N 1 – 2 зертханалық жұмыстары
ТҰҚЫМ САПАСЫН АНЫҚТАУҒА ОРТАША ҮЛГІ СҰРЫПТАУ
Бұл сабақты студенттер орман – тұқым бақылау станциясындағы жалпы жұмыс тәртібімен, тұқым тексерудің тарихымен, тұқым зерттеуге арналған мемлекеттік стандарттармен (МСТ), негізгі терминдердің анықтамаларымен, орман шаруашылықтарында тұқым жинап, оларды сақтау және құжаттау тәртібімен танысады. Содан кейін ағаш түріне қарай тұқым партиясының салмағы қандай болатынын және олардан алынатын орташа үлгінің өлшемі бойынша (1 кесте) сұрыптау тәртібін үйренеді. Жұмыстың барысында тұқымдардың арнайы паспорты мен этикеткасын (1,2 қосымшалар) және орташа тұқым үлгісінің сұрыптау актісін (3 қосымша) толтырады.
1 – кесте. Тұқым партиясының шекті салмағы мен орташа үлгісінің салмағы
Тұқым түрі
|
Партияның шекті салмағы, кг
|
Орташа үлгінің салмағы, г
|
Кәдімгі қарағай
|
50
|
50
|
Кәдімгі шырша
|
50
|
50
|
Шренк шыршасы
|
50
|
75
|
Сібір балқарағайы
|
50
|
75
|
Сібір майқарағайы
|
100
|
100
|
Сібір самырсыны
|
500
|
1000
|
Қотыр қайың
|
75
|
25
|
Кәдімгі шегершін
|
100
|
50
|
Бұтақты шегершін (қарағаш)
|
100
|
75
|
Бұтақты шегершін (қарағаш)
|
200
|
400
|
Татар үйеңкесі
|
200
|
300
|
Ұсақжапырақты жөке
|
200
|
300
|
Боз жиде
|
200
|
500
|
Терек
|
30
|
15
|
Жабайы алма
|
100
|
150
|
Орташа үлгіні сұрыптау жұмыстары «Ағаштар мен бұталардың тұқымдары» атты мемлекеттік стандарттар арқылы жүзеге асырылады. Ол стандарттардан ешқандай ауытқуға болмайды, сондықтан мына негізгі терминдердің – тұқым партиясы, ойма, бастапқы үлгі, орташа үлгі – мәнін берік ұғып алу қажет.
Тұқым партиясы деп салмағы нақты алынған, біркелкі бір ағаш не бұта түрінен құралған, паспорты мен этикеткасы бар тұқымдарды атайды. Тұқым партиясы өз құрамына байланысты біртектес болуы шарт:
а) өсіп - өну жағдайлары бірыңғай-бір орман тип тобында; таулы жерлерде теңіз деңгейіндегі бір биіктікте және бір бағыттағы беткейлерде, ал жас шамасы да бір топтағы ормандардан – балауса ағаштардан, орта жастағы, жетілуге жуық әлде әбден піскен немесе ормантұқымдық учаскелерден жиналған;
б) шыққан тегі бірдей – табиғи немесе екпе ормандардан дайындалған;
в) ормандылық құндылығы бірдей – таңдаулы, жақсартылған немесе әдеттегідей;
г) жинау мезгілі (мерзімі) де бір уақыттағы;
д) тұқымдарды немесе жемістерді жинау және өңдеу тәсілдері де бірдей;
е) тұқымдарды бүрлерінен шығарып алу мерзімі бірдей – 2 аптаның ішінде;
ж) сақталу жағдайлары бірдей – ыдыс түрі де, қоймасы да;
з) тұқымның түсі, жылтырлығы, ылғалдылығы, зақымдануы бірдей.
Тұқым сапасын анықтау үшін ең алдымен тұқым партиясынан оймалар алынады, олардан бастапқы үлгі құрастырылады, ал ол үлгіден орташа тұқым үлгісі сұрыпталып, бақылау станциясына жіберіледі.
Ойма дегеніміз азғантай мөлшердегі партияның әр жерінен алынатын тұқым.
Бастапқы үлгі – барлық оймалардың жиынтығынан құралған тұқым.
Орташа үлгі – бастапқы үлгіден зертханалық зерттеуге алынатын нақты мөлшерлі тұқым бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |