Ж. Ж. Шайекенов 2010ж


Бағалау іс-шарасына арналған тапсырма



бет5/30
Дата05.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#12033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Бағалау іс-шарасына арналған тапсырма:
1 бағалау іс-шарасы



Тақырыптың атауы

Тақырыптың мазмұны

Бақылау түрі

1

Ресми құжаттардың кейбір стильдік ерекшеліктері

Іс қағаздары туралы түсінік кейбір стильдік ерекшеліктер

Жазбаша

2

Құжаттаманы басқару(хат хабарды өңдеу)

Құжаттау хат-хабарды өңдеу

Бақылау жұмысы.

3

Істі есепке алу және сақтау тәртібі




Жазбаша

4

Қызметтік хаттардың түрлері

Ақпараттық хат, баяндау хат, сұраныс хат т.б.

Практикалық жұмыс.

2 бағалау іс-шарасы

5

Комерциялық хаттардың түрлері .

Комерциялық мазмұнды хаттар туралы.

Бақылау жұмысы

6

Анықтамалық түрлері ерекшеліктері

Анықтаманың түрлері, ерекшеліктері түсінік

Практикалық жұмыс

7

Сенімхат

Сенімхат түрлері , жазылу ерекшеліктері

Бақылау жұмысы, практикалық жұмыс

8

Өтініш

Өтініштің жазылуы , түрлері туралы

Практикалық жұмыс

3 бағалау іс-шарасы

9

Хабарлама, түйіндеме

Хабарлама туралы , түйіндеме жазуға қойылатын талаптар

Практикалық жұмыс

10

Еңбек шарты

Еңбек шарты туралы, жазылу ерекшелігі.

Бақылау жұмысы.Практикалық жұмыс

11

Мінездеменің түрлері

Мінездеменің жазылу, түрлері.

Практикалық жұмыс

12

Өмірбаян

Өмірбаянның жазылуы.

Бақылау жұмысы


Студенттің білімін бағалау жүйесі

әріптік жүйе бойынша баға

балл

%-тік көрсеткіш

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

94,5-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-55

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

2. Теориялық материал
Бақылау сұрақтары:

  1. Пәнді оқудың міндеті мен маңызы

  2. Құжаттарды топтастыру

  3. Құжаттарды толтыру ережелері

  4. Деректемелер мен формуляр үлгілері

  5. Мәтін,оның құрылымы

  6. Деректеме, мекен жай, бекіту грифі, олардың құрылымы

  7. Комерциялық құпия мазмұндағы құжаттар

  8. Іс жүргізу туралы мәліметтер

  9. Құрылтай құжаттары

  10. Ұйымдық нысандарды іздестіру

  11. Ұйымдық – құқықтық нысандар

  12. Фирма жарғысы , деректемелері

  13. Құрылтай шарты , оның бөлімдері

  14. Ұйымдық құжаттар, мәні, мақсаты

  15. Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер

  16. Лауазымдық нұсқаулар.

  17. Штат кестесі.

  18. Жеке құрам бойынша ереже

  19. Бұйрық-жарлық құжаттары

  20. Бұйрықтар,жарлықтар, нұсқаулар

  21. Қаулылар, шешіидер, хаттамалар

  22. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар

  23. Қызметтік хаттар, жеделхаттар

  24. Баяндау хаттар, түсініктеме, анықтама, акт

  25. Еңбек қатынастарын құжаттау, ресімдеу

  26. Өтініш, келісім, түйік түрлері

  27. Жеке құрам бойынша бұйрықтар

  28. Мінездеме, өмірбаян, еңбек кітапшасы

  29. Комерциялық хат алмасу

  30. Хат алмасу мәдениеті, жанры

  31. Комерциялық хаттың құрылымы, жазылу стилі

  32. Құжаттауда компьютерді пайдалану

  33. Жеке құжаттар

  34. Арыз, сенімхат, қолхат

  35. Іс қағаздарының орысша- қазақша сөздігі

  36. Римдік сандардың жазылу тәртібі

  37. Іс номенклатурасы


Практикалық (семинарлық, студиялық) және ОЖСӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
1– тарау. Құрылтай құжаттары
Жоспар:
1. Ұйымдық нысандарын іздестіру
а) Фирма құру
б) Кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандары
в) Шаруашылықтың түрлері
д) Заңды тұлғаның мақсаты және жүйесі
2. Фирма жарғысы.
а) Құрылтай құжаттарының формуляр – үлгісі
б) Жаупкешілігі шектеулі серіктестіктер үшін тіркеу
құжаттарының толық пакеті
с) Жарғының деректемелері
3. Құрылтай шарты
а) Құрылтай шарты
б) Құжаттың деректемелері
в) Құрылтай шарттың мәтіні
1.
а) Фирма құру оның ұйымдық нысанын таңдап алды қажет етеді.
Кәсіпкерлік іспен айналысу соның шеңберінде өтеді. Бұл таңда
мынадай объективті жағдайлармен белгіленеді: қызмет аясымен,
кәсіпорын түрінің оңтайлы не қолайсыз болуымен, сондай-ақ
құрылтайшылардың талғамына да байланысты болады. Дұрыс таңдау
жасау үшін таңдап алуды білу керек.
б) Кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандары еліміздің азаматтық
заңдармен, соның ішінде, 1994 жылдың 27 желтоқсанда қабылданған
ҚР-ның Азаматтық Кодексімен белгіленген. Бүгінгі таңда бұдан басқа:

  • 1995 ж. 17 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығы;

  • 1995 ж. 2 мамырындағы ҚР Президентінің «Шарушылық серіктестіктер туралы» Жарлығы;

  • 1995 ж. 19 маусымындағыҚР Президентінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығы және т.б. заң актілері басшылыққа алынды. Кәсіпкерліктің құқықтық және ұйымдық-шаруашылық нысандары осы актілерде белгіленген.

в) Қатусышылардың санына қарай шаруашылықтың екі түрі
ерекшелінеді:меншікті жеке-дара иеленуге негізделген жекелік
және ұжымдық; мұнда меншікке ұжымдық басшылық жасалады
және мүлікке ұжым ие болады. Осымен байланысты
кәсіпкерлікпен айналасушы азаматтар заңды тұлға болып
құрылуы да, құрылмауы да мүмкін.
Азаматық Кодекстің 19-бабының 2-тармағында қарастырыл-
ғандай, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу
сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде есеке алынады.
Ол сатып алған патет негізінде әрекет жасайды. Бұл тіркеліп,
кәсіп жасауға рұқсат алғанның куәлігі болып табылады.
д) Азаматтық кодекстің 33-бабына сәйкес, дербес балансы
(банкте есеп шоты), өз атауы жазылған мөрі, дербес мүлкі бар
ұйым заңды тұлға болып табылады. Заңды тұлғаның мақсаты
табыс табу болуы мүмкін, онда ол коммерциялық ұйым деп
аталады. Коммерциялық емес ұйымдар алдына басқа мақсаттар
қояды.
Заңды тұлғалардың жүйесін мынадай кестемен көрсетуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет