Ж. Ж. Шайекенов ж



бет5/6
Дата19.12.2016
өлшемі1,33 Mb.
#4109
1   2   3   4   5   6

Поэтикалық фигуралар.

Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де әжептәуір қажет тәсіл – айшықтау, яғни фигура (латынша келбет, бейне) – сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшық пен құру. Мұндағы мақсат біреу-ақ - сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру, сөйтіп, олардың оқырманға әсерін күшейту.

Айшықтаудың (фигураның) түрлері көп, біз солардың бірнешеуін ғана мысал ретінде ұсынамыз.

Мыс, солардың бірі арану – адамның, яғни ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қату, олармен іштей кеңесуі. Арнауды А.Байтұрсынов жарлай арнау, сұрай, зарлай арнау. Кейін бұл үлгіге айналды.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз ауызыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың…

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

Өзімдікі Дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың…

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын.

(Абай)
Бұл жарлай арнаудың үлгісі: ақын жеке адамға емес, жалпы жұртқа қайырыла сөйлеп, жеке адаммен оңаша емес, жалпы жұртпен жария кеңескен.

- Шырағым-ау, шашың неге ағарды?

Әлде біреу кемітті ме бағаңды?

Сенің қара тұлымыңды сипаған,

Сарғайдың ба ойлап мендей ағаңды?

- Тентегім-ау, мұртың неге қыраулы

Көрдің бе әлде көп бейнетті, сынауды?...

(Қ.Бекхожин).


Бұлар – сұрай арнаудың үлгілері: ақын немесе ақын жырға қосып отырған адам өз ойын өзгеге арнап сан-сапа сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді.
Орай да борай қар жауса, Қаптай соққан боранда

Қалыңға боран борар ма? Қаптама киген тоңар мА?

Туырлығы жоқ тұл үйге Ту түбіне тұлпар жығылса,

Ту байласаң тұрар ма? Шаппаған нәмәрт оңар ма?

Бұлар да – аранаудың үлгілері; бірақ мұндағы өзгешелік – арнауда қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді, өйткені олар ешқандай жауапсыз-ақ түсінікті, аранаудың өн бойында өзінен-өзі анықталып жатыр. Сұрай арнаудың мұндай түрлерін шешендік, яки риторикалық (грекше ділмар) – айшық деп атайды.

Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы.

Жылқысын көптігінен баға алмайды.

Өлгені Төлегеннің рас болса,

Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?!
Жібектің зары, зарлай арнаудың үлгісі.

Фигураның (айшықтаудың) бір түрі – қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу. Жай қайталау, еспе қайталау үлгілері


Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!

Ел қорыған мен едім.

Мен де айрылдым елімнен.

Көл қорыған сен едің,

Сен де айрылдың көліңнен.

(Махамбет)


Бұл еспе қайталаудың үлгісі. Мұндайда ой мен сыр шынында да бір түрлі есіле тйдектеп, еселеніп кледі де, алдыңғы ұғымның аяғы соңғы ұғымның басына қайталана көшіп, өлеңге әсем әуез, әдемі әсер дарытқандай болады.
Ұйқыдан соң-

Жапырақпын

Жаңбыр шайып жаңарған.

Ұйқыдан соң-

Құспын

Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған.



(С.Мәуленов)

Бұл - әдепкі қайталаудың, яғни анафораның (грекше биікке шығару) үлгісі. Мұнда өлеңнің әр жолы немес әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады.


Күншілдер өледі Сұлулар өледі

Көңілін от қарып: Құшақта тұншығып.

Батырлар өледі: Арғымақ өледі

Борышын атқарып. Артында шаң қалып:

Бұзықтар өледі Ақындар өледі:

Пышаққа құлшынып: Бәріне таң қалып!

Бұл – кезекті қайталаудың , яғни эпифораның (соңынан алып жүру) үлгісі. Мұнда өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әрбір ой ағымының аяқ жағындағы бір сөз бірнеше мәрте қайталанып отырады.

Фигураның бір түрі – шендестіру, яки антитеза (грекше қарама-қарсылық) – бір-біріне керреағар құбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды, түр-түсі әр бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылысттың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-кейпін анықтау, аңғару, елестету.

Мысал үшін «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүністің Қартқожаққа:

Қара жерге қар жауар

Қарды көр де, етім көр.

Қар үстіне қан Тамар

Қанды көр де, бетім көр,-

деп тақапақтап айтқан жұртқа мәлім жауабын немес Абайдың «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» деп басталатын әйгілі өлеңіндегі түлкі мен бүркіттің арпалысын суреттеп:

Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы,

Адам үшін батысып қызыл қанға.

Қар – аппақ, бүрікт – қара, түлкі – қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға,-

деп жазған жақсы жолдары шендестірудің үлгісі.


Фигураның бір түрі – дамыту, градация (латынша бірден-бірге күшейте беру) – алдыңғы сөзбен соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсі. Мыс, «Қобыланды батыр» жырындағы Бурылдың шабысы.

Шырағым, Бурыл шу! – деді.

Құбылып бурыл гуледі.

Табаны жерге тиемді.

Тау менен тасты өрледі.

Төрт аяқты сермеді.

Құлақтың түбі терледі.

Тер шыққан соң өрледі

Адырды көзі көрмеді,

Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі…

Градациялық мұншалық қызық әсерлі өлеңдегі секілді прозалық шығармаларға да өзгеше рең береді. М.Әуезов өз эпопеясында дамытудың дәл осы қасиетін біліп қолданған:
Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән, сан салалы жырлар көшіріліп жатталып, әуендеп толқып, тарап жаты. Алуан сырлы жаңа сөз Арқаның қоңыр желіндей жай жылжып, бірақ кең жайылып тарады. Бұл атырап, бұл сахара бұрын естімеген сарын есті. Ғасырлар бойы жұмбақтай үнсіз сұрақпен мелшиіп, мүлгіп тұрған далаға жел қанатымен жырдай жауап есті: Игі желдей… Жыл жетерін білдіретін көктем желіндей есті… Ақшоқыда туған өлең мен ән жатталып, көшіріліп, әуендеп толқып Ералыға жетті. Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән жатталып, әуенге қосылып, кең атырапқа тарап жаты. Даланың қоңыр желіндей, жай соққан самалындай лүпіп-толқып, тобықты жайлауларын түгел шарпыпөтті. Сырттағы Крейге, ойдағы Уаққа, Арқадағы қаркесекке, Қуандыққа да кетті. Аягөз, Тарбағатай, Алтай, Наймандарына да жетіп жаты. («Абай жолы»).
Проф. Е.Ысмайлов градацияны 2 түрге бөледі. 1. Түйдектеу,2. Баяулату.

Түйдектету.



Адам ол – қайғырымпаз, қуанымпаз,

Жиіркенімпаз, сүйенімпаз, уанымпаз.

Дариядай шалқымпаз, шаттанымпаз.

Керкетімпаз, тасымпаз, суалымпаз.

(С.Мұқанов)

Баяулату:

Әм жабықтым, әм жалықтым,

Сүйеу болар қай жігіт,

Көңілден кеткен соң тынным?

Әм сүйіндім, әм түңілдім,

Үнемі неткен үміт,

Өткен соң бар жақсы жылым?

(Лермонтов - Абай)

Кейде бұл екеуі қатар жүреді.

Фигураның бір түрі – сөз орнын ауыстыру, яғни инверсия (латынша орын өзгерту, төңкеру) – прозалық, әсіресе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматиклық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.

Мыс: Сен құрметте оны!



Түсіндің бе, қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,

Қолтықтағы ұзын таяғын.

(Ә.Сәрсенбаев)

Осы өлеңді әдеттегі заңды тіркестер тәртібімен құрсақ, былай болар еді: Ол аяғын тізіден кесіп, ақшаға сатқанжоқ; қолтықтағы ұзын таяғын еріккеннен де ұстап жүрген жоқ, түсіндің бе, қарағым? Сен оны құрметте! Ал ақын осы тіркесті инверсия айшығына салған.

Фигураның бір түрі – сөз тастап кету, яки эллипсис (грекше – түсіріп тастау, аттап айту) – сөйлем ішінде немесе өлең шумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету.

Ақ көбігің… ақ жүзің Сол майдандар… қатты айқас

Айнам еді бір қарар Есіңде ме, ер Айдар?

Өткізген түнім… күндізім… Өшкен құрбан… аққан жас…

Тербентер мені, ой салар. Өтті жылдар… көп айлар…

(Ж.Сайн)

Эллипсис кейде эвфемизмнің орына да қолданыла береді: кейбір былапыт сөздерді бүкпелей жұмсартып жатпай-ақ, тастап кетсе де түсінуге болады: Мыс:



- Шап, әкеңнің… - дедім мен оған ақырып («Мөлдір махаббат»).

Фигураның тағы бір түрі – егіздеу, яки параллелизм (грекше қатар жүру, қатынасу) – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. Мұның түрлері көп.



Көк ала бұлт сөгіліп

Күн жауады кей шақта

Өне бойың егіліп,

Жас ағады аулақта.

Жауған күнмен жаңғырып,

Жер көгеріп, күш алар.

Аққан жасқа қаңғырып,

Бас ауырып, іш жанар.

(Абай)

Бұл – адамның көңіл-күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра енгіздеудің, яки психологиялық параллелизмнің классикалық үлгісі.


Қыңыр болды не керк, - болайн деп болды ма?

Бір үн болды керемт, - болайн деп болды ма?

Бұл синтаксистік параллелизмнің бір үлгісі. Егіздеудің бұндай түрлері де ақынның тілі мен стиліне айтарлықтай ажар береді, өрнек төгеді, нәтижесінде өлеңге кәдімгідей кенеулі күй, сүйкімді әуез бітіреді.


5 дәріс сабақ. Тақырыбы: Өлең құрылысы.

        1. Поэзия мен көркем қара сөз. Өлең сөздің өзіндік өлшем ырғағы.

        2. Өлең жүйелері.

        3. Өлең құрылысын талдау жолдары. Шумақ пен тармақ, бунақ және өлшем.

        4. Ұйқас және оның шумақта атқаратын ролі. Қазақ өлеңіндгі ұйқас түрлері.

Поэзия мен көркем қара сөз. Өлең сөздің өзіндік өлшем ырғағы.

Әдеби шығарма атаулының бәрі екі жүйеде – не көркем қара сөз (проза) түрінде, не өлең (поэзия) түрінде жазылады. Яғни, проза (латынша – тікелей, тура айтылған сөз); поэзия (грекше – творчество, шығармашылық).

Өлең – еркін сөйлейтін жай сөздер тіркесі емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі, Абайша айтсақ, сөз патшасы, сөз сарасы. Өлеңдегі әр сөз адамның Жан жүйесімен, көңіл күйімен, сезім толқындарымен өзекті байланыста; ұйқас пен ырғақ та, шумақ пен бунақ та – бәрі де осыдан туған. Өлеңдегі әрбір тыныс, үн, үзіліс адам жанын тебірентпей қоймайды. Өлеңнің әр ырғағы мен бунағында көл-көсір сыр ұялап, сезім шалқып жатады. Өйткені өлеңдегі әрбір «дыбыс мәні сөз мәнін әрі толықтырады, әрі ауыстырады» (Лермонтов). Нағыз ақынның құдірет-күші сондай, ол өзі жазған өлеңдегі «бір ғана образдан, бір ғана сөзбен, қаласа, тіпті бір ғана дыбыспен… өмірді өзгеше құбылыс қалпында, қозғалысүстінде әркімнің көз алдына әкеле алады» (Некрасов). Бұл ретте, өлең – адам жанын уыздай ұйытып алатын асыл, айшықты сөздердің типтік түрі тұрлаулы түзілісі.

Сөз сарасы, яғни өлең туралы ғылым бар: орыс өлеңі туралы ойлар, М.Смотрицкий мен В.Тредиаковский, В.Жирмунский, Б.Томашевскийге дейін ұласса, қазақ өлеңі туралы пікірлер кшегі Ш.Уалихановтан басталады.

Ырғақ деген не? Ырғақ, яки ритм (грекше – шамалас, мөлшерлес, Сайма-сай) – қимылдың, құбылыстың, үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы. Поэзиядағы сөз Бен дыбысты үндестікке әкелетін күш – ырғақ. В.Маяковскийдің: «Өлеңдегі негізгі күш, негізгі қуат - ырғақ»,- деуіде сондықтан болса керек.

Қысқасы, ырғақ - өмірде де, өнерде де көп нәрсенің кілті; өлеңде сөз Бен дыбыс үндестігінің арқауы. Өлеңнің әр сөзі – ырғақты сөз.

Өлеңнің түрін белгілейтін де, негізінен, ырғақ. Сырт көзге поэзиялық шығарманың сырт пішінінің өзі прозалық шығармадан өзгеше, бөлек: кесте-кесте, тақта-тақта…әр кесте, яки әр тақта – шумақ, әр шумақтың әр жолы – тармақ, әр тармақтағы дауыс толқынының соқпа-соқпасы – бунақ… Әрине, мұның бәрі шартты нәрсе. Шумақтардың жік-жігін ажыратуға әбден болады. Өйткені әр шумақ – аяқталған синтаксистік ой, жинақталған синтетикалық шындық. Ал шумақ бар жерде тармақ, тармақ бар жерде бунақ болатыны сөзсіз. Әр бунақты біз тағы да тек ырғақ тарқылы ғана ажырата аламыз.

Қазіргі қазақ өлеңіндегі шумақ пен тармақ түрлері өте көп. Екі тармақ, үш тармақ, төрт тармақ, бес тармақ, алты тармақ, жеті тармақ, сегіз тармақ. т.б.

Бір бунақты тармақ:

/Сап-сары бел/

/Еседі жел/

/Еседі/


/Еседі жел/

/Көшеді ел/

/Көшеді/

(Мағжан)
Екі бунақты, Үш бунақты, төрт бунақты тармақ т.б.

Поэзиядағы ырғақтың жасалу жолы да қызық және әр алуан: кей өлеңнің ырғағы әннен туса, қайсыбірі буынға немесе екпінге негізделеді. Бұл сырды дәлірек түсіну үшін, жалпы дүниежүзілік әдебиеттегі өлең жүйелерін бір шолып өтпей болмайды.

2.Өлең жүйелері. Бүкіл әлем әдебиетіндегі өлеңдер әр халықтың тіл ерекшеліктеріне лайық әр түрлі жүйеде жазылады. Ең көне түрі – метрикалық (грекше - өлшем) өлең жүйесі. Бұл жүйе тұңғыш реет көне грецияда – біздің эрадан бұрынғы ҮІІ ғасырда пайда болған да, кейін (б.э.б. ІІІ ғасырда) латын әдебиетіне ауысқан.

Грек, латын тілдеріндегі дауысты дыбыстардың айтылуында екі түрлі (созымды, созымсыз), яғни мақам бар. Көне үнді тілі мен қазіргі араб тіліндегі дауысты дыбыстар да сондай. Грек пен латын, араб пен парсы әдебиетіндегі өлең жүйесі бұл тілдердегі дәл осы ерекшеліктерден туған.

Метрикалық жүйе - әуезді жүйе, оның арқауында ән жатады.

Силлабикалық өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе – буын :ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де буынға негізделеді.

Квалитативті (сапалы) топтың силлаьикадан басқа басты жүйелерінің бірі – орыс поэзиясындағы Тредиаковский рефомасынан (ХҮІІІ) кейін ресми ат алып, Айдар таққан тоникалық (грекше - екпін), яки акцентті (латынша - екпін) өлең. Бұл өлеңнің өлшемі – екпін: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де екпінге негізделеді. Егер силлабикалық өлеңде буын атаулының бәрі есепке алынатын болса, тоникалық өлеңде екпін түсетін буындар есепке алынады да, екпін түспейтін буындар есептелмейді.

Сапалы (квалиативті) топтың силлабика мен тоникадан бөлек, сөйте тұра екеуімен де ұқсас негізгі жүйелерінің бірі – силлабо-тоникалық өлең. Бұл өлеңнің өлшемі - әрі буын, әрі екпін: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де буын мен екпінге бірдей негізделеді. Мұнда буын мен екпін бірдей есепке алынады.

Қазақ өлеңі – силлабикалық, яғни буынға негізделген өлең екенін аңғардық. Олай болса буын мәселесі – қазақ өлеңінің құрылысын байыптаудағы басты мәселе.

Силлабикалық өлең атаулының бәріндегі, оның ішінде қазақ өлеңіндегі, поэзиялық қасиеттің көптен-көбі буында жатыр. Өлеңдегі өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес.

Қазақ поэзиясының бүкіл дамуының кезең-кезеңдерінде қалыптасып, уақыт сынынан сіңген буын түрлерінің кейбіреулеріне қысқаша тоқтап өтейік.

1. Он бір буынды өлең. Бұл – қазақ өлеңінің қашаннан келе жатқан көне түрі. Ауыз әдебиетінің әсем үлгілерінен осы күнгі жазба поэзиямыздың ең соңғы туындыларына дейін он бірр буынмен жазылмаған өлең жоқ.


/ Туған елім/ / күн сүйген/ / Қазақстан/

/ Түлегіңмен/ / төріңді/ / қалап ұшқан/

/Сырлы қобыз/ / жүрегім/ / күй толғайтын/

/ Саған арнап/ /соғыпты/ / қазақ ұстаң/

(М.Айтхожина)
Он буынды өлең, тоғыз буынды, сегіз буынды, жеті буынды, алты буынды,бес буынды, аралас буынды өлең түрлері кезігеді.


        1. Ұйқас және оның шумақта атқаратын ролі. Қазақ өлеңіндгі ұйқас түрлері.

Өлеңді өлең ететін ырғақпен қатар ұйқас екені белгіді; ал ұйқас, яки рифма (грекше өлшемдес, мөлшерлес) - өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас - өлеңнің сыртқы түріне ғана емес, ішкі сырына тікелей қатысты нәрсе, яғни өлеңнің сыртқы сұлулығы үшін ғана емес, ішкі жылуы, қызуы үшін де ауадай қажет нәрсе.

Поэтикалық синтаксистегі айшықтың (фигураның) мәні қандай болса, өлең сөздегі ұйқастың мәні де сондай. Ұйқастың маңызы әсіресе силлабикалық өлең үшін орасан зор.

Поэтикалық үндестік фонетикалық жағынан әр түрлі жолмен жасалады. Ұйқас та соған байланысты.

Академик Қ.Жұмалиев: «Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі өте көп, бірақ ең негізгі және көп қолданылатыны мыналар: 1) қара өлең ұйқасы, 2) шұбыртпалы ұйқас, 3) ерікті ұйқас, 4) кезекті ұйқас, 5) шалыс ұйқас, 6) егіз ұйқас, 7) аралас ұйқас, 8) осы күнгі ерікті ұйқастар»,- деп атап көрсетеді: Енді соған мысал үлгілерін ұсынамыз.



.№ 6 дәріс.

1. Әдеби процесс. Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы. Әдеби процесс әрбір тарихи кезеңде әлеуметтік, идеалогиялық және эстетикалық тұрғыдан жазылған әр алуан сападағы кесек образдар мен қарапайым бейнелер кескінделген қарадүрсін шығармалардан – көпшілікке арналған әдебиеттерге дейін өз бойна үздіксіз сіңіріп отырады. Мұның қатарына олардың жиі жарық көретін жарияланымдар мен басылымдары, әдеби сын, естеліктер, әдеби эписториялық жанрларда жазылған оқырмандардың үн қатысуы да жатады.

Әдеби процесс термині ХХ ғасырдың 20-30 жж. Пайда болып, 60 жылдары кеңінен қолданыла бастады.

Әдеби процесс әдебиет тарихын тарихи-әдеби тұрғыдан қарастыру барысында маңызды проблеманың бірінен саналады. Егер –м3рбаянды0 методты4 жа0таушылары классикалық және романтикалық эстетиканың ізінше бірөңкей кемеңгерлердің туындылары мен үздік үлгілеріне ғана ден қоятын болса, онда ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы ғылыми әдебиеттану әдебиетті зерттеу ісіндегі әсіре талғампаздықтан бой тарта отырып, жазушы туындыларының көркемдік деңгейіне, идеологиялық бағыт-бағдарына қарамастан, мұны зерттеу пәні ретінде қарастырады.

Әдеби процесс – адамзаттың эстетикалық, рухани құндылықтарының толғауының тарихы. Әдеби процесс жеке тұлғалар өзінің әкелген айырықша көркемдік ашылымдарымен, өзіне дейінгі құндылықтармен қайшылыққа түсе отырып, әдеби процестің құрамында кезеңдік, жалғастырушы өзгертуші қызмет атқарады. Алайда, техниканың даму заңдылықтарындағыдай әдебиет пен өнерде жаңа көркемдік ашылымдар өзіне дейінгі бар көркемдік құндылықтарды жою арқылы дамымайды. Қайта ондағы қайсыбір элементтер келесі дәуір мен кезеңдердегі көркемдік ашылымдарға әр беріп, үндесіп отырады. (Мыс, М.Әуезовтың «Абай жолы» фольклор, этнография дәстүрлері, Ш.Айтматов шығармашылғындағы «мифтік» бастаулар).

Әдеби процесс – эстетика мен әдебиеттанудың, өнердің, теориясы мен тарихының, сондай-ақ поэтикасының ортақ көркемдік категориясы. Ғаламда бәрі өзгереді, қозғалысқа түседі. Әдеби процесс – көркемдік дүниенің қозғалысы мен дамуын зерттейтін методолгиялық әдіс.

Көркем әдебиеттің бірде өрлеп, бірде тоқыраған көптеген ғасырлық тарихы бар. Әдебиет дамуы тарихында өрлеу мен тоқыраудың алма-кезек ауысып келіп отыруының сыры түрлі қоғамдық дәуірдегі әрқилы жағдайларға байланысты. Мысалы, хандық дәуір – жыраулар поэзиясы, Абылай – Бұхар қоғамы мен Абай, т.с.с. Демек, тарихи дамудың түрлі кезеңдеріндегі қоғамдық таным аясының ұлғаюы әдебиетке өз ізін, сәулесін түсіреді.

Әдеби дамудағы сабақтастық дегенде, ескеретін жәйттар бар. Мәселен, әдебиеттегі идеялардың, көркем бейне-типтер мен бейнелеу құралдарының сабақтастығына қатысты сөз қозғағанда олардың өзіндік ерекшеліктерін айыра білу қажет. Нақтылай айтқанда, идея сабақтастығын көзқарастары жағынан біріне-бірі жақын қаламгерлерден байқасақ, бейнелеу құралдарының сабақтастығын түрлі идеялық бағыттағы қаламгерлерден де аңғаруға болады. Оның сыры әдеби суреттеу құралдары мен тәсілдерінің дамуындағы ішкі заңдылықтарға байланысты. Себебі – көркемдік құрал-тәсілдер (мысалы, тіл) түрлі идеялық мақсаттарға бірдей қызмет ете береді.

Идея сабақтастығы әлеуметтік күштердің дамуындағы жалғастық көрінісі болып табылады. Бұл дегеніміз жаңа дәуірде бұрынғы ой-идеялардың қаз-қалпында қайталануы емес, жаңа жағдайға байланысты жаңа түр иеленіп, бұрынғы идеяны тереңдете, толықтыра түсу екені түсінікті.

Идея сабақтастығы үздіксіз жалғасатын болса, әдеби типтер сабақтастығы кей тұстарда үзіліп қалып, араға уақыт салып жалғасуы да мүмкін. Белгілі бір тарихи жағдайда туған көптеген типтер қоғамдық өмір өзгерген тұстарда көркемдік сахнадан ығысуы немесе мүлдем кетуі ықтимал.

Көркемдік бейнелеу құралдары сабақтастығының дамуында да өзіндік ерекшеліктер бар. Әр қаламгер өз туындысының мазмұнын ашу мақсатында сан алуан тілдік тәсілдерді қолданады. Олардың идеядан басты бір айырмашылығы түрлі қоғамдық позиция ұстаған қаламгерлер туындыларында бірдей қолданыла беруінен шығады. Мысалы, Абай – Шортанбай, Сәкен – Мағжан, т.с.с. Қалай болғанда да, кез келген жаңашыл ақынның өзі өзінен бұрынғы қаламгерлер қол жеткізген тәсілдерді игеру арқылы дамиды. Шығарманың көркемдік бөлщектеріне де осы сипат ортақ. Идеялық алшақтығына қарамастан, қаламгерлер поэтикалық құралдарды бірдей пайдаланады. Оған дәлел ретінде барлық халықтың өлең үлгісін алуға болады.

Сонымен, өнер мен әдебиет дамуындағы сабақтастық мәселесі әрбір қаламгердің қоғамдық қажеттіліктер арасынан өзі аса мәнді, маңызды, дәуірмен үндес деп таныған жағдайларына қатысты өрбиді. Нағыз өнер туындыларында бұрын қолданылған көркемдік бейнелеу құралдары өткенге оралу мақсатында емес, өз дәуірінде, келешек игілігіне пайдалану үшін қызмет етеді.

Әдеби дамуда дәстүр жалғастығы мен жаңашылдық мәселесі көтеріледі.

2. Дәстүр мен жаңашылдық. Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар, көзқарас түсініктер жатады. Жаңашылдық - өткен өмірдің, кшегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шығып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер. Ол жалпы өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда туып, орнығады. Дәстүр мен жаңашылдық – диалектикалық бірлікте болып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды, өндірістің базисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Дәстүр мен жаңашылдық арасындағы заңды байланыс – материалдық және рухани мәдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен әдебиеттің, өнердің барлығына тән. Жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Дәстүр мен жаңашылдық әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, дамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне байланысты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туады. Бұл тұрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Әсіресе жаңа өзгерістер мен құбылыстарды аңғартатын соны бейнелеу құралдары жасалады. Бұл - әдебиеттегі жаңашылдықтың белгісі. Дәстүр мен жаңашылдық тек түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды, мағынаны білдіреді, түр мен мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың – идеялық-көркемдік немесе ұлттық сипатын жаңа сатыда елестетеді. Енген жаңалық әдебиетке сіңіп, дәстүрге айналып кетуі мүмкін. Қазақ поэзиясына Абай Құнанбайұлы енгізген жаңашыл үлкен дәстүр болып қалыптасты. Абай қазақ поэзиясын әсіре шешендіктен, әсіре бояудан құтқарып, терең ойлылықты арттырды. Ол ақын орнын, оның қоғамдық, әлеуметтік мәнін танып, көркем сөзді жоғары сатыға көтерді, ауыз әдебиетінің дәстүрінде келе жатқан поэзияны түрлендіріп, жаңа арнаға салады. Мыс, «Көлеңке басын ұзартып» өлеңінде: «Адасқан күшік секілді, Ұлып жұрқа қайтқан ой» дегенде тынымсыз, мазасыз ойды, жабырқау көңілдің суретін «адасқан күшікке» балайды. С.Сейфуллин қазақ әдебиетіне, соның ішінде поэзияға жаңа леп, жаңа серпін әкелді. Қоғамдағы тың өзгерістерді экспресс түрінде суреттеді («Экспресс». С.Мұқанов поэзиясы («Бостандық») өлең түрі жағынан ескіше болғанмен идеялық мазмұны, тілек-мақсаты жағынан жаңа. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов өз шығармаларында шешендік дәстүрді шебер пайдалана отырып, үлкен жаңалық әкелді.

7 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдебиеттің тектері мен түрлері.

Әдеби жанрлар теориясы.

Әдебиет – сөз өнері. Әдебиет өмір шындғын сөз құдіреті мен адам тағыдыры арқылы көркем бейнелеп танытатын өнердің түрі. Өмір шындығы, болмыс бояуы саналуан әрі күрделі болғандықтан, оны әдебиетте бейнелеудің формалары мен тәсілдері де біреу емес, түрліше болып келуі заңды. Бұл әдеби тәсілдердің, формалардың пайда болуы мен қалыптасуы адамзаттың қоғамдық, көркемдік – рухани тарихымен тығыз байланысты. Жанрдың тарихи категория екендігі осыдан шығады.

Көне грек дәуірінде-ақ әдебиеттің үш негізгі тектері: эпос, лирика, драма пайда болды. Сонымен әдебиет үш текке бөлінеді. Лоар эпос, лирика, драма. Ал осындағы тек, түр, жанр терминдерінің мағына-мәні қолдану аясы қандай.

Көркем әдебиет – арнасы кең, көп салалы өнер. Әдебиет туындыларының құрылыс-қалпы, мағыналық сыйымдылығы, көркемдік сипат-белгілері әр алуан бола береді. Сондықтан әдеби шығармалардың жүйесін тауып жіктеп-топтауға, түр-түрге бөлуге үлкен мән беріледі. Көркем шығармаларды тегіне қарай және бітімі тұлғасы, өмірді бейнелеу өзгешелігі жағынан жіктеп-ажыратып бөлу негізінде жанр деген ұғым қалыптасқан.

Әдеби жанр(француз тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма; 2) әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.

Әдебиеттің тегі – жанр әдеби шығарма – жанрлық түр деп танылып жүр. Түр дегенде біз эпикалық, драмалық немесе лирикалық шығармалардың белгілі бір формасын, үлгісін ұғамыз. Сонда, мысалы, эпосты – жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге – очерк, новелла, оқиғалы өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге – повесть, поэма; ал кең көлемді эпикалық түрге - роман, эпопия тәрізділер жатады.

«Эпос жанр» десек, мұнда «жанр» термині «тек» мағынасында қолданылып жүр. Әдетте «эпостық тек» деп те, «Эпос жанр» деп те айтыла береді. Ал, «әңгіме эпос жанрына жатады» дегенде терминнің мағынасы түр деген ұғымды білдіріп тұр. Мұны «әңгіме эпостық тектің бір түрі» деп те айтуға болады.

Сонымен, әдебиеттің тектеріүшеу де, жанрлық түрлері сан алуан.

Эпостық жанр немесе эпикалық тектің түрлері сан алуан: аңыз, ертегі, мысал, очерк, әңгіме, новелла, батырлар жыры, дастандар, поэма, повесть, роман және роман эпопея.

Эпостық туындылар көркем қара сөзбен де, өлеңмен де жазылады. Мұнда өмір шындығы негізінен уақиғалы баяндау арқылы көрсетіледі. Уақиғалар, кейіпкерлердің іс-әрекеттері өмірдегі болтын объективті болмысқалпында алынып, бейнеленеді, жазушы тек баяндап жеткізуші ретінде көрінеді. Бұл жанрдың шығу тегі ауызша поэзиядағы халықтық жыр, эпостық жанрдың роман, повесть, әңгіме сияқты түрлері және сюжетті поэманың жаңа түр пайда болды.

Алдымен шағын көлемді жанрларға тоқталсақ,.. Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шаған көркем шығарма. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау әсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, кейіпкер жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіме әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. Бұл жанрдың жеңілдігін емес, қиындығын көрсетеді. Автор уақыт жағынан мейлінше қысқа мерзім ішінде кейіпкерлер өміріндегі беру де болса, бірегей оқиғаны баяндау арқылы оқырманға адамдық болмыс-бітімін айқындап беруі керек.

М.Горкий «шынында жазу өнеріне шағын әңгіме арқылы төселу керек, өйткені ша,ғын әңгіме авторды сөзді үнемдеп қолдануға, оқиғаны қою етіп көрсетуге үйретеді» дейді. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді.

Қазіргі реалистік әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатқандығы белгілі. Өйткені сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы нетүрлі ауызша әңгімелер туғызып отырған. Одан бергі қазақ әдебиетінде Ыбырайдан бастап, Майлин, Әуезов, Аймауытов, Мүсіреповтың әңгімелері белгілі. «Қыпшақ Сейтқұл», «Шұғаның белгісі», «Қорғансыздың күні».

Әңгімемен көлемі, құрылысы, мазмұны, кейіпкері тануы жағынан алуандас болғанымен, одан өзіндік бірер ерекшелігімен оқшауланатын шағын эпостық жанрдың бірі новелла (итальян сөзі - жаңалық). Новелла – көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады. Новелланың әңгімеден айырмасы – онда әдеттегіден тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады. Оқиға желісі таң қаларлықтай қызықты етіп өріледі және тосын күтпеген жерден аяқталады. Гетенің «новелла адам естімеген әрі айырықша оқиға туралы шындыққа сай әңгіме» деуі өте орынды.

Батыс әдебиетінде Дж.Бокачо, Т.мериме, Г.Мопассан, орыс әдебиетінде Гоголь, А.Чехов – новеллалары – осы жанрдағы үздік туындылар. М.Ю.Лермонтов новелла үлгісіндегі жазылған. «Тамбов қазынашысы» деген поэмасының арқауы – атты әскер офицері қаладағы мекеменің қазына сақтайтын қызметшісімен карта ойнап, оның әйелін ұтып алғаны жайлы оқиға. Қазақ жазушыларынан бұл жанрда елеулі еңбек еткен Ғ.Мүсірепов, С.Ерубаевтан басталады. Ғ.Мүсіреповтың анна туралы новеллалары «Ашынған ана», «Ананың анасы», «Ананың арашасы», «Ақлима» төл әдебиетіміздегі осы жанрдың озық үлгілері санатында.

Поэма – эпикалық жанрдың орта, көлемді түрі / грек – туынды, шығарма деген мағынада/. Поэма – оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, кейде жыр – толғау түрінде келетін көлемді шығарма. Сюжет ті оқиға желісін ширақ өрістетіп, кейіпкерлердің іс-әрекетін бейнелеуге негізделеді, ал сюжетсіз поэмада лирикалық сарын басым болады, көлемі жағынан шағындау болады. Туу, даму тарихы тұрғысынан қарағанда поэманың әдебиетте қалыптасқан негізгі екі үлгісі бар. Оның біріншісі – түп негізі көне дүние әдебиетінде туып, жетілген гректердің халық эпосы «Илиада» мен «Одиссея» мен халықтардың ауыз әдебиетінде кеңінен орын алған дәстүрлі батырлар жыры, уақиғалы эпостық поэмалар. Мыс, «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Манас жыры» т.б. Екіншісі – жазба әдебиетте кездесетін, өлеңмен жазылған сюжетке құрылған көлемді шығармалар. Мәс, Абайдың «Ескендір», Мағжанның «Батыр Баян» атты т.б. поэмалары. Қазақ әдебиетінде поэма әбден қалыптасқан, Жан-жақты дамыған жанр.

Орта көлемді эпикалық түрге жататын повесть көһлемі мен мазмұны, құрылысы жағынан өзгеше жанр. Повесть (орыс. баяндау) – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қара сөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі. Көлемі жағынан повесть кейде ұзақтау келіп, кішігірім романға жақындаса да, ол композициялық құрылысының жинақылығы, оқиға желісінің біркелкі өрістеп, байсалды түрде баяндалатынымен ерекшеленеді. Жалпы кез-келген әдеби туындылар секілді повеске де бір өлшеммен қарауға болмайды. Қазақ әдебиетіндегі М.Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман», Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» Ж.Аймауытовтың «Күнекейдің жазығы» Ш.Айтматовтың «Жәмилә», «Құс жолы» повестері – үздік көркем туындылар. Сондай-ақ аға буын жазушылармен бірге қазақ повесін С.Мұратбеков, С.Жүнісов, Ә.Кекілбаев, Ә.тарази, Қ.Жұмаділов, М.Мағауин, Д.Досжанов, О.Бөкеев, Д.Исабеков т.б. қаламгерлер дамытты.

Эпикалық жанрдың ең күрделі, жоғары түрі – роман. Роман (француз, неміс- орта ғасырларда латын тілінде емес, роман тілінде қарасөзбен жазылған шығармаларды атаған. Кейін келе-келе тілдің атауы ғана қалып, сюжетті кең көлемді, баяндауға құрылған шығармаларды роман деп атайтын болған. Роман – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, Жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытта, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.

Роман жанрының басталуы ежелден бері, сондай-ақ орта ғасырлардан өрбіген деп саналады. Оған дәлел антикалық дәуірдегі Апулейдің «Дафнис және Хлоя», Петорнидің «Сатирикон» және рыцарлық роман ретінде Эшенбахтың «Тристан мен Изольда» шығармаларында романның кейбір белгілері болғаны айтылады. Осындай туындылар кейінгі кезеңдегі роман жанрының табиғатына жақындайды.

Бірақ ежелгі дәуірдегі аталмыш шығармалардан романға лайық мазмұндық және формалық шарттарды толық табу қиын. Романның нақты көрінуі Қайта өрлеу дәуірінің соңғы кезеңінде байқалады.

Ол кезеңде роман жекелеген кейіпкерлер өмірін арқау еткен эпос секілді еді. Эпоста көсемдер, әскербасылар, ел басқарушылар туралы немесе басқа да тарихи және аңызға айналған қаһармандар туралы баяндалатын. Ал романда қарапайым адамдардың тағдыры, іс-әрекеті айтылады. Эпоста кей-кейде ойдан шығарылған оқиғаларға арнап қалам тартқан. Сондай-ақ эпос кең халықтық өмірді қамтысы, роман өз кезеңінің , өз уақытының нақты тарихи оқиғаларын сөз еткен. Эпоста көбіне батырлық характерлер берілсе, романда кәдімгі болған жайлар айтылып отырады.

Сөйтіп бұрынғы эпостар көлемді жанрлар немесе шағын комедиялық жанрлар болып келсе, енді орталық жанр – роман әдебиетте өз жаңалығымен пайда болады. Романның көркем табиғаты туралы Гегель және басқалар пікір айтқан.

Роман кейіпкері неізінен қоғам өмірімен байланыста алынады. Сөйтіп, ол кейіпкерлер арқылы жалпы қоғамдық-әлеуметтік өмірдің қыр-сырын, асипатын байқау қиын емес. Мәселен, Сервантестің, Бальзактың, Флобердің, Стендальдің, Диккенстің, Толстойдың, Тургеневтің т.б. романдарында кейіпкерлер арқылы заманның, қоғам өмірінің терең қатпарлары ашып көрсетіледі. Сондықтан да роман жаңа кезеңнің эпосы секілді. ХҮІІ ғасырдың соңына қрай психологиялық проза дамыды. Ал одан бұрын ХҮІ ғасырда мемуарлық әдебиеттің пайда болуы романның қалыптасуына едәуір әсер етті. Оларда жолсапар жағдайлары және басқа да өмірбаяндық оқиғаларға қатысты нәрселер баяндалып отырады. Айталық Д.Дефоның «Робинзон Крузосы» осының айғағы.

ХҮІІІ ғасырда роман екі бағытта: бірінші - әлеуметтік, тұрмыстық, екінші психологиялық бағытта көрінді. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларды әдебиеттің романтикалық характері романға басқаша ықпал етті. Дегенмен сол кезде тарихи роман формасы жетіледі. Скотт, Гю№го, Гоголь романдары бұған дәлел. Сондай-ақ Х!Х ғасырда романның классикалық түрлері пайда бола бастады. Стендаль, Лермонтов, Бальзак, Диккенс, Тургенов, Мопассан жер жүзілік аренаға шықты.

Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс романдары – Толстой мен Достоевскиийдің туындылары әдеби творчествоға айырықша әсер етті. ХІХ ғасырды орыс әдебиетінің алтын ғасыры деп атаулының негізгі бір себебі осы роман жанрдың өркендеуіне, орыс өмірінің алуан күрделі проблемаларын тереңінен қамтып, үздік көркемдікке, реалистік шеберлікте танытқан Гончаров, Тургенов, Достаевский, Толстой т.б. романдарының әлемге кеңінен танылуына тікелей байланысты. В.Г.Белинский «Поэзияны тегі мен түрүріне қарай бөлу» атты еңбегінде романды «біздің заманымыздың эпопеясы» деп атайды. Міне осы кезденбері қарай роман жетекші жанрға айналып қана
8 дәріс. Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар. Әдеби мектеп.
Көркемдік әдіс – белгілі бір дәуірде көптеген жазушылардың шығармаларында қолданылатын, өмір шындығын суреттеу ерекшелігі, сонны айқындайтын негізгі принциптер. Әдебиеттте, сондай-ақ көркемөнердің басқа салаларында бір бағыттағы жазушылардың, өнер қайраткерлерінің творчествосы идеялық нысанасы жағынан да ұқсас, жақын келетінін байқаймыз. Бір заманда өмір сүріп, бір қоғамдық ортада қызмет еткен көптеген жазушылардың көркемдік әдісінде ортақ-сипат белгілер аз емес екенін олардың тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның бейнесінсуреттеу өзгешеліктерінен анық көруге болады. Мұндай өзгеше сипат-белгілерді көбінесе белгілі әдеби бағыт, әдеби ағым аясында қарайды. Ал көркемдік әдіс одан әлдеқайда кең мағынада алынып, жазушының өмірді бейнелеуде нақтылы болған яки болатын жағдайларды, өмір құбылыстарын тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген өз ой-түсінігіне сүйенуі – осы екеуінің қайсысына көбірек мән беретініне сәйкес сипатталады. Бұл пікір алғаш Аристотельден бастап орнығып, кейін Белинский оны соңғы дәуірлердегі әдебиет тарихына сүйене отырып дәлелдеді. Көркем әдебиет пен өнердің бүкіл даму тарихында әр дәуірде әр түрлі нақтылы сипат алып, үнемі бой көрсетіп келе жатқан негізгі екі көркемдік әдіс – романтизм мене реализм деуге болады. Әрине, өмір құбылыстарын осы айтылған екі тұрғыдан қарап түсіну, бейнелеу бір-біріне түгелдей қарама-қайшы нәрсе, олардың арасында ешбір байланыс, жалғастық жоқ деп санау қате болар еді. Оның бірі бар жерде, аз ба көп пе, екіншісі жалғаса жүреді. Бірақ қай жағы басым болса, негізгі сипаты соған сәйкес анықталады. Ал басқа көптеген әдеби ағым-бағыттар қалайда осы екі негізгі әдісті ңбіреуін тірек етеді немесе оларды басқа бір қырынан толықтыруға, кейде, тіпті, солармен жарыса басқа бір жанама тәсілдер табуға тырысады.

Романтизм – ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында пайда болған. (роман деген сөзден шыққан, яғни түпкі мағынасы өмірді кітаптағыдай, ой-қиялмен ұштастырып суреттеу) - әдебиеттегі, көркем өнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс. Романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп: суреттеулер шындық қиялға негізделеді, қияли шындықтың өзі осы шақтыкі емес, не өткен, не келер шақтікі; шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі пафос жатады; автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, оқыс әсерлі келеді.

Орыс әдебиетінде және дүние жүзі әдебиетінде, көркем өнердің әр түрлі салаларында соңғы ғасырларда мол тараған әдіс – романтизм орыстың декабрист ақындардың (К.Ф.Рылеев, В.К.Кюхелбекер, А.И.Одоевский т.б. творчествасында орын алса, екінші жағынан, Н.В.Жуковский секілді ақындардың шығармашылығынан мол көрінеді. Алдыңғы топтағы жазушылардың творчествосында романтизмнің озат сипат-белгілері қалыптасты. Ал Жуковскиийдің шығармаларынан романтизмнің осал жақтары да анық сезіледі. Романтизмге тән басты ерекшелік айналадағы өмірге сын көзімен қарау, шарқ ұрып іздену, қиялға берілу болса, революционре жазушылар творчествосында ол жаңашылдықпен, алға ұмтылуымен ұштасты. Ал енді болашақққа үміт артпай, алға ұмтылумен. Ал енді болашаққа үміт артпай, артқа қарайлаудан романтизмнің осал, кемшіл жақтары байқалады. Романтизмнің озат, өршіл қасиеттері Лермонтов поэзиясынан, Пушкиннің алғашқы кездегі өлең дастандарынан айқын аңғарылады. Бұл көркем әдістің ұтымды, өнімді жақтарын А.М.Горкий өз шығармаларында жаңа сипат- белгілерімен толықтырып қолдана білді. Қазақ әдебиетінде асқақ роматикалық толғаудың ақыны Махамбетті, Мағжан поэзиясындағы роматикалық сарынды айтуға болады.

Роматизм түгел алғанда әдебииетке жаңа тақырып, жаңа кейіпкерлер әкелді, сөз өнерін көптеген көркемдік ерекшеліктерімен байытты. Азаматтық лирикалық, тақырыптық, идеялық ауқымын кеңецтіп, романтикалық поэманың озық үлгілерін туғызды. Романтизмнің құнды, ұтымды жақтары оған ілесе өркендеген реализмге үлкен тірек болды. Алайда романтизмді реалистік әдіске қарсы қойып, оған алыс-жақындығы тұрғысынан қарап бағалау дұрыс болмас еді. Романтизмнің бағалы жақтары, өзіндік артықшылықтары да, сонымен бірге осалдығы өз табиғатынан туындайды. Романтизм мен реализмді екі түрлі көркемдік әдіс деп қарасақ, олар бірін- бірі толықтырып, біріне –бірі нәр Бере алатынын есте сақтаған жөн. Қазақ әдебиетінде романтикалық сарын мысалды М.Жұмабаевтың (Батыр баян) шығармасында көрініс тауып, өте әдемі, өте әсерлі болып шыққан.

Реализм (латынша realis – заттылық, шындық)-әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Реализм әдісі суреткерден өмір құбылыстарын, маңызды қоғамды мәелерлерді, күнделікті тұрмыстағы сан-алуан жайларды мейлінше кең қамтып, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын терең ашып көрсетуді, қарапайым адамдардың бейнесін сипаттауға жете назар аударуды талап етеді. Егер романтизм әдісі көбінесе сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсету қажеттігін мойындайды. Реалистік принцип жаңа дәуір әдебиеті мен көркем өнерде жаңа еш сипатқа ие болып, әдебиеттің халықтық демократияшылдық принциптерімен жалғастық тапты. Реализм өмірде болатын, үнемі кездесетін нақтылы жай-жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды дегенде, әрине, мұны оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс болмайды. Мысалы, Махамбет поэзиясын алсақ, онда романтикалық асқақ арман, алға ұмтылу, күрескерлік әуен қандай күшті болса, реалистік нақтылық, қоғамдық өмірдің, қайшылығын ашып көрсетер шыншылдық та соншалық айқын.

Реалистік әдістің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамьып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарында нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейне-тұлғалар жасау дейміз.

Реалистік әдіс орыс әдебиетінде Пушкин творчествосы арқылы биік дәрежеге көтерлілді. Пушкиннің «Евгений Онегин», «Капитан қызы» романдары, көптеген лирикалық өлеңдері осы әдістің орыс әдебиетінде берік орын алуына мүмкіндік туғызды. Реализм әдісі одан әрі М.А.Гончаров, И.С.Тургенев, Л.Толстой, А.П.Чехов шығармаларында кеңінен өріс алды. Қазақ әдебиетінде реализм әдісі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов т.б. реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті.

Реализмнің тууы, қалыптасуы және дамуы туралы пікірлер де әр алуан: біреулер бағыт ретінде ХVІІІ ғасырда туды десе, біреулер ағын ретінде ХІХ ғасырда қалыптасты деседі. Ал әдіс ретінде дамуын қадағалаушылар оны ғасырлар тереңіне әкетіп, бір-біріне тұтасқан түр-түрге бөледі. Көне дүние (антика) реализмі, ояну дәуірінің реализмі, Ағарту кезінің реализмі, Қайта өрлеу кезеңінің реализмі, Сыншыл реализм, Социалистік реализм.

Сыншыл реализм- әдебиеттегі көркем әдіс, оның басты ерекшелігі - өмірді шыншылдықпен бейнелеп, адамдардың тағдырын, олардың типтік мінез-бітімін, характерін типтік жағдайда көрсете отырып, қоғамдық өмірдегі қайшылықтарды, кемшіліктерді қатты сынға алу.

6. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СТУДИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
1..Тәжірибелік сабақтың басты мақсаты студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп бекіту және тәжірибе жүзінде қолдана білуді қалыптастыру.
1.1 Ұйымдастыру талаптары:

- Тәжірибелік сабақтың оқу пәнінің жоспарына сәйкестілігі.

- Тәжірибелік сабақтардың дәріс, лабораториялық жұмыстар, курстық жобалар және т.б. байланысын білдіретін құжаттардың болуы.

- Тәжірибелік сабақтардың қазіргі әдіс-тәсілдерді және техникалық құралдарды қолдана отырып өткізу.

- Тәжірибелік сабақтарға қажетті ғылыми әдебиеттерді жинақтау.

- Тәжірибелік сабақтар бойынша студенттердің білімдерін бағалауды ұйымдастыру.


1.2. Тәжірибелік сабақтардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- Тәжірибелік сабақ мазмұнының оқу бағдарламасына, талаптарға сай болуы.

- Пәннің басқа оқу сабақтарымен байланысын қамтамасыз ету.

- Сабақтарда студенттердің өздерінің білімдерін қолдана білуін дамыту.

- Тапсырмаларды орындаудың оңай тәсілдерін қарастыру.

1.3. Әдістемелік талаптар:

- Дәріс және басқа сабақ түрімен логикалық байланысты қамтамасыз ету.

- Сұрақтарды талқылау және дұрыс жауапты табу.

- Студенттердің жеке жұмыстарын жүргізуде басшылық ету.



6. Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.

1- семинар. Тақырыбы: Әдебиеттану ғылымына кіріспе

Дәріс мазмұны:

1.Әдебиет дегеніміз не? Әдебиет туралы ғылым және оның салалары.

2.Суреткер табиғаты


  1. Әдебиет – қоғамдық сана (Әдебиеттің халықтығы)

2 семинар. Тақырыбы: Көркем шығарма

Дәріс мазмұны:

1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түінік



  1. Тақырып пен идея

3 семинар сабақ. Тақырыбы: Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы

    1. Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы

    2. Сюжеттік элеметтер немес сюжетке арқау болған оқиғалардың даму кезеңдері.

4 семинар. Тақырыбы: Көркем бейне және оның жасалу жолдары.

Дәрістің мазмұны :

1. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.

  1. Образ және оның түрлері

  2. Тип және типтердіру, тип және прототип арақатиынасы, типтік бейне ерекшелігі.

  3. Көркем бейне жасаудағы негізгі тәсілдер. Портреттік тәсіл, оның түрлері. Психологиялық портрет сыры. Әдеби мінездеудің түрлері / тура және жанама мінездеу/. Кейіпкер тілі. Ішкі монолог пен диалог. Психологиялық паралелизм.

5 дәріс сабақ. Тақырыбы: Көркем шығарманың тілі

Дәріс мазмұны:

1. Ауызекі тіл мен әдеби тіл. Көркем әдебиет тілі, яғни поэтикалық тілдің ерекшеліктері оған қойылатын талаптар. (Л.Толстой, М.Шолохов, Ғ.Мүсірепов т.б жазушы тілі туралы).



  1. Шығарманың жанрлық ерекшелігі және тілі.

  2. Тілдің тура және ауыспалы мағынада қолданылуы. Троптар. Оның эпитет, теңеу, метафора, символ т.б. түрлері. Олардың жасалу жолдары мен көркемдік қызметі.

6 дәріс сабақ. Тақырыбы: Поэтикалық фигуралар.

Дәріс мазмұны:

1. Поэтикалық фигуралар: инверсия, арнаулар мен қайталаулар. Бұл тәсілдердің идеялық-көркемдік қызметі. Аллитерация мен ассонанс.
7 семинар сабақ. Тақырыбы: Өлең құрылысы.

Дәріс мазмұны:

  1. Поэзия мен көркем қара сөз. Өлең сөздің өзіндік өлшем ырғағы.

  2. Метрикалық, силлабикалық, силлабо-тоникалық, тоникалық өлең жүйелері.

  3. Өлең құрылысын талдау жолдары. Шумақ пен тармақ, бунақ және өлшем.

  4. Ұйқас және оның шумақта атқаратын ролі. Қазақ өлеңіндегі ұйқас түрлері.

8 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдеби процесс

Дәріс мазмұны:

  1. Әдеби даму - әдеби процесс. Әдеби прцестегі көрнкті жазушы мен талантты сыншының ролі.

2. Әдеби дәстүр мен жаңашылдық мәселесі. Дәстүр жалғастығы, оның үш салада: идея мен тақырып, образ, көркемдік шеберлік тұрғысынан дамытылуы.
9 семинар сабақ. Тақырыбы: Әдебиеттің тектері мен түрлері.

Дәріс мазмұны:

  1. Әдебиеттің: эпос, лирика, драма сынды үш тегі. «Тек», «түр», «жанр» терминдерінің мағына-мәні. Жанрлық жіктеудің шарттылығы.

  2. Лирикалық тек, оның түрлері.

  3. Драмалық тек, оныңтүрлері.

10 дәріс сабақ. Тақырыбы: Эпикалық тек

Дәріс мазмұны:

1. Эпикалық тек, эпикалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі. Эпикалық баяндау үлгілері.

2. Эпикалық тектің жанрлық түрлері: ертегі, мысал, әңгіме, новелла, поэма, повесть, дастан, батырлар жыры, роман, эпопея. (Белинский, Байтұрсынов эпикалық жанр туралы)

3. Қазақ әдебиетіндегі роман жанры.

11 семинар сабақ. Тақырыбы: Көркемдік әдіс.



Дәріс мазмұны:

  1. Көркемдік әдіс туралы ұғым.

  2. Романтизм әдісі.

12 семинар сабақ. Тақырыбы: Реализм әдісі.

Дәріс мазмұны:

1. Реализм әдісі. Оның пайда болуы және қалыптасу тарихы. Энгельс реализм жайлы. Сыншыл реализм әдісі және социалистік раелизм әдіс. Оған қазіргі көзқарас.


13 семинар сабақ. Тақырыбы: Әдеби ағым-бағыттар.

Дәріс мазмұны:

1. Әдеби ағым-бағыттар ерекшелігі. Орыс және қазақ әдебиеттері тарихындағы әдеби ағым-бағыттар мен мектептер. Олардың әдби процестегі орны.
14 семинар сабақ. Тақырыбы: Әдеби стиль жайлы ұғым.

  1. Әдеби стиль жайлы түсінік

  2. Қ.Жұмалиев стиль туралы

15 семинар сабақ. Тақырыбы: Қазақ әдебиеттану ғылымын зерттеушілер

Дәріс мазмұны:

1. Қазақ әдебиеттану ғылымын зерттешілердің ғылыми еңбектеріне жалпылама шолу. 2. Қысқаша биографиялық анотация.



7. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

  1. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.

    1. Дәріс сабақтарына әдістемелік нұсқау:

Дәріс беруші дәрісті бағдарламаға сәйкес тақырыпта оқиды. Содан соң осы дәріс

барысында пайдаланған әдебиеттер тізімін студенттерге міндетті түрде беру керек. Сабақтың аяқталуына 5 минут уақыт қалғанда, студенттер сол дәріс бойынша өз сұрақтарын қойып, тиісті жауап алу қажет.



    1. Семинар сабақтарға әдістемелік нұсқау:

Семинар сабақ сұрақ-жауап, мазмұндау, түсіндіру, талдау, баяндау түрінде өтеді.

    1. ОСӨЖ сабақтарына әдістемелік нұсқау:

Бұл сабақтың түрі көбіне көп ауызша түрде, салыстыру, сыни тұрғыдан талдау

түрінде өтеді.



    1. СӨЖ сабақтарына әдістемелік нұсқау:

СӨЖ жазбаша түрде алынады. Бұл реферат немесе ой-толғау болып келу мүмкін.


  1. Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық

проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Бұл тарау жоспарланбаған




  1. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үйге берілген

тапсырмалардың мәтіні, әр бір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б. ұй жұмыстары бойынша тапсырмалар, әдебиет тізімі және арналған уақыт көлемі.

Студенттің өзіндік жұмыстары оқу процессінің маңызды бөлігі. СӨЖ олардың шығармашылық қабілетін арттырып, тәжірибеде білімдерін қолдана білуге үйретеді.


Студенттің өзіндік жұмыстарына мыналар кіреді:

- Өткен дәріс материалдарын қайталау, берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді оқу.

- Тәжірибелік сабақтарға дайындалу.

- Үй тапсырмаларын орындау.

- Семестрлік тапсырмаларды орындау.

Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдісі:

- Дәріс материалдарын дер кезінде талдап отыру.

- Тақырыпты толық меңгерге шейін студенттермен жұмыс істеу.

- Конспектімен жұмыс істей отырып, әдебиеттерге сілтеме жасау, қосымша мәліметтер еңгізу.

- Егер түсініксіз сұрақтар болатын болса, келесті дәрісте міндетті түрде талқылау.

7. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
1 апта

1 ОЖСӨЗ мазмұны: А.Байтұрсыновтың сөз өнері туралы тұжырымдары.

1 СӨЗ мазмұны: Алғашқы әдеби-эстетикалық ой-толғамдар.

Материалдар:



  1. А.Байтұрсынов. Әдебиет танытқыш

  2. Мұра. Жазушы. А., 1990

  3. З.Серікќалиев, Аќ жол. Алматы, 1990 жыл

  4. Ќ.Жұмалиев. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969 жыл

  5. З.Ќабдолов. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002 жыл

  6. Ш. Елеукенов.Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002 жыл

  7. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991 жыл

  8. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А., 1966 жыл

  9. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987 жыл

2 апта




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет