Ж. Т. Сарбалаев конверсия мәселелері дәрістер топтамасы


-дәріс СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ БІР-БІРІНЕ АУЫСУЫНА ТҮРТКІ БОЛАТЫН ФАКТОРЛАР



бет7/14
Дата19.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#181625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
b212

7-дәріс


СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ БІР-БІРІНЕ АУЫСУЫНА ТҮРТКІ БОЛАТЫН ФАКТОРЛАР

Тілдің тарихи даму барысында ондағы барлық кұрылым, жүйе, құбылыс атаулы өзгеріске ұшырап дамып отырады. Бұл процестен, әрине, тілдегі лексика-грамматикалық категория ретінде танылатын сөз таптары да шет қала алмайды. Сөз таптарының дамуы ең алдымен олардың жаңа сөздермен толығуьнан, жаңа грамматикалық категориялар мен грамматикалық формаларға ие болуынан аңғарылады.


Сөз таптарының соны сөздермен толығып, молайьп отыруының, біздіңше, екі жолы бар: а) сөзжасамның жалпыға белгілі сөз тудыру тәсілдері арқылы (мысалы, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және т.б. ә) басқа сөз таптарынан ауысып келген сөздердің негізінде. Соңғы тәсіл жалпы тіл білімінде сөзжасамның бір амал-тәсілі ретінде қолданылады да, ол конверсиялык тәсіл деп аталады.
Конверсиялық тәсіл арқылы яғии сөз таптарының бір-біріне ауысуы негізінде жаңа сөз тудыру дүниежүзіндегі көптеген тілдерде, атап айтқанда, ағылшын, неміс, француз, молдован және т.б. тілдерде кең тараған құбылыс. Аталған тәсіл бойынша сөз тудыру амалы қазақ тіл білімінде енді-енді ғана зерттеліп, ол жайында ғылыми-ой тұжырымдар бірте-бірте орнығып келеді. Конверсия проблемасын, әлбетте, бір мақаланың аясында талдап-таразылап, шешіп тастау мүмкін емес. Сондықтан біз бұл еңбегімізде сөздердің бір категориядан екінші бір категорияға ауысуына түрткі болатын факторларға, олардың түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдік.
Сөздер бір сөз табынан екінші бір сөз табына қалай болса солай ауыса салмайды. Олар белгілі бір зандылыққа бағынады. Басқа сөз табынан ауысып келген сөздің категориальды мағынасы мен түрлену жүйесі (парадигмасы), синтаксистік функциясы өзгереді. Осыған байланысты лингвистикада, сөз таптарының бір-біріне ауысуы сөз болғанда, осы өзгерістерге әсер еткен, олардың әрқайсысы сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына өтуіне қолайлы жағдай жасаған факторлар ретінде жеке-жеке қарастырылады. Сонымен, сөз таптарының бір-біріне ауысуына себеп болатын үш түрлі тілдік фактор бар. Олар: а) лексика-семантикалық фактор, ә) морфологиялық фактор, б) синтаксистік фактор.
1. Лексика-семантикалық фактор. Бұл фактор сөздің семантикалық жақтан дамуына, оның мағыналық құрамының тарамдалып, таралып дамуына ықпал етумен шектеліп қалмай, оның категориальды мағынасына да әсер етіп, терең өзгерістер туғызады. Соның арқасында жалпы категориальды мағына да өзгеріп басқа сөз табының катего­риальды мағынасына ауысады. Кейбір ғалымдар басқа факторларға қарағанда семантикалық факторды басты фактор деп есептеп, бірінші орынға қояды. Е.В.Ковалевская бұл жайында: I.. .что при анализе пе­реходных явлении среди части речи семантический фактор является важнейшим!-десе, [1.62], А.Н.Каламова: сөз таптарының бір-біріне сөз алмасуында басқа да факторлардың маңызды рөлі бар екендігін айта келіп, I... а главное семантическое возможности создают усло­вия для перехода части речи. Этот процесс перехода части речи в другую происходит путем постепенного и длительного накопления элементов нового качества и постепенного отмирания старые каче­ства-дейді [2.10].
2. Морфологиялық фактор. Сөз таптарының бір-біріне ауысуында тілдегі сөз өзгерту, сөз түрлендіру жүйесі, грамматикалық септелу мен грамматикалық жіктелудің маңызы айрықша (тіл білімінде әдетте сөз өзгеру, сөз түрлендіру жүйесі парадигма деп аталады). Сөз таптарының конверсиялану барысында парадигма да үлкен роль атқарады. Сондықтан да жекеленген ғалымдар парадигманы ең басты фактор деп есептейді. А.Н.Смирницкий: конверсия есть такой вид словообразования (словопроизводство) при котором словообразова­тельным средством служит только сама парадигма слово,-дейді [3.17]. О.С. Ахманованың белгілі сөздігінде де конверсия процесі парадигмамен байланыстырылған: Образование нового слова путем перевода данной основы в другую парадигму словоизменению [4.18].
Сөз таптарының бір-біріне ауысуында парадигманы басты әрі жалғыз ғана фактор деп қараған, әрі оны морфологиялық сөз тудырудың бір жолы деп таныған А.И.Смирницкийдің тұжырымдарын бір жақты деп сынаған Ю.А.Жлуктенко морфологиялық фактордан басқа да факторлардың кем роль атқармайтындығын айтады. Ол былай деп жазады: B предложенном А.И.Смирницким определении конверсии не учитываются различные другие факторы (кроме парадигматичности), действующие при конверсии. Прежде всего роль тех различии в грамматической сочетаемости, которые неизбежно обнаруживается при образовании нового слова, не отрицается, а просто игнорируется! [5.56]. Академик В.В.Виноградов болса: «резко отделить морфо­логического словообразования от синтаксического черезвычайно трудно»,- деп көрсетеді [7.4].
3. Синтаксистік факторлар. Синтаксистік факторлар екі түрлі болады. Оның бірі сөз тіркесінде көрінсе, екіншісі сөздердің синтаксистік қолданысымен ұштасып жатады. Сөздердің конверсиялану кезінде сөздердің басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсуінің, яғни тіркесуінің маңызы өте үлкен. Ю.А.Жлуктенко бұл жайында: «Что акт образования нового слово путем конверсии представляет собой ис­пользование основы исходного слова для оформления ее в другие сло­ва в условиях иной грамматической сочетаемости, типичной для дру­гой части речи при конверсии новое слово образуется не в изолиро­ванном виде, а в его сочетании с другими словами»,-дейді [5.64]. Сөздердің бір-бірімен тіркесуінің нәтижесінде жаңа мағыналы, жаңа сападағы сөз жасалатындығын, мысалы, жалғаусыз тіркескен зат есімдерден көруге болады. Кейде атрибуттық қызметте қолданылып тұрған көптеген зат есімдердің мағыналары сапалық сын есімдердің мағынасымен ұштасып, ұласып сындық мағына иеленеді. Сөзіміз дәлелді болуы үшін мына мысалға алынған сөйлемдердегі жалғаусыз тіркескен зат есімдердің алдыңғы компоненттерінің мағыналарына назар аударайық: құс тұмсық, құмырсқа бел, қалам қас (Т.Жароков); Лизаның күміс күлкісі естілді (С.Ерубаев); Тұр Алатау ұйқысынан оянып, Ұстап жібек бұлт шатырын (Т.Жароков).
Сөйлемде асты сызылған зат есімдер өздерінің о бастағы мағынасыңда қолданылып тұрған жоқ. Керісінше, өз мағыналарын ауыстырып, сындық мағынаны иеленген. Қазақ тіліңде жалғаусыз тіркес-кен зат есімдердің алдыңғы компоненттерінің барлығы бірдей сындық мағына қабылдай бермейді. Мұндай қасиетке тек сапалық ұғымды іштей оңай дамыта алатын алтын, күміс, қыран, балдырған, жібек, кесек жене т.б. тәрізді сөздер ғана ие. Сонымен бірге олар метафоралық қолданысқа бейім. І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев бұл құбылыс жай­ында былай деп жазады: Мұндай зат есімдер сөйлемде сын есімнің орнына жай ғана қалай болса, солай ауыса бермейді, керісінше, белгілі мақсатпен айрықша образды-мәнерлегіштік сипатта жұмсалады [7.115]. Қазақ тіліндегі сөздердің метафораның қолданылуын арнайы зерттеген Б.Хасанов болса: «При синтаксической связи двух имен су­ществительных в именительной основе возможны примыкающие ме­тафорические сочетания. Они, в основном, выражают качественную характеристику»,-деген пікір айтады [8.13]. К.Бейсенбаева осы айтылған пікірлерді былайша дамыта түседі: «Бейнелік мағынада сын есімнің орнына ауысып қолданылатын жалғаусыз зат есімдер тілімізде жиі кездеседі. Сондықтан көбісі тек нақтылы зат есімдермен тіркесуді қалыптастырып, тұрақтандырып та алған. Мысалы, қой мінез, жылқы мінез, жел өкпе, қоян жүрек, алма мойын, ай қабақ және т.б.». (9.26).
Зат есімдер сапалық сын есімдердің қатарына ауысқанда, олар барлығы дерлік сын есімге тән категориальды мағынаны, шырай формалары мен синтаксистік қызметін қабылдайды.
Қазақ тіл біліміңде сөз болып отырған мәселеге байланысты әлі де болса, ұқыпты ден қойып, үңіле зер салып, талдауды керек ететін мәселелер баршылық. Ол, атау тұлғада тұрып-ақ қатыстық мағынаны білдіретін зат есімдердің қазіргі тілдегі жайы. Тілімізде қатысты мағынаны ешбір арнаулы қосымшалардың көмегінсіз, түбір немесе негіз күйінде тікелей көрсететін қатыстық сын есімдер аса мол емес. Әлбетте, бір заттың екінші затқа қатысын, жалғаусыз тіркескен зат есімдердің алдыңғы компоненттері білдіре алады. Мұндай жағдайда зат есімдер арқылы танылатын қатыстық мағына заттардың тегіне, неден жасалғаңдығына байланысты анықталады. Мысалы, болат пышақ, алтын сағат, қасқыр ішік, жібек шапан, күміс қоңырау т.б.
Түркологияда, соның ішінде қазақ тіл білімінде де мұндай тіркестердің бағыныңқы компоненттері сын есімнің сұрағына (қандай?, қай?) жауап бергенімен, бұлар заттың сынын, жай-күйін емес, тегін, неден жасалғандығын білдіретіндіктен зат есімдер болып танылады деген пікір басым. Дегенмен жалпы тіл білімінде, түркологияда соңғы жылдары айтылған біраз ой-пікірлер бұл жайтқа қайта бір оралуды, тіл білімінің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, қайта бір зер са­лып қарастыруды кажет етеді. Мысалы, татар ғалымы Ф.Г.Ганиев: алтын сағат, күміс ақша, тас қабырға тәрізді жалғаусыз тіркескен ағылшын тіліндегі сөз тіркестерінен ешқандай өзгешелігі жоқ деп санап, оларды конверсия аясында қарауды ұсынады. Ағылшын тілінде мұндай тіркестердің алдыңғы компоненттері сөздердің синтаксистік позициясына қарай, тіркесу орнына қарай бірде зат есім, бірде сын есім болып табылады. Ағылшын тілінің әр түрлі сипаттағы лингвистикалық сөздіктерінде де мұндай сөздер осындай түрде, яғни екі сөз табына қатысты мағыналар, бірде зат есім, бірде сын есім түрінде беріледі. Ф. А. Ганиев болса, түркі тілдеріндегі осындай сөздерді кон­версия процесіне жатқыза келіп: «Таким образом, в тюркских языках употребление существительных в качестве прилагательных можно рассматривать как явление конверсии. Ибо оно в тюркских языках принципиально ничем ни отличается от конверсии слов в германских и в романских языках. Рассматрение изучаемого явления в тюркских языках как конверсии, по нашему мнению ближе к истине, чем другие точки зрения»,-деп тұжырым жасайды [ 10.112].
Зат есімдердің сөйлемде сын есімдерге тән анықтауыштық қызмет атқаруын, сын еісмдердің орнына ауысып қолданылуын профес­сор В.М.Жирмунский зат есімдер мен сын есімдердің дифференцияланбауының көрінісі, олардың әуел бастағы тегінің бірлігіне байланысты түсіндіреді. Оның айтуынша: «Основная группа таких имен­ных определении относится к названиям материала, из которого сде­лан определенный предмет. Все такие названия являются двойствен­ными, в зависимости от синтаксического употребление-существитель­ными или прилагательными дей келіп, ғалым бұдан әрі бұл ойын былай түсіндіреді: подобно индоевропейским языкам, но в еще боль­шем числе, тюркские языки сохранили группу имен двойственных со грамматическими значениями существительного или прилагательного в зависимости от синтаксического употреблении» [10.118].
Профессор Г.Г.Санжеевтің көзқарасы да В.В.Жирмунскийдің пікірімен орайлас: B монгольских и тюркских языках наряду с той группы имен которые иногда условно называются, сушествительными и прилагательными, мы находим и такие, которые действительно являются либо существительными, либо прилагательными, граммати­ческий вполне оформленными и отчетливо выделяемыми в особые части речи. [11.89]. Ал Т.И.Грунин болса: «А так в определительных словосочетаниях аналитического типа определение выражает только качественный признак, то любое слово, выступающие как определе­ние в таких словосочетаниях, (ескерту: әңгіме бұл арада алтын сағат, күміс білезік тәрізді сөз тіркестері жайында болып отыр-Ж.С.) вне зависимости от его морфологической структуры и лексических особенностей, должно рассматриваться как имя прилагательное качествен­ное», - деп, мәселені келтесінен бір-ақ тұжырады [12.61].
Синтаксистік фактордың екінші түрі-синтаксистік қолданыстардың яғни сөздердің синтаксистік функциясымен ұштасып жатады. Сөздердің синтаксистік қолданысына, әдетте, ғалымдар үлкен мән береді. Сондай-ақ, тіл білімінде сөз таптарының қалыптасып, пайда болуын синтаксистік қолданыстармен байланыстыра қарайтындығы мәлім. Сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуында да синтаксистік қолданыстар маңызды рөл атқарады. Түркологияда, әсіресе, сөз таптарының конверсиялануында, соның нәтижесінде жаңа сапаның пайда болуында синтаксистік қолданыстар яғни сөздердің функциялық қызметі басты фактор болып табылады деген көзқарас басқа факторларға қарағанда кеңінен тараған. Мысалы, профессор Н.К.Дмитриев түркі тілдеріндегі конверсиялық процесті сөздердің функциялық қызметімен байланысты болып отыратын тұрақты құбылыс деп қарайды [13.15]. А.А.Юлдашев Н.К.Дмитриевтің жоғарыда айтылған пікірін қолдай отырып, оны былайша толықтырады: Упот­ребляясь в своем новом значении регулярно, слово отрывается от сво­их прежних функции и значении сохранившихся в нем, от своих пре­жних функции и значении, связи с другими словами и постепенно при­обретает новые конструктивные связи не совместимые с прежними и характерезующие по нормам данного языка [14.73].
Сонымен, сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы, ең алдымен, функционалдық құбылыс болып табылады. Олар әуелі синтаксистік тұрғыдан игеріле отырып, күнделікті сөз қолданысқа ену дәрежесіне қарай өзі енген басқа сөз табының ерекшеліктерін, болмыс-бітімін қабылдайды. Мұның өзі, бір сөздің басқа сөз табына ауысуын, алдымен синтаксистік игерілуден басталып, лексика-морфологиялық игерілумен аяқталатын процесс екенін көрсетеді.
Синтаксистік қолданыстар өзара түр-түрге бөлінеді. Мысалы, метафоралық қолданыс, метонимиялық қолданыс, синекдохалық қолданыс және т.б. Бұл қолданыстар субстантивация, адъективация, вербализация тәрізді конверсияның әр түрлі формаларында маңызды рөл атқарады. Сөз таптарының бір-біріне ауысуына ықпал ететін бұдан өзге де факторлар бар. Оған, мысалы, сөздердің орын тәртібінің, сөз құрамындағы әр қилы дыбыстардың ассоцияциясын, сөйлем мүшелерінің инверсиялануын және т.б. толып жатқан тілдік құбылыстарды жатқызуға болады. Бірақ бұлар конверсиялық процестерде негізгі, басты факторлар болып табылмайды, олар тек қана қостаушы тең дәрежелі сөздердің бір категориядан екінші категорияға өтуіне әсері, себебі бар факторлар болып саналады. Өйткені, тіл дегеніміз-сан алуан құбылыстар мен процестердің өзара бірлігінен тұратын бірегей, біртұтас организм.
ӘДЕБИЕТ

1. Ковалевская Е.Г. Субстантированные прилагательные их фун­кционирование в текстах художественных произведений. В ст. Семантика переходности. Ленинград, 1977.


2. Каламова Н. А. К вопросу о переходности одних части речи в другие. ІРусский язык в школе, 1965 №5.
З.Смирницкий О.С. По поводу конверсии в английском языке. Иностранный язык в школе. 1954 №3.
4. Ахманова АС. Словарь лингвистических терминов. Москва, 1966.
5.Жлукгенко Ю.А. Конверсия в современном английском языке как морфолого-синтаксический способ словообразование. - Вопросы языкознания! 1958 №5.
6. Виноградов В.В. Вопросы современного русского словообра­зования - Русский язык в школе №2 1952.
7. Кеңесбаев I., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика Фонетика. Алматы, 1975.
8. Хасанов Б. Метрафические употребеление слов в казахском языке. Алма-Ата, 1964.
9. Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдердің жалғау-
сөз тіркестерінің кейбір түрлері. Алматы, 1974.
10. Жирмунский В.М. Развитие категории частей речи в тюркс­ких языках по сравнению с индоевропейским языком. Извест. АН СССР ОЛЯ. Том IV, вып. 3-4,1945.
11. Санжеев Г.Г. К проблеме частей речи в алтайских языках. –ІВопросы языкознанияП952, №6.
12. Грунин Т.И. Имя прилагательное в тюркских языках - Вопро­сы языкознания 1955, №4.
13. Дмитриев Н.К. Об указательных местоимениях в башкирском языке. Труды института востоковедения. Москва, 1947, №4.
14. Юлдашев А. А. Конверсия в тюркских языках и ее отражение в словарях. - ІСоветская тюркология 1970, №1.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет