Ж:Жедел дизентерия , шигеллез
25.Ер адам 20 жаста. Ауруы бір апта басталған: әлсіздік, жүрек айнуы, құсу 4-5 рет пайда болған, тәбеті төмендеген, дене қызуы 380С-қа дейін жоғарылаған. Аурудың 6-шы күні зәрдің қоңырлауын байқаған, 8-ші күні нәжісі түссізденген. Кеше сарғыштықты байқаған, бірақ дене қызуы қалыптасып, жалпы жағдайы жақсарған (жүрек айнуы тоқтап, тәбеті пайда болды). Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен шырышты қабаттары сарғайған. Пульсі – 68 рет/мин. Бауыры 1,5 см-ға ұлғайған. Нәжісі түссізденген. Зәрі қоңыр түсті.
Ең ықтимал диагноз:
Ж:Вирусты гепатит А
26.Әйел адам 35 жаста. Шағымдары: айқын әлсіздік, тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, қайталамалы құсу, сарғыштық, терінің қышуы, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі. 2 ай бұрын қан құйылған (гемотрансфузия). Ауруы 10 күн бұрын басталған: әлсіздік, жүрек айнуы, құсу пайда болған. Аурудың 7-ші күні зәрі қоңырлап, сарғыштық пайда болған. Сол кезде әлсіздік күшейгенін, құсудың жиілегенін байқаған. 1 рет мұрыннан қан кеткен. Объективті: жағдайы ауыр. Әлсіз, адинамиялы. Тері мен шырышты қабаттары айқын сарғайған. Пульсі – 88 рет/мин. Бауыры 1,5-2,0 см-ге ұлғайған. Нәжісі ахолиялы. Зәрі қоңыр түсті.
Ж:Ең ықтимал диагноз: Вирусты гепатит В, жедел формасы
Мұрыннан қан ағуы- бауыр жетіспеушілігінің әсерінен
27.Ер адам, 30 жаста, ауруханада «Вирусты В гепатит» диагнозымен 10 күн бойы ем қабылдап жатыр. Шағымдары: айқын әлсіздік, қайталамалы құсу, тәбеттің жоғалуы, қорқынышты түстер, «құлау» сезімі. Объективті: жағдайы ауыр. Әлсіз, адинамиялы, тежелген. Сұрақтарға баяу жауап береді. Сарғыштығы айқын. Инъекция орындарында геморрагиялар байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульсі 90 рет/мин. Бауыры + 1 см-ге ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті, нәжісі түссізденген.
Науқаста қандай асқыну ең ықтимал болып табылады?
Ж:Бауыр жетіспеушілігі, кома алды жағдай
28.Ер адам, 40 жаста, ауруханада «Вирусты В гепатит» диагнозымен 10 күн бойы ем қабылдап жатыр. Шағымдары: айқын әлсіздік, қайталамалы құсу, тәбеттің жоғалуы, қорқынышты түстер, «құлау» сезімі. Объективті: жағдайы ауыр. Әлсіз, адинамиялы, тежелген. Сұрақтарға баяу жауап береді. Сарғыштығы айқын. Инъекция орындарында геморрагиялар байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульсі 90 рет/мин. Бауыры + 1 см-ге ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті, нәжісі түссізденген.
ИФА нәтижесі: HBsAg+, anti HDV+, anti HB corе total+
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
Достарыңызбен бөлісу: |