4 БАС ЖОСПАР. «ТЖСҚКЖ» ЗАУЫТЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫ.
4.1 Құрылыс алаңының сипаттамасы
«ТЖСҚКЖ» жөніндегі зауыт 1990 жылдан бастап әрекет ететін қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) (қоқыс үйіндісін) көметін полигонның жанында орналастырылады.
Құрылыс алаңы тік бұрышты нысанға ие және:
солтүстік шығыс жағында – қоқыс жағу зауытымен;
оңтүстігінде – ҚТҚ көму полигонымен шекараласады.
Құрылыс алаңы ҚТҚ (қоқыс) полигонының шекарасында орналасқан. Алаң құрылыстан бос, қуаты 3-8 м төгілетін топырақпен жабылған. Алаңның гидрологиялық жағдайы құрылыс үшін қолайлы.
Кәсіпорын үшін алаң - 4,17 Га құрайды.
Кәсіпорын аумағына кіру кәсіпорынның солтүстік батысындағы бөлінген автожол арқылы жүзеге асырылады. СПҚТҚ зауытының құрылысы үшін бөлінген алаң табиғи топырақта көлденеңінен профилденеді.
Достарыңызбен бөлісу: |