Қолды антисептикпен тазарту
Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқасқа және медициналық қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: иньекция, операция катетерлеу жасар алдында.
Қарсы көрсетілімдері: қолда және денеде іріндердің, теріде сызаттан және жарақа ттың, тері ауруларының болуы.
Дайындаңыз: 70% этил спиртін және т.б. антисептиктерді залалсыздандырылған мақта шариктерін, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолыңызға гигиеналық деңгейде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара).
Қолыңызды спиртпен ылғалдандырылған мақта шариктерімен тазартыңыз: тырнақ ұясын, тырнақ жанындағы валикті айналмалы қозғалыспен, саусақтардың ішкі беттерін жоғарыдан төмен қарай қимылмен, сосын қолдың алақан бөлігін.
Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |