Ж. И. Намазбаева Бас редактордың орынбасары



бет78/198
Дата29.08.2023
өлшемі4,65 Mb.
#179993
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   198
Байланысты:
2019 4(61)

Сурет 1. Психологиялық технологиялар


1. Ойын – оқытудың белсенді тәсілдерінің ішінде тұлғаның қызығушылығын арттыратын техно-логиялардың бірі. Луначарский А.В. «ойын – белгілі дәрежеде барлық адамзат мәдениетінің негізі болып саналады» деп түсіндірді. Ойын, оқу, еңбек адамның негізгі іс-әрекеті. Ойын – тұлғаның дүние танымдық, білімділік мәні бар, білім жарысындағы ойындар шығармашылық әрекеттерді керек етеді. Ойын әрекет-терінің негізгі принциптері: оқу мазмұны мен мақсатының сай келуі, ойын әрекетінің әртүрлілігі, тұлға-ның тәуелсіздігі, ойын кезіндегі белсенділігі, қарым-қатынастың дамуы, өзара әсерінің жағымдылығы.
Сондықтан, болашақ өзін-өзі кемелдендірген, жетістікке жеткен, ұлы тұлғаны қалыптастыру ана құсағынан басаталатынын ескеру керек. Біз жоғарыда атап айтып өткен психологиялық саулықтың құрамдас бөлігі ретінде ойын технологиясын атап айта аламыз [7].
2. Психодиагностика – адамның психикалық дамуының дигнозын зерттейді. «Диагноз» термині грек тілінен (diagnosis) аударғанда «тану» дегенді білдіреді. Диагностика бір нәрсені тану, білу дегенмен түсінді-ріледі (Мысалы: техникалық құралдардың жұмысқа жарамдылығын білу). Осы өлшемнің көмегімен жеке адамның сапалы стимулға деген реакциясы, дағдысы, икемділігі және мотивациясы анықталады.
Қазіргі таңда ғылымға акмеологиялық диагностика термині енгізілуде. Акмеологиялық диагностика жағымды өзгерістердің мақсат етілген нәтижеге дейінгі үдерісін бақылуы тиіс. Акмеологиялық диагоностика нысанына тұлғалық-кәсіби дамудың мәнді мінездемесі жатады [8].
Психоконсультация – психолог жұмысының маңызды бағыты. Өтінішпен келген адамдардың сұрақтарын шешуге жәрдемдеседі. Дұрыс кеңес беру, жол көрсету. Консультацияда пісіп-жетілетін проблемаға кеңес беру қолға алынады. Психологтың кәсіби тәжірибелі іс-әрекетінің бір формасы, маман үшінде, тыңдаушылар үшін де ең қауіпсіз жұмыс болып табылады. Қазірде тұлғаның өзін-өзі басқаруы, бақылауы сияқты т.б. проблемалар кеңінен кездеседі.
Психолог маманның негізгі мақсатының бірі – психологиялық кеңес беру жұмыстарын жүргізу. Кез-келген нормадан ауытқыған тұлғаға тек қана психолог көмектесе алады. Психологиялық кеңес беру жұмыс-тарын жүргізу арқылы психологиялық саулығы нашар тұлғаның өмірге көзқарасын өзгертуге болады.
3. Тренингтер жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу тәсілдерін, жаңа білім мен дағдыны меңгеру, интуи-цияны, креативтілікті, ойлауды және қарым-қатынасты дамыту негіздерін меңгеруге интенсивті жағдай жасайды. Ғылыми еңбектерде «Тренинг – жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік, өзара қатынас саласында компоненттілікті жетілдіруге бағытталған жаттығулар жүйесі» деген анықтама беріледі.
Тренинг сөзі (ағылшын тілінен train – тәрбиелеу, оқыту, үйрету, машықтандыру) – бұл жұмыс нәтижесіне және қажетті машықты дамытуға қол жеткізуге бағытталған, машықтану және қандай да бір саладағы жүйелі тапсырмаларды, әрекеттерді немесе ойындарды орындай білу.
Мамандардың жоғары кәсіпқойлылығы мен шығармашылық шеберлігі - жаһандық дағдарыстық мәселенің оңтайлы шешімінің факторы болып табылатын маңызды адами ресурстардың бірі.
Психологиялық тұрғыда жетілген студент маман, белгілі бір әлеуметтік рөлді атқаратын тұлға ретін-де білімділігі, біліктілігі, дағдысы, құзыреттілігі, қабілеті, ерік-күші, эмоциялық орнықтылығы арқылы сипатталады. Психологиялық жетілген тұлғаның кез келген іс-әрекетті, қарым-қатынасты жетілдіруі мен сол арқылы оның өзін дамыту бірлігінен болатын әлеуеті мүмкіндіктер ретінде анықталады. Тұлға – үйлесімді дамыған, өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі басқаруға қабілетті болуы қажет.
Студент – дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Студенттің жетілуін, дамуын сондай-ақ қоғамда алатын орны туралы көптеген ғалымдар зерттеген. Солардың қатарында Лазурский А.Ф., Мясищев В.Н., Ковалев А.Г., Мерлин В.С., Платонов К.К., Леонтьев А.Н., Божович Л.И., Рубинштейн С.Л., Узнадзе Д.Н., Ядов В.А. және Ананьев Б.Г. т.б. көптеген ғалымдар тұлға туралы анықтамалар мен тұжырымдамаларын ұсынған. Сондай-ақ, отандық ғалымдар: Т.Тәжібаев, А.Алдамұратов, Қ.Жарықбаев, С.Жақыпов, Н.Тоқсанбаева және т.б. еңбектерінде тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктері жан-жақты қарастырылған.
Қорыта келе, студенттің өзінің оң қасиеттерін жетілдіру және теріс қасиеттерін жоюы саналы және мақсатты іс-әрекеттері – өзін-өзі тәрбиелеу, тану, белсендіру, өз сенімділігін арттыру, өзін-өзі бағалау, бұйыру, дамыту, бақылау және өзіндік санасын қалыптастыруы тұлғаның жетілуіне үлкен әсерін тигізеді. Тұлғаның дамуы, жетілуінің шарықтау кезеңін акмеология ғылымы зерттейді.
Студенттің шығармашылық әлеуетінің шыңына қол жеткізудің заңдылықтарын, жолдарын, тәсіл-дерін, шарттарын және есею кезеңінде іс-әрекет барысында оның өзін-өзі жетілдіруінің амалдарын зерттейтін ғылым ретінде акмеологияны атауға болады. Өйткені, тұлға дамуының барлық заңдылықтарын акмеология ғылымы зерттейді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасыныңпрезиденті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. /Егемен Қазақстан: жариял. 27. 01.2012.
2 Намазбаева Ж.И. Психология. Оқулық. – Алматы, 2005. – Б. 6.
3.Сматова К.Б., Макашкулова Г.Б., Исакова Л.Қ. Тұлғаның акмеологиялық білімінің қалыптасуында психологиялық денсаулықтың алатын орны //Қазақстандағы психология: өткені, бүгіні, болашағы: Халықаралық ғылыми-практ. конф. – Алматы, – 2013. – 2том. – Б. 180-181.
4. Момынова С.Н., Жеткербаева А. Қоғамдағы педагог-психолог қызметінің мәні //Жантану ілімдері. – 2013. – №5.
5. Аубакирова Ж.К. Студенттердің тұлғалық дамуының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері // Қайнар университетінің хабаршысы. – №3. – 2011. – 320 б.
6. Трофимова Г.С. Структура педагогической коммуникативной компетентности: 2-е изд., испр. и доп. Ижевск: Купол,2000. 90 с.
7. Деркач А.А. Акмеология. /Учебник под общ. Ред. – М.: РАГС, 2002.
8. Конюхов Н.И. Акмеология и тестология. – Москва, 1994. – 166 б.
МРНТИ 15.71.21


Қ.Т. Бименов1, Н.Қ. Тоқсанбаева 2, Н.С. Жубаназарова 3, А.Т. Абдрахманова 4


1SILKWAY Халықаралық университеті
Шымкент қ., Қазақстан
2 ,3 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет