Key words: entrepreneurship, entrepreneurial culture, cognitive, emotional, motivational-volitional (intention) and the operational side of the personality.
Білім алушы студенттердің кәсіпкерлік мәдениетінің дамуы кәсіпкерлік университиеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Оны шешудің қажеттілігі білім беруге қатысты сырттай, әлеуметтік-экономикалық факторларға да, сондай-ақ білім берудің сұраныстарына да қатысты.
Экономикалық қатынас тек жеке тұлғаға ғана емес, бүкіл қоғамға байланысты болатын әрбір адам-ның өмірінің ажырағысыз бөлігі болып табылады. Бұл жағдай бізге тұлғаның экономикалық мәдениетін, оның ішінде кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастырудың қажеттілігін көрсетеді [1].
«Кәсіпкерлік мәдениет» ұғымының анықтамасын айқындау үшін алдымен бұл феноменді құраушы элементтердің мәндік қырлары мен сипаттарын анықтауымыз керек.
Л.Н. Коган, В.П. Кузовлев, т.б. ғалымдар адамдар мен әлеуметтік топтардың мәдениетті өркениет құндылықтары ретінде игеруінің мынадай сипаттарын анықтады: 1) қоғамнан тыс өмір сүре алмайды; 2) адамдар қызметінің барлық салаларын қамтиды; 3) бұл – өз заңдылықтарымен қарқынды дамитын құрылым; 4) қоғамның тарихи дамуы процесінде пайда болатын құндылықтар жиынтығы; 5) халықтар-дың, ұрпақтардың арасын байланыстырушы элемент болып табылады; 6) тек қызмет қана емес, сондай-ақ адамдар қызметін ұйымдастыру мен дамытудың тәсілі де болып табылады. Осыдан келіп, мәдениетке адамдардың қауымдастыққа араласуының негізгі шарты және процесі болатын индивидумдар қызметінің ажырағысыз саласы болып табылатын күрделі жүйе ретінде анықтама беруге болады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік феномені мен оның қалыптасу тәжірибесін экономикалық дамыған елдердегі кәсіпкерліктің теориясы мен практикасының дамуын ескере отырып қарастыру қажеттігін айтуымыз керек [2-3].
«Кәсіпкерлік» терминінің сонау римдік құқықта қарастырылғандығына қарамастан, осы кезге дейін кәсіпкерліктің қандай да бір көпшілік мойындалған теориясы жоқ. Кәсіпкерлік феноменіне алғаш рет жаңа заман тарихын сипаттаған ағылшын Р.Кантильон (1680–1734) назар аударды. Ол жер иеленушілер қатарына адамдардың жаңа тобы – өздерінің қорқыныштары мен тәуекелдеріне қарамастан, пайда табу мақсатында нарықтық айырбастауға тырысушы кәсіпкерлердің пайда болғанын атап өтті [4].
Бұл феноменді өз еңбектерінде басқа да ғалымдар қарастырған болатын:
Кәсіпкерлік өндірістік факторларды әрекеттеуші ретінде, Ж.Б. Сэй;
«Факторлар комбинациясы» мен «алмастыру принципі» ұғымдарын бірімен бірін ауыстыру; кәсіпкерліктің жаңа ендіріулермен байланысы; жаңашыл кәсіпкер – революционер емес, экономиканың жалпы эволюциясының қажетті шарты, ол – экономикалық процестерді жеделдетуші, А.Маршалл;
Жаңашыл кәсіпкердің қызметіне талдау жасау; кәсіпкер өндірістің бұрынғы формаларын батыл-дықпен бұзып, қоғам өмірін ұйымдастырушы жауынгер белсенді тұлға ретінде, экономикадағы революционер, әлеуметтік және саяси төңкерістердің бастаушысы, ұдайы «жасампаз қиратуларды» жүзеге асырушы, Й.А. Шумпетер;
Кәсіпкерлік белсенділік тепе-теңдікке қарай қозғалыс факторы ретінде, Ф.Хайек;
Нарықтық сұраныстар мен ұсыныстардың тепе-теңдік жағдайының уақыт жағынан ұзаққа созылмауы, Питер Ф.Драккер;
Кәсіпке икемділік кәсіпкердің жетекші сипаты ретінде, шығармашылық еркіндігі, меншіктік сезім кәсіпкердің тоталитарлық мемлекеттегі мекеме жетекшісінен даусыз артықшылығы ретінде, Г.К. Гинс;
Адам капиталының теориясы, Г.Беккер и Т.Шульц;
Фирмаішілік кәсіпкерлік, Г.Пиншо [5-6].
Жаңашыл кәсіпкердің қызметінің тәуекелдермен және бастаған істің табысты боларының айқындал-мауымен байланысты екендігі сөзсіз. Сондықтан осындай күрделі және жан-жақты міндеттерді шешу кәсіпкерлікпен айналысушы адамның жеке қабілеттеріне мейлінше қатаң талаптар қоятындығына күмән болмаса керек. Бұл жерде білім де, білік те, қабілет пен мінез де маңызды. Кәсіпкерлік еңбектің айқын ерекшелігі бұрынғы жұмыс формасын жаңғыртушы еңбек, яғни «жұмысты жаңғыртушы еңбек» болып табылады. Кәсіпкердің қызметінің нәтижесі тек материалдық өндіріс саласындағы материалдық мазмұнды, еңбек формалары мен тәсілдерін өзгерту ғана емес, сондай-ақ сауда, қамсыздандыру қызметі, банк ісі, сауықтамалық индустрия, білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары – қызметтің кез келген саласындағы өзгертулер болып табылады.
Тұлғалық даму тұрғысынан талданатын мәдениет дегеніміз – адам дамуының өлшемі, тұлғаның өркениет құндылықтарын игеру деңгейі екені мәлім. Мұнда мәдениет тек бүкіл адамзат қауымдастығы барысындағы меңгерілетін құндылықтар мен олардың көлемін ғана емес, адамның осы құндылықтарды жинақтау тәсілін де сипаттайды. Мәдениет адамдарды қалыптастырады, дамытады және сонымен бір мезетте олардың әлеуметтік белсенді, кәсіби жетілген және мақсаткер болып шығуларына көмектеседі.
Мәдениет өзіне адамның ойлау стилі мен мінез-құлқын жинақтайды, өйткені ол қоғамдық өмірдің бар-лық жақтарын, адамдар қызметінің кез келген түрлерін қамтиды. Ол тек адам білімінің кеңдігі мен терең-дігін – білімділікті ғана емес, сонымен қатар оның тәрбиелігін, зиялылығын – өз ойын нақты жеткізе білу, мұқият тыңдау, дұрыс кері әрекет ету, өзін жағдайға қарай дұрыс ұстай білуді де сипаттайды. Әрине, кәсіп-керлік мәдениет экономикалық мәдениет деген кең ұғымның құрамдас бөлігі болып табылады. Кәсіпкерлік мәдениет – кәсіпкерлер мүшесі болып табылатын әлеуметтік топтың экономикалық мәдениеті.
Кәсіпкерлік мәдениет тұлғаның түрлі қырларымен байланысты: когнитивті, эмоционалды, мотива-циялық-еріктік (ықыластылық), әрекеттілік. Мұндай көзқарасты жақтаушы ғалымдар В.Б. Орлов, О.Г. Мизерова, т.б. ондағы мынадай мазмұнды ашып көрсетеді [7].
Кәсіпкерліктің когнитивтік жағы ойдың, жадының, елестетудің дамуымен, білім меңгерумен, яғни адам ойының дамуымен, оның ойшылдық қабілетімен байланысты. Оның көрінісі оқу процесінде меңгер-ген білімдер, өздігінен білім алу, қарым-қатынастар болып табылады. Шетелдік психологияда алдыңғы орынды алатын когнитивті психология бойынша (өкілдері – Д.П. Озбел, Дж. Брунер), тиімді оқу тек бұрынғы меңгерілген білім-біліктерге қатысты жаңа материалдар қолда бар когнитивті құрылымға ендірілгенде ғана мүмкін болады. Осылайша, кәсіпкерліктің когнитивтік қыры өз мазмұнына білімді ғана емес, сонымен қатар тек ойшылдық сипаттағы ғана емес біліктер мен дағдыларды да қамтиды.
Кәсіпкерліктің эмоционалдық жағы, бәрінен бұрын, сыртқы ықпалдар мен ішкі қиналыстарға деген әсерлерден көрінеді. Маңызды ықпалдар эмоцианалдықпен көрінеді, эмоциялы қиналыстар тудырады, бұл тұлғалық құрылымға қасыбір білімдерді, біліктер мен фактілерді жинақтайды. Тұлғаның эмоционал-дық жағы сезімді тәрбиелеуді, эмоцияларды реттеуді қажет етеді, демек, ашығын айтқанда, адам – аффек-тілі, сезімтал, эмоционалды жан иесі.
Кәсіпкерліктің мотивациялық-еріктік (ықыластылық) жағы тұлғаның барлық жақтарына, әсіресе әрекеттілік саласына тікелей қатысты болады. Еріктік әрекетсіз ойластырылған, мақсатты қызмет те бол-майды [4]. Тұлғаның мотивациялық-еріктік (ықыластылық) жағы сананың затқа бағыттылығын (тал-пынысын) көрсетеді. Оның үстіне, онда қажеттіліктер, мотивтер, көзқарастар, құндылықтар, нормалар, ережелер, қатынастар, мақсаттар, мінез-құлық пен қызметтер моделі болады. Мұндай алғышарттар мақсат бар жерде жағдай жасалатын тұлғаның мақсатқа бағыттылығына немесе, басқаша айтқанда, еріктік күш-жігерге байланысты болады.
Тұлғаның әрекеттілік қыры интеллектуалдық және заттық-тәжірибелік біліктер мен дағдылардың қалыптасуына, алынған ақпараттардың шындығын тексеруге, оқуды – өзіндік оқуға, тәрбиені – өзіндік тәрбиеге айналдыруға, таңдалған өзін жүзеге асыру саласындағы практикалық қызметке байланысты болады. Қызметтен тыс тұлғаның дамуы болмайды. Кәсіпкерліктің бұл қыры мінез-құлықтан, қарым-қатынас пен қызметтен көрінеді.
Осылайша, біз тұлғаның кәсіпкерлік мәдениетінің эмоционалдық, когнитивтік, мотивациялық-ерік (ықыластылық) және әрекеттілік жақтарын (қырларын) атап көрсетеміз.
Психолог А.Н. Леонтьевтің «Қызмет. Сана. Тұлға» теориясына сүйенсек, тұлғаның білімі оның образдарының мазмұнын өзгертетінін, мотивациялық-ерік жағын байытатынын, сөйтіп қызметтің мазмұны мен сипатына ықпал ететінін білеміз [8]. Бұдан шығатын қорытынды, тұлғаның қызмет мәдениеті тұлғаның барлық салаларын қамтуы керек: эмоционалдық, когнитивтік, мотивациялық-ерік (ықыластылық) және әрекеттілік.
Егер мәдениетті психологиялық-педагогикалық ракурста қарастырсақ (бұл аспектіні жалпы мәдениетке қатысты Б.Г. Ананьев, С.Л. Рубинштейн т.б. қарастырғанын еске саламыз), яғни тұлға құрылымы мен оның қалыптасуы контексінде қарастырып, бұл ракурсты «кәсіпкерлік» ұғымымен кіріктірсек, онда біз төмендегідей анықтаманы аламыз: ел дамуының нарықтық жағдайындағы кәсіп-керлік қызметті жүзеге асыруға дайындығы мен қабілеттілігін көрсететін болашақ маманның кәсіпкерлік мәдениеті эмоционалдық, когнитивтік, мотивациялық-еріктік және әрекеттілік жақтарының интеграция-сын көрсетеді, атап айтқанда: а) тиісті эмоциялар мен сезімдер; б) контекстік білімдер (экономика-лық, құқықтық, этикалық, коммуникативтік, басқарушылық, экологиялық), біліктер мен дағдылар; в) көзқарастар, құндылықтар, нормалар, ережелер, қарым-қатынастар, мақсаттар, мінез-құлық пен қызмет модельдері; г) қызметтер, мінез-құлық пен қарым-қатынастар.
Аталған әрбір компонентті қарастыралық. Күрделі құрылым ретінде кәсіпкерлік мәдениет түрлі салада түрліше көрінеді. Эмоционалдық салада ол инновациялық сипаттағы толқулардан, кәсіпкерлік қызметке деген қызығушылықтан, кәсіпкерлік құмарлықтан, тәуекелдерге бейімділіктен, кәсіпкерлік сипаттағы жаңғыртушылық қызметке құштарлықтан, өзгенің меншігіне деген құрметтен, бизнестің бейізгі саласын қабылдамаудан, кәсіпкерлік ортаға жататындығына деген мақтаныштан көрінеді.
Эмоционалдық сала студенттердің арнайы пәндерді де, гуманитарлық сипаттағы пәндерді де оқу процесінде, сондай-ақ тәжірибелік шаралар процесінде, кәсіпкерлермен кездесулерде т.б. дамиды.
Кәсіпкерлік мәдениеттің когнитивтік саласы контекстік білімдерді (экономикалық, құқықтық, этикалық, коммуникативтік, басқарушылық, экологиялық) , сондай-ақ бизнес жобаларды жасау мен дамыту біліктері мен дағдыларын, іскерлік келіссөздерді жүргізуді, келісім-шарт жасасуды, команда құруды қамтиды. Бұл сала оқу процесінде білімдермен толығады және, әсіресе практикалық қызмет-тегі біліктермен және дағдылармен байиды.
Кәсіпкерлік мәдениеттің мотивациялық-еріктік жағы құндылықтарды, қарым-қатынастарды, мақсаттарды, ережелерді, нормаларды, мінез-құлық, қызмет және қарым-қатынас модельдерін қамти-ды. Ол талап-тілектердің жаңғыру жолымен, жаңа мен ескінің интеграциясымен, нәтижесінде сана-ның ішкі жұмысының нәтижесінен синергетикалық эффектілер тууымен толығып отырады.
Әрекеттілік сала кәсіпкерлік қызметке белсенді, саналы түрде, мүдделілікпен қатысуды, тиісті коммуникациялар мен мінез-құлықтың болуын білдіреді. Оның қалыптасуындағы маңызды фактор – кәсіпкерлік сипаттағы тәжірибелік қызмет.
Сонымен, біздер кәсіпкерлік мәдениеттің қажетті және жеткілікті компоненттерін анықтадық: 1) қажетті эмоциялар мен сезімдер; 2) контекстік білімдер (экономикалық, құқықтық, этикалық, комму-никативтік, басқарушылық, экологиялық), біліктер мен дағдылар; 3) көзқарастар, құндылықтар, нормалар, ережелер, қарым-қатынастар, мақсаттар, мінез-құлық пен қызмет модельдері; 4) қызмет-тер, мінез-құлық пен қарым-қатынастар. Тұлғаның барлық қырлары өзара тығыз байланысты болған-дықтан, оның графикалық бейнесін төмендегіше көрсетуге болады және бұл «кәсіпкерлік мәдениет» ұғымын таныта алады.
Достарыңызбен бөлісу: |