Ж. О. Жылбаев Бас редактордың орынбасары



Pdf көрінісі
бет26/35
Дата08.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#119337
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Оқу жылдамдығы дегеніміз
– 
тілдің графикалық символдарының 
иннотациясының, 
механизмінің, 
дағдыларының 
жиынтығы. 
Оқу 
жылдамдығын саралау барысында 
оның кешенді құрамын анықтауға 
болады. Олар: қысымның төмендігі, 
жоғары белсенділік, артық қимыл-
дың жоқтығы, үнемшілдік, бірізділік, 
бірқалыпты 
жылдамдық. 
Оқу 
адам тарихында ауызекі сөлеу тілі 
дамығаннан кейін оның негізінде 
пайда болған. Қазіргі таңда оқу 
қарым-қатынастың және танымның 
дербес құралы болып кетті. Оқу 
процесі анализ, синтез, қорытынды, 
болжаудан тұрады. Оқу процесін 
көзбен көру, тілдік және есту 
аппараттары атқарады. Оқудың тәр-
биелік және білімдарлық орны ерек-
ше, ол адамның ой-өрісінің ұшқыр 
болуына, әлемге деген көзқарасы-
ның қалыптасуына, санасын оятуға 
үлкен ықпал етеді. Әр адамның жеке 
тәжірибесінде оқу ауызекі сөйлеу тілі-
нен бастау алады. Мысалы, оқушыға 
оқу тек ауызекі сөйлеу тілінің дағ-
дылары қалыптасқаннан кейін ғана 
кіріседі. Сөйлеу және оқу дағдыла-
рын бойына сіңірген оқушы тілдік 
материалдың графикасын меңге-
реді. Оқу дағдыларын тек бір рет ғана 
қалыптастыруға болатынын естен 
шығармау керек, сол себепті оқуға 
үйретудің алғашқы кезеңдерінің 
мәні өте зор. Оқу тілдік іс-әрекет-
тің дербес түрі ретінде біз мәтіннен 
керекті ақпаратты алу үшін оқыған 
жағдайда бола алады. Сол себепті 
оқуды тілдік іс-әрекеттің дербес түрі 
ретінде үйретудің мақсаты – оқушы-
ларға оқу технологияларын қолдана 
отырып мәтіннен керекті ақпаратты 
белгілі бір мәселенің шешімін та-
буға жетерліктей етіп алуды үйрету 
болып табылады. Оқу тілдің аралас 
дағдылары мен әдеттерін бақылай-
тын және құрайтын құрал ретінде де 
қарастырылады. Өйткені, олар: Оқу-
ды қолдану оқушыға тілдік матери-
алды меңгеруге және қарқындатуға 
мүмкіндік береді; Сөз қорын, грамма-
тиканы, тыңдауды, жазуды, ауызекі 
сөйлеу тілін бақылауға арналған ком-
муникативті бағыттағы тапсырмалар 
бағыт-бағдарлар мен жазба мәтін-
дерге негізделіп құрастырылады; 
Бүкіл тілдік іс-әрекеттер мен дағ-
дыларды қалыптастыратын және 
бекітетін жаттығулар мәтінге және 
жаттығулар мен тапсырмалардағы 
жазбаша мәтінге негізделіп жасала-
ды. Оқудың жоғарғы сатысында оқу 


60
ақпарат алудың негізгі көздерінің 
біріне айналады. Оқушының зейіні 
ақпаратты өз бетінше алуға ауыса-
ды, бірақ бұл дауыстап оқу мүлдем 
жойылады деген сөз емес. Оқудың 
жоғары сатысында дауыстап оқуды 
логиканы, аргументацияны қалып-
тастыруға арнап оқуға болады. 
Оқу жылдамдығын бағалау: 
– 
оқу жылдамдығы;
– екпін нормаларын сақтау, 
мағыналық, логикалық;
– үзілістер нормасын сақтау;
– ырғақтың дұрыс нормаларын 
қолдану;
– оқылған мәтінді түсіну. 
Оқу техникасын қалыптастыру 
барысында мәтіннің фонетикалық 
ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. 
Дауыстап оқу барысында төмендегі 
тәртіпке назар аударған дұрыс:
– дайындықсыз оқу;
– үлгі бойынша оқу;
– үлгісіз оқу. 
Дауыстап оқу техникасын дамы-
туға келесі жаттығулар ықпал етеді: 
– дыбыстарды атау;
– аталған әріптерді табу;
– бір сөздердегі әріптерді табу;
– сөздегі әріптер мен дыбыстарды 
ажырату;
– сөздерді белгілі бір дыбысқа, 
әріпке топтау; 
– суреттеу – жазу – анықталған бел-
гілеріне байланысты сөздерді оқу. 
Сөздердің мағыналық формала-
рын анықтау мынаны білдіреді: 
– бір түбірлі сөздерді табу; 
– сын есімнің күшейтпелі шырай-
ын табу, өткен шақта тұрған сөзді 
табу және осыған ұқсас жаттығулар. 
Ырғақты қалыптастырып бекітуге 
арналған жаттығулар: 
– диктордан соң оқу; 
– мәнерлеп оқу; 
– ырғақты сақтай отырып оқу. 
Жоғарыда сипатталған жаттығу 
түрлері оқу техникасын дамыту 
барысында қолданылса нәтижеге 
қол жететіні сөзсіз. 
Коммуникативті 
қажеттіліктер 
мен мәтіннің мағынасының түсіну 
деңгейіне қарай төмендегідей оқу 
түрлерін қарастыруға болады: 
талдамалық; танымдық; іздену-
шілік; шолушылық; үйренушілік. 
Оқу барысында нәтижеге қол 
жеткізу үшін мынадай дағдыларды 
қалыптастыру керек: 
– Берілген тапсырмаға кедергі кел-
мейтін болса, таныс емес фактілерді 
қолданыстан шығару;
– Мағыналық ақпаратты анықтау;
– Сөздік қолдану;
– Мәтінде ұсынылған сілтемелер 
мен анықтамаларды қолдана білу;
– Мәтінді өзгерту және интерпри-
тация жасау.
Егер негізгі ой мәтіннің басында 
немесе соңында тұратын болса, 
оқушыға 
мәтіннің 
мағынасын 
түсіну, негізгі ойды анықтау оңайға 
түседі. Бұл ескерту өз бетімен мәтін 
жазғанда да қажет болады. Шығарма 
жазу барысында аталған ой негізгі 
қажеттіліктің бірі болып табылады, 
сол себепті оқушыға шет тіліндегі 
мәтіндердің құрылымын түсіндіру 
керек. 
Мәтіннің құрылымынан басқа 
мәтін қандай аймақты қамтитынын, 
қандай мәселені қозғайтынын жете 
түсіну керек. Мәтіннің тақырыбы ғана 
емес, сонымен қоса оның өзектілігі 
оқу процесінің қарқындылығын арт-
тыруға үлкен үлес қосады. Мысалы, 
жоғары сынып оқушысына қызықты 
болған мәтін кіші сынып оқушысын 
қызықтырмауы 
мүмкін, 
ондай 
жағдайда оқудың қарқындылығы 
төмендейді.
Мәтінмен 
жұмыс 
барысында 
үш кезеңді қарастыруға болады: 
мәтінге дейін, мәтінмен жұмыс және 
мәтіннен кейінгі жұмыс. Мәтіннен 
кейінгі жұмыс егер мәтін тек ақпарат 


61
көзі ғана емес, сонымен қатар ауыз-
екі тілді және жазуды дамыту құралы 
ретінде қарастырылған жағдайда 
қолданылады. 
Оқу техникасын дамытудағы түпкі 
мақсат – мәтіннің оқушы тарапынан 
ынта-жігермен, өз еркімен құлшы-
ныспен оқитындай деңгейге жеткі-
зілуі. Мәтін оқушының білімдарлық 
қызығуларын арттыру үшін оқуға 
ұсынылатын мәтіндер оқушының 
жас ерекшеліктерін, қызығуларын 
есепке ала отырып таңдалуы керек, 
сол кезде оқу техникасын дамытуға 
арналған мақсат-міндеттер нәтиже 
береді.
Мектепте әдебиетті оқытудың 
мән-маңызы 
көркем 
туындыны 
оқыту, талдау, оқырмандық пікір 
қалыптастырумен ашылмақ. Көркем 
туындыны оқу бар да, талдау бар. 
Талдау оқусыз жүзеге аспайды. 
Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге 
асырылса, 
талдау 
мұғалімнің 
ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді 
жағын ойластыруы арқылы жүзеге 
асады. Көркем мәтінді оқушы қалай 
оқып, қабылдайды, қандай ой туады, 
өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл 
оқушы мен мұғалімнің бірлескен 
еңбегінің жемісі болмақ. 
Қазіргі әдістемеде талдау жасау-
дың 4 түрі анықталған: 
– образ бойынша; 
– тақырыптық; 
– тұтас; 
– автор ізімен талдау. Бұл – 
оқушының туындыны қабылдауына, 
әсері, эмоциясын тану үшін, эсте-
тикалық талғамын қалыптастыруға, 
таным қабілетін, ойлау белсенділі-
гі мен дербестігін ұштауға көмек 
береді. 
4. Ең бастысы – көркем туынды 
бойынша талдау жасау, пікір айту 
жолдарын меңгерту/тақырыбы, ав-
торлық идея, образдар жүйесі, сю-
жеттік-композициялық ерекшелігі, 
көркемдік-эстетикалық жағын т.б. 
кешенді түрде қарастыру/. Көркем 
туындыны оқытып, сауатты талдау- 
ға қол жеткізу үшін автордың мақ-
сат-мұратын, ойын білдіретін әрбір 
деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, 
жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс 
таныта білу керек. 
Оқушының танымдық-шығарма-
шылық қабілетін, ойлау белсенділігін 
дамытатын, өз жоба-жорамалын 
ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс 
шешім табуға жетелейтін әдістің 
бірі – проблемалық
 
талдау. Ол көр-
кем туынды негізіндегі проблеманы 
дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-
тартысқа 
жетелейтін 
сұрақтар 
әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық 
идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті 
т.б. негізінде туындайды.
Осы негізде талдаудың мынадай 
жобасын, үлгілерін ұсынамыз: 
І. Көркем туынды негізіндегі автор 
ойы, идеясына талдау жасау. 
10-сыныпта М.Дулатовтың аза-
маттық лирикасын оқытуда мәселе-
ге дәстүр және жаңашылдық тұрғы-
сынан қарау, отаршылдық езгіге 
қарсы күрескерлік үні, әсіресе жер 
мәселесін ХVІІІ ғасырдағы жыраулар 
поэзиясы, ХІХ ғасырдағы «зар за-
ман ақындары», Махамбеттің күрес-
кер поэзиясынан бастап талдау 
тиімдірек. Дәстүрлі тақырып, оған 
Міржақыптың жаңаша көзқарасы, 
жаңаша жырлауы туралы сөз қозғау 
оқушының өткен материалға қайта 
үңілуіне, негізгіні саналы игеруіне 
мүмкіндік туғызады.
ІІ. Кейіпкерлердің іс-әрекетін 
салыстыру арқылы автордың образ 
жасау шеберлігін ашу. 11-сыныпта 
М.Жұмабаевтың 
«Батыр 
Баян» 
дастанын оқытуда мына сұрақтар 
негізінде ізденіп, әрі кейіпкерге 
мінездеме беруге, автор шеберлігіне 
мән беруге болады.
Шығарманың көркемдік өрнегіне, 


62
автор стиліне талдау. 
Бұл үндес, ұқсас мәтіндерді 
салыстыру арқылы жүзеге асады. 
11-сыныпта С.Сейфуллиннің «Көкше-
тауы» мен М.Жұмабаевтың «Батыр 
Баян» дастандарының тілін талдау 
үшін екі ақын шығармасындағы 
сұлу Көкше келбетін салыстырып, 
стильдік ерекшелігін ашуға болады. 
ІV


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет