
D) Әдеби тілдің нормасы 
Е) Қатынас құралы 
4.Стильдің қандай түрлері бар? 
А) Ауызша түрі 
В) Жазбаша тілі 
С) Сөйлеу стилі және жазба стильдер 
D) Кітаби стильдер 
Е) Жазушы стилі 
5. Зерттеушілер функционалдық стильдердің қандай түрлерін 
көрсетеді? 
А) Көркем әдебиет стилі (тілі) 
В) Ғылыми әдебиет стилі 
С) Публицистикалық стиль 
D) Ресми іс қағаздар стилі 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


117 
Е) Аталғандардың бәрі 
6. Тіл стилистикасын зерттеушілер нешеге бөледі? 
А) фонетикалық стилистика
В) лексика-фразеологиялық стилистика 
C) морфологиялық стилистика 
D) синтаксистік стилистика 
E) жоғарыда аталғандар
7. «Қозғалыстағы тіл» деп нені айтады? 
А) статистиканы 
В) стилистиканы
C) синтаксисті 
D) лингвистиканы 
E) жалпы сөйлеу тілін 
8. Лингвистикалық стилистиканың негізгі екі бағыты: 
А) тіл деңгейлері стилистикасы және функционалдық 
стилистика 
В) тілден тыс жатқан стилистикалық ресурстар
C) тілдік құралдардың белгілі бір мәтін ішіндегі жұмсалу 
ерекшеліктері 
D) жалпы стилистика және қазақ тілінің стилистикасы 
E) салыстырмалы стилистика және салғастырмалы стилистика 
9. Тіл деңгейлері стилистикасы дегеніміз не? 
А) мәтін ішіндегі байланыстар 
В) мәтіннен тыс жатқан тілдік құралдар
C) мәтін мен мәнмәтін арақатынасы 
D) мәтін мен тілдің арақатынасы 
E) тіл мен стиль арақатынасы 
10. Функционалдық стилистика нені зерттейді? 
А) мәтіннің құрылымын 
В) мәтіннің мазмұнын
C) мәтінаралық байланыстарды
D) тілдік құралдардың мәтін ішіндегі қолданылу заңдылықтарын 
E) тілдік құралдардың мәтіннен тыс қолданысын
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


118 
11. Жалпы стилистика нені қарастырады? 
А) жалпы тіл біліміне қатысты мәселелелрді 
В) жеке тіл білімі мәселелерін 
C) тілдің жалпы теориясын 
D) тілдің жеке теориясын 
E) тіл атауларына ортақ стилистикалық мәселелерді 
12. Салыстырмалы стилистика: 
А) туыс тілдердің стилистикалық және стильдік құбылыстарын 
салыстыра зерттейді 
В) туыс емес тілдердің стилистикалық және стильдік 
құбылыстарын салыстыра зерттейді 
C) тілдің синхрондық тұрғыдан зерттелуі 
D) тілдің диахрондық тұрғыдан зерттелуі
E) тілдерді салыстыра зерттейді 
13. Салғастырмалы стилистика: 
А) туыс емес тілдердегі стилистикалық мәселелерді 
В) туыс тілдердегі стилистикалық мәселелерді
C) тілдердегі жалпы стилистикалық мәселелерді 
D) тілдердегі жеке стилистикалық мәселелерді 
E) тілдерді салғастыра зерттейді 
14. Дара немесе индивидуалдық стилистика: 
А) қазақ тілінің стилистикасын зерттейді 
В) қазақ және орыс тілдеріндегі стильдік қолданыстарды 
зерттейді 
C) қазақ және ағылшын тілдерінің стилистикасын зерттейді 
D) жеке автордың, шығарманың немесе жанрдың стилистикасын 
зерттейді 
E) жеке тілдердің стилистикасын зерттейді 
15. Теориялық стилистика: 
А) тілдік құралдардың мәтін ішіндегі қолданылу заңдылықтарын 
зерттейді 
В) тілдік құралдардың мәтіннен тыс қолданысын
C) қолданыс тілін айтушының стилистикасы 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


119 
D) тыңдарманның стилистикасы 
E) тілдік құралдардың қолданылу заңдылықтарын ғылыми 
тұрғыдан түсіндіреді 
16. Практикалық стилистика: 
А) қолданыс тілін жазушының стилистикасы 
В) қабылдаушының стилистикасы 
C) автордың стилистикасы 
D) оқырманның стилистикасы 
E) тілдік құралдардың қолданылу заңдылықтарын іс жүзіне 
асырады 
17. Автордың стилистикасы: 
А) қолданыс тілін айтушының не жазушының стилистикасы 
В) практикалық стилистика
C) теориялық стилистика 
D) тарихи стилистика 
E) қолданбалы стилистика 
18. Қабылдаушының стилистикасы: 
А) тыңдарманның не оқырманның стилистикасы 
В) теориялық стилистика
C) практикалық стилистика 
D) қазіргі стилистика 
E) қолданыс стилистикасы 
19. Функционалдық стилистиканы зерттеушілер қалай жіктейді? 
А) стильдер жүйесі бойынша 
В) мәтіннің мазмұнына қарай
C) мәтіннің мақсатына қарай 
D) мәтіннің құрылымы бойынша 
E) стильдік құралдар ерекшелігіне қарай 
20. Тіл деңгейлері стилистикасы қалай жіктеледі? 
А) тілдің қолданысына қарай 
В) тіл деңгейлерінің ретімен
C) тілдің қозғалысына қарай 
D) тіл ресурстарының санына қарай 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


120 
E) тілдік құралдардың қолданысы бойынша 
21. Синхрондық стилистика нені зерттейді? 
А) тіл тарихының материалдарын қолданады 
В) бір тіл мен екінші тілдің арақатынасын
C) тілдің стилистикалық мүмкіндіктерін 
D) тілдің қазіргі фактілерін стилистикалық тұрғыдан
E) тілдегі нормалардың өзгерісін 
22. Диахрондық стилистика нені зерттейді? 
А) тілдердің даму тарихын 
В) тілдердің қазіргі жағдайын
C) стилистикалық құбылыстарды зерттеу үшін тіл тарихының 
материалын қолданады 
D) түрлі тілдердегі стилистикалық құбылыстарды зерттеу үшін 
оларды салыстырады 
E)
түрлі тілдердегі стилистикалық құбылыстарды зерттеу үшін 
оларды салғастырады 
23. Тіл біліміндегі «клише», «штамп», «стандарт», «шаблон» 
сияқты стереотипті бірліктер көбіне қай стильде кездеседі? 
A) көркем әдебиет стилі 
B) ресми-іскери стиль 
C) ауызекі сөйлеу стилі 
D) публицистикалық стиль 
E) ғылыми стиль 
24. 
Жоғарыда айтқанымыздай, мақала басында, ойымызды 
жалғастырайық 
сияқты тілдік бірліктер қай стильге тән? 
A) ғылыми стиль 
B) публицистикалық стиль 
C) ауызекі сөйлеу стилі 
D) ресми стиль 
E) көркем әдебиет стилі 
25. Тілдік құралдардың мәтін ішінде жұмсалу заңдылықтарын 
қарастыратын стилистика 
А) тіл ресурстары стилистикасы 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


121 
В) функциональдық стилистика 
C) фонетикалық стилистика 
D) морфологиялық стилистика 
E) синтаксистік стилистика 
26. 
Стилистиканың 
басқа 
тіл 
деңгейлерінен 
басты 
айырмашылығы бұл – 
А) мәнерлілік, сөздерді қолданудағы нақтылық пен дәлдік 
В) дұрыс жазудан қарағанда дұрыс сөйлеуге үйретеді 
C) ойды тұрақты сөз тіркестер арқылы жеткізу 
D) сөйлемнің құрылысына басты мән береді 
E) сөзжасамдық тәсілдерге көп көңіл бөледі 
27. Сөздерге қосымша мағына, бояу берушілік 
А) семантикалық мағына 
В) тура мағына 
C) стилистикалық коннотация 
D) фразеологиялық мағына 
E) грамматикалық мағына 
28. Белгілі бір функциональдық стильдің даралығын, басқа 
стильдерден өзгешелігін сипаттайтын қасиет
А) стильдік белгі 
В) стильдік реңк 
C) стильдік бояу 
D) авторлық стиль 
E) стилистикалық құрылым 
29. Қарым-қатынас аясындағы қолданыс тілінің мақсатына, 
міндетіне және мазмұнына сай, тарихи жағынан қалыптасқан 
тілдік мүмкіндіктердің жүзеге асу қағидаты 
А) орфографиялық норма 
В) фонетикалық норма 
C) морфологиялық норма 
D) стилистикалық норма 
E) дәстүрлі принцип 
30. Семантикалық-стилистикалық әдіс дегеніміз не? 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


122 
А) белгілі бір стильге экстралингвистикалық фактордың әсері 
В) стилистикалық құбылыстарды тарихи тұрғыдан қарастыру 
C) функционалдық стильдер арасындағы айырмашылықтарды 
айқындау 
D) стильдердің өзара әрекеті 
E) мағынаның нәзік реңктерінің берілу проблемалары, 
стилистиканың мағынаны қарастыруы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет