Juz40_ONLINE курсының информатика пәні мұғалімі: Турганов Мадияр ҮЙ ЖҰМЫСЫ Үй жұмысы 10 тапсырмадан тұрады. Тапсырмаларды бар күшімізді салып орындаймыз. SQL_2 тапсырмалары Market дерекқорын құрыңыз және Fruit кестесін кез келген атаумен және кез-келген типпен құрыңыз. Кесте бағанының атауын Apple деп өзгерту командасын жазыңыз.
Кестеге алма сорттарының түрлері жайлы ақпаратты қосыңыз(Пеструшка, королевская, лимон алма, қыстық алма).
Дерекқорға Food деген кесте қосыңыз, Кестеге “азық түлік” бағанын құрыңыз. Өзіңіз қалауыңызбен азық-түлік түрлерін енгізіңіз(бір ұяшығына қантты енгізіңіз).
UPDATE кілттік сөзімен қатар жүретін кілттік сөз және оның қызметі қандай?
“UI_ZHUMYSY” атты деректер қорын құрыңыз, оның ішінде “SQL_LESSON” кестесін анықтаңыз. Кестеде 4 бағана болсын: Сабақ тақырыпшалары(сөз тіркесі), Қамтитын көлемі(беттер саны), Үй тапсырмалары(сөз тіркесі), Есептер саны. Кестеге бірнеше жол мәліметтер енгізіңіз.
SELECT-ті қолданғанда бірінші кестенің аты жазылады ма әлде бағана атауы ма?
“UI_ZHUMYSY” атты деректер қорын құрыңыз, оның ішінде “SQL_LESSON” кестесін анықтаңыз. Кестеде 4 бағана болсын: Сабақ тақырыпшалары(сөз тіркесі), Қамтитын көлемі(беттер саны), Үй тапсырмалары(сөз тіркесі), Есептер саны.
Жолдарды есептер саны бойынша сұрыптаңыз.
Жолдарды қамтитын көлемі бойынша кему ретімен сұрыптаңыз.
Есептер саны крийтерийі бойынша бір немесе бірнеше жолды жойыңыз.