Ж. О. Жылбаев Бас редактордың орынбасары



Pdf көрінісі
бет8/35
Дата08.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#119337
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Жаднама
1. Барлық әріптер немесе сандар-
ды рет-ретімен көрсете отырып, 
тезірек ата. 
2. Бір-бірінен кейін орналасқан
екі-үш сандарды есіңе сақта. 
3. Көздерің кестенің ортасына қа-
рағанымен, оны тұтас көретінін есіңе 
сақта. 
Жедел жадының дамуы 
Мысалы, мынадай көріністі жиі 
байқауға болады: бала 6-8 сөзден 
тұратын сөйлемді оқыды. Ортасына 
дейін жеткенде, бірінші сөзді ұмытып 
қалды. Сондықтан ол барлық сөз-
дерді біріктіре алмай, сөйлемнің 
мағынасын түсіне алмайды. Бұл жағ-
дайда жедел жадыны дамыту үшін 
қажетті жұмыс істеу керек.
Бұл профессор И.Т. Федоренко 
әзірлеген және ұсынған мәтіндері 
бар көру диктанттары арқылы жаса-
лады. Көру диктанттары 18 құрамнан 
тұрады. Ерекшелігі: бірінші құрамда-
ғы бірінші сөйлем-8 әріптен, он сегіз-
інші құрамдағы соңғы сөйлем-46 әріп-
тен тұрады, яғни әр сөйлемдегі сөз 
бір әріпке көбейіп отырады. Жұмыс 
жасау уақыты 18 құраммен-2 ай. Бұл 
мерзім ішінде оқушының қабылдауы 
жақсарады, ол 8-9 сөзден тұратын 
сөйлемді оқи алады, мағынасын түсі-
неді. Оқу оқушыны қызықтырады, 
сондықтан оқыту процесі тез жүреді, 
жақсарады. 
1. 
Диктант күн сайын жазылуы 
тиіс. Сонда ғана нәтиже береді. Оқу-
шылар сөйлем мазмұнын тез ұғады, 
қызыға оқиды. Сөйлемдерді сабақ 


17
Орташа әр топтамаға 3 күн, 18 
топтамаға 54 күн, екі ай көлеміндегі 
уақыткетеді. Екі ай ішінде жедел 
жадты дамытуға мүмкіндік бар. Бұл 
шартты міндетті түрде сақтау керек. 
Көру диктанты күнде жазылуы қажет. 
Егер күн ара жазылса, онда мұндай 
жаттығу жедел жадты дамытпайды. 
Егер екі күн не болмаса үш күннен 
кейін жазылса, ол ешқандай нәтиже 
бермейді. 
Әлбетте, жаттығу жұмыстары бір 
айдан кейін оқылымға үйретуде 
алғашқы нәтижелерін береді: оқушы-
лар сөйлемнің мағынасын жылда-
мырақ ұғынады, ынталана оқиды. 
Зайцев Всеволод Николаевичтің 
кітабында кез келген жағдайда 
шапшаң оқу дағдысын қалыптастыру 
ұсынымдары берілген: 
1. Ұзақтығы емес, жаттығу жұ- 
мыстарының жиілігі маңызды. 
Адамның есінде үнемі көз алдын-
дағы емес, әлсін-әлсін көрінетін: 
біресе бар, біресе жоқ болып 
тұратын нәрсе қалады. Дәл соның 
өзі қоздырады және есте қалдырады. 
Егер біз оқушылардың оқу дағдысын 
қалыптастыруға 
көмектескіміз 
және оларды автоматты түрге 
жеткізгіміз келсе, онда күнде бір 
нақты белгіленген уақытта шағын 
мөлшерде (оқу ынтасын кідіртетін 
1-1,5 сағаттық қажетсіз жұмыстан 
гөрі күніне үш рет шағын мөлшерде) 
жаттығулар жасау қажет. 
2. Ызыңдап оқу. 
Ызыңдап оқу деген не? Мұндай 
оқуда барлық оқушылар бір мезетте 
дауыстап, сыбырлап, біреуі жылдам, 
екіншісі ақырынырақ әрқайсысы өз 
оқу жылдамдығымен оқиды. Егер 
сабақтың бес минутын осындай оқуға 
жіберсек, нақты нәтижеге жетуге 
болады (оқылым сабақтарында). 
3. Әр сабақ сайын бес минуттық 
оқу.
Сабақ сайын балалар кітапты 
ашып, бес минут ызыңдап оқиды. 
4. Ұйықтар алдындағы оқу.
Бұл 
жақсы нәтиже береді. Өйткені соңғы 
оқиғалар эмоционалды есте сақта-
лып қалады, яғни адам ұйықтағанда, 
8 сағат бойы сол әсерде болады.
5. Аялауыш тәртіптегі оқу (егер 
бала оқуды ұнатпаса). 
Жеткіншек бір-екі жолды оқиды 
және содан кейін қысқа мерзімге 
демалады.
6. Көп дүркіндік оқу.
1 минут ішінде оқушылар мәтін-
ді сыбырлап оқиды және тоқтаған 
жерін белгілейді. Содан кейін мәтінді 
тағы оқып, тоқтаған жерін белгілеп, 
алдыңғы нәтижемен салыстырады. 
Әрине, ол екінші рет бірнеше сөз-
ге көбірек оқиды. Оқу жылдамдығы 
шапшаңырақ болғандықтан, жағым-
ды эмоция тудырады, оқушыларда 
оқу ынтасы пайда болады. Бірақ бір 
үзіндіні үш реттен артық оқытуға 
болмайды. Одан да тапсырманы 
өзгертіп, осы үзіндіде артикуляция 
аппаратын жаттықтыру, яғни И.Т. 
Федоренко мен И.Г. Пальченко жүйе- 
сінің жаттығуларын (жаңылтпашты 
оқығандай оқу) қолданған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет