Жаңа ғасырдың жарқын жолына қадам басқан ұрпақтың бүгінгіні танып білуі кешегі тарихымызды жете білуімен сабақтасатыны дәлелдене түсетін щығармаларының бірі-"Абай жолы"роман-эпопеясы



бет1/2
Дата02.05.2024
өлшемі42,29 Kb.
#201692
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Мұсабек Б Абай жолы роман эпопеясы


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«Филология» факультеті
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

БАЯНДАМА

Орындаған: Мұсабек Б.


Тобы: ФИ-23-5к
Қабылдаған: Турдалиева Р.

Шымкент, 2024 ж.



Жаңа ғасырдың жарқын жолына қадам басқан ұрпақтың бүгінгіні танып білуі кешегі тарихымызды жете білуімен сабақтасатыны дәлелдене түсетін щығармаларының бірі-“Абай жолы”роман-эпопеясы. Елімді таныту барысында көкейімде “Өз елімді ұшпаққа, яғни әлемге қалай шығарамын?Әлемнің терезесі тең, қатарлы жұрттарының қатарына қалай қосамын?” деген хакім Абайдың ойын сан саққа бөлген мәселе мені де толғандыруда. Егер де Мұхтар атамыздың осы төл туындысы болмаса, сұрақтарыма жауап таппай дал болар едім.
Шығарма Абай жайлы болғанымен, оның бейнесі бүкіл қазақ қоғамының жарты ғасырлық даму жолындағы үдерісі, күресі, Абайдың өсу жолы арқылы халықтың рухани өсуі, кемелденуі қатар өріле тартымды бейнеленеді. Абай өмірінің әр кезеңі, рухани биіктік өлшемі сөз болады. ''Абай секілді ой-арманы азат, шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған ескі заман жетегінде қалған топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен тазалық Абай бейнесін күллі дүниеге паш еткендей'', - деп айтқан Ш. Айтматовтың ой-түйінін қорытындылағанда, Абай ақындығының қос арнасы- ұлттық сөз өнерінің, орыс, батыс әдебиетінің әсері терең ашылатынын көреміз.
Шығармада екі түрлі Ресейдің келбетін танытатын бейнелер бар. Абай дүниетанымының қалыптасуына озық ойлы, халықшыл зиялы қауымның зор ықпалы болғаны өмір шындығына сәйкес көрсетілген. Билікте отырған билеушілер озбыр патшалық өкілді танытса, ал екіншісі Абай ойлас, орыс халқының адал ұлдарының ұнамды бейнесі көркем, тартымды суреттеледі.
Шығармада түрлі тақырыптар, таптық-кереғарлық тартыстар, әйел теңсіздігі тағы да басқа мәселелер көктей өте, іштей біріктірілген. Қазақ жұртының бір ғасырлық өмірін жан-жақты тұрмыс-салттық, әдет-ғұрыптық, наным-сенімдері, ұлттық құндылықтар мол суреттелген. Шығарма мызғымас салт-дәстүрдің, ұлттық құнылықтардың символы болған адамдармен әлемге паш етілді, дүйім жұртқа мәшһүр болды. Міне, сондықтан да “Абай жолы” -қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік әдебиеттің де үздік туындысы. Ол қашан да, қай кезеңде болсын, тарихи һәм көркемдік шығарма болып қала береді.
Роман жанрының барлық қасиеті үйлестірілген азаматтық пен күрескер қайраткерлігі біте қайнасқан шығармада психологиялық, әлеуметтік, саяси жанры бір арнада тоғысқан.
Абай тынысы-заман тынысы, халық үні” деген Мұхтар Әуезовтың пікірін сол замандағы өмір құбылыстары Абайдың жарты ғасырлық өмірінің толық тұрмысын танытады, ол қазақтың дамыған жаңа ұлттық әдебиеті мен тілін байытуға үлес қосты. ’’Қалың елім, қазағым’’ өз халқының болашағына көп алаңдаған Абайдың азаматтық тұлғасы мен эстетикалық талғамын М. Әуезов суреттеп, қайталанбас бейнені жасауда Абайдың жүріп өткен жолы жарқын болашақтың кепілі іспеттес екендігін тағы да бір дәлелдеп өтті.
Абай жолы” - қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтың тарихи-өмірбаяндық роман. Абай жолы романы қазақ әдебиетіндегі тұнғыш жазылған роман-эпопея саналады. Роман әр жылдары бірнеше кітап ретінде жарыққа шықты. Атап айтқанда 1-кітап 1942 жылы, 2-кітап 1947 жылы, 3-кітап 1952 жылы, ал 4-кітап 1956 жылы жарыққа шықты.
Роман “Абай” атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), “Абай жолының” тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді.
Абай жолы” арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40 - 50 жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені “Абайдай шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес.” “Бұл да аз, - деді француз жазушысы Луи Арагон, - әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын. Бұл, менің ойымша , XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі.” Ең талғампаз суреткерлердің аузымен айтылған осындай орасан биік бағаға “Абай жолы” қандай қасиеттерімен жетті? Бұл сұраққа жауап беру үшін эпопеяға тән негізгі ерекшеліктерді ескермей болмайды. Алдымен, тақырып туралы. Кешегі, яки тарихи тақырып бүгіңнің, яки қазіргі күн тақырыбы деп жүрміз. Бір тұста осылар жөнінде айтыс ашып, дауласып та көрдік. Бәрі шартты нәрсе! Кеше, бүгін, ертең... Уақыт жалғастығында жік жоқ, таң атса, ертең бүгңнге, бүгін кешеге айналады. Демек, кешесіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ. Сондай-ақ бүгінгі қазақ кім? Мұны тану үшін кешегі қазақты білу шарт. Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды. Әуезов өзінің төрт том “Абай жолы” арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді - өз отандастарына, керек десеңіз тіпті - қазақтардың қзіне қазақ дегеннің кім екенің танытты. Дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлылығын - оның өткен өмірін, тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық һәм шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жаратып, ашып, жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді. Сондықтан да, «Абай жолын» оқыған Бенжамен Матип «қазақ неткен ғажайып халық» деп өзін-өзі ұмыта таңырқаса, Константин Федин «өзінің қалай қазақ боп кеткенін білмей қалған». Сондықтан да бүгінде Л. Н. Толстойды оқымай орысты, О. Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын.
«Абай жолының» бас кейіпкері - Абай. Құнанбаев. Біз ақынның өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын... бәр-бәрін түгел шарлап өтеміз. « Халық » дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр.
19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ өмірінің бұл төрт кітаптан тыс қалған бір де бір қалтарысы жоқ. «Абай жолының» мазмұн жағынан алғанда жалпы жұрт мойындаған энциклопедялық сипаты, жанр жағынан алғанда қазақтың тұңғыш эпопеясы екендігі де осында жатыр. Тағы бір күрделі ерекшелік - осынау кең құлашты халықтық эпопея бастан-аяқ тартысқа, қарама-қарсы күштердің қым-қиғаш күресіне құрылған және осылардың бәрі диалектикалық қимыл-қозғалыс, өсу-өрбу, өрістеу үстінде көрсетілген. Мысал үшін шығарманың негізгі арқауындағы арналы тартысты алайық. Бәрінен бұрын мұнда жеке адамдар арасындағы психологиялық шиеленістер, қарым-қатынастағы қайшылықтар, әлдінің әлсізге қиянаты, зорлығы, қаныпезерлікке ұласқан қаталдығы (Қодар мен Қамқа оқиғасы); одан өрбіген ру мен ру арасындағы кескілестер - жер дауы, жесір дауы, құн, барымта, алыс-жұлыс, айқастар; осылардың жалпы жұртқа тиген зардабы - түрлі сипаттағы қаналулар: кедейленулер, қаңғып-тентіреулер, жұтқа ұшыраулар, жатақтардың пайда болуы, қазақ даласына орыс қоныстанушыларының келуі, жарлы-жақыбайлардың өзара ынтымағы, олардың үстемдерге қарсылығы, бұл қарсылықтар үстінде көрінген жалаңтөстер, олардың жазалануы, жер аударылуы, осы арқылы бірте-бірте ескі мен жаңаның ара жігі ажырап, күрестің жаңаша сипат алуы... Осылардың бәрі қара қылды қақ жарған әділдікпен адал, ақиқат шындық шеңберінде тағы да нақты және даму үстінде көрінуі - шын мәніндегі реалист-суреткердің айта қалғандай дарын күшіне, талант қуатына саяды. Эпопеяда ешбір адам жоғарыдағыдай тартыс арнасынан шет қалмайды. Бәрінің характерлері, сол қым-қиғаш күрес үстінде қалыптасады. «Абай кезіндегі қазақ даласында,- дейді автор, - күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні мен Құнанбай образына жинақтадым. Ал, оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар. Сондықтан, ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты - ескі мен жаңаның диалектик, қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болдым». Бұл - аса қиын әрі қатерлі адым. Күрес пен тартысты анық жауласқан қарама-қарсы екі жақ емес, туған әке мен баланың арақатысына құру бұрылтпас және көл-көсір психологиялық дәлелдер таппаса, көптің сана-сезіміне бір қарағанда жете қоймайтын нанымсыз нәрсе секілденеді. Реалист-суреткердің айта қалғандай шығармашылық күш-қуатының тағы бір керемет көрініс тапқан тұсы - осы ара: әке мен баланың өзара ымырасыз жауларға айналуы, нәтижесінде Абайдың әкеден біржола тұсау үзіп, іргесін ажыратуы. Оқырманды осыған қалтқысыз сендіруі - автордың қисапсыз шеберлігі болса, соның нәтижесінде көрінген «Абайдың қасиеті - өз табының тілегінен көп қиналыстар, толғанулар, тәнге-жанға түскен жаралар арқылы жыртылып айырылуында, өз заманынан биік тұруында». Бұл - эпопеяның идеялықаласытақырыптық негізінің мызғымас мықтылығы. «Абай жолының» граниттей берік ірге тасы осынша шебер қаланған. Ал, сюжет пен композицияға келетін болсақ, мұнда да Әуезов суреткерлік шеберліктің үлгісін көрсеткен. Төрт кітаптың өн бойында адам образдарын жасауға қызмет етпейтін бір де бір деталь, штрих, керек десеңіз, бір де бір сызық жоқ. Бәрі де мінездеу мен мүсіндеу, жинақтау мен даралау міндеттерін атқарып тұр. Әр характердің жасалу тарихы бар. Әр образ тип дәрежесіне дейін көтерілген. Басты кейіпкерлер ылғи өрбу, өсу үстінде көрінеді. Ӏ-кітаптың басында қаладан аулына асығып келе жатқан бала шәкірт пен 4-кітаптың аяғында жарық дүниеден жөнеліп бара жатқан данышпан ақынның екі арасындағы қырық бес жыл тек қана Абайдың адам, азамат, ақын ретіндегі өзгеруімен, жаңғыруымен, жаңаруымен, құбылуымен, құлпыруымен өтетіні сияқты әрбір ірі, іргелі қаһармандар не ілгерілеп, не кері кетіп, не өрлеп, не құлдырап, не өліп, не тіріліп отырады. Статикалық түрде бір де бір құбылыс жоқ, бәрі динамикалық сипатта. Бұл сюжет мінсіздігінің нәтижесі.
Осылардың бәрі композициялық бүтіндікке көшкен жағдайда жазушының тағы да адам таң қалғандай шеберлігі ширатылып шыға келеді Мұны Мүсірепов дәл аңғарған: «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деген - әр бөлімнің аттары. Осыны біріне бірін жалғап, бір саты етсең, қат-қабат, шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. Бұл - үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге бұл - Құнанбайдың да баспалдақтары. Осы сатыларды төмен қаратып қойып, аяғынан басына қарай оқысаң, бұл жоғарыдан ылдилап келе жатқан Құнанбайдың жолы болып шығады. Сонда, Абайдың жолы - «қайтқанда, қат-қабатта, шытырманда, бел-белесте, өрде, қияда» болып шығады да, Құнанбайдың жолы - «қияда, өрде, бел-белесте, шытырманда, қат-қабатта, қайтқанда» болады. Бірі - көтерілу, бірі түсу, төмендеу жолы. Үшінші, бұл - Құнанбай тобының да, Абай тобының да жолы». 1-кітаптың композициясын бұдан артық дәл сипаттау қиын. Сол сияқты әр кітаптың жеке-жеке және төрт кітаптың жалпы композициясын да осы ретпен таратып-тұтастырып шығуға болар еді. Бірақ ол шарт емес. Бәрінің бірімен, бірінің бәрімен бірлігі секілді, бәрінің түзілісін бірінің құрылысымен сипаттауға әбден болады. Жаңағы пікір 1-кітаптың жалпы мазмұнына қатысты айтылды. Сол сияқты мұндағы полифониялық сырды, я болмаса көп проблемалылықты, олардың бәрі барып тоғысар үлкен арнаны да әлгі ретпен байыптап шығуға болар еді.
Айталық, 1- кітаптың 1-бөлімідегі бірінші тарау:


  • 1) «Үш күндік жолдың соңғы күніне барын салған бала шәкірт» астындағы жарау құлабестісін ағызып-ағызып алып, жаппақ жазықтың белінен-беліне көтеріліп, қасынудағылардан оза шауып, алып-ұшып келеді. Бұл арадағы тақырып - туған жер, идея - сағыныш.

  • 2) Жолаушылар жайлаудағы ауылға жетті. Абай әйелдер кұшағыңда, жаппай, жағалай сүйіс, енді бірде әже қасында, әжесін өлеңмен алдап үшкіру, қуаныш-күлкі, бәрі мәз-мәйрам, мәре-сәре. Бұл арадағы тақырып - ана, идея - мейірім.

  • 3) Абай үлкен үйге кірді, Құнанбай қасында, Құнанбайды қоршаған ақсақал-қарасақалдар арасында үнсіз, жым-жырт тыныштық, бірін-бірі баққан суық жүздер, әлдебір кеселді құпияны әркім өзінше іштей салмақтап, сілтідей тынып қалған. Бұл арадағы тақырып - әке, идея - мейірімсіздік...

Дәл осы ретпен жеке алғанда бір кітаптың, жалпы алғанда төрт кітаптың бар проблемасын ақтара-төңкеріп, өріп шығуға болар еді. Сонда эпопеяның бар саласын, ойы-қырын түгел шарлап, кезіп шығуға болар еді...
«Абай жолының» энциклопедиялық сипаты туралы академик Қ. И. Сәтбаев аса әдемі айтты: «Қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі бұл кітапты жанап өте алмайды: ғалым-филолог одан фольклордың бай материалдарына қанығумен қоса, қазақ әдеби тілі мен сөздігінің қаз басуы мен қалыптасуын көреді; ғалым-этнограф қазір көне заманмен қоса көнерген небір тұрмыстық белгілер мен өмір құбылыстарын біледі. Құс салып, саят құрған, қыз ұзатып, ас беруді, өлік жөнелтуді суреттейтін тараулар, билер айтысы мен билік шешкен қазылық картиналарының әрқайсысы жеке-жеке-ақ ғылыми-этнографиялық толайым еңбектерге парапар; ғалым-экономистер Қазақстанның XIX ғасырдағы халық шаруашылығының құрылысынан дәлме-дәл нақты мәлімет алады, ондағы тап қайшылығының өзіндік ерекшелігімен танысады; ғалым-юристер шариғаттан бастап, билер кесіміне шейінгі даланың заң-жобаларынан бағалы мағлұматтар жинайды». Классикалық эпопеяда жан тебірентер көркемдік күшпен жинақталған өмірдің жиынтық шындығы ғылымның әр саласындағы маман адамдар үшін осындай таным-тағылым қайнары болса, қалың оқырман үшін Абайдан Дәрменге дейінгі барлық басты кейіпкерлер ақыл мен сананың, арман мен ойдың сарқылмас кені секілденеді. Демек, шығармаға ауадай керек нәрсе - парасат (интеллект) десек, «Абай жолын» оқыған адам өмірдің өнерге айналған академиясынан өткендей болады. Задында, таланттар тарихы мен тағдырын барлай қарасақ, басты жазушылардың бәрі ғұмыр бойы өзінің бас кітабын жазу мақсатында әрекет еткен және солардың талайы жазып үлгіре алмай кеткен. Туған халқына мәңгілік мура болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. «Абай жолы» - ұлы жазушының ұлы туындысы - бас кітабы, ол өзінің өлшеулі ғана ғұмырында өлшеусіз шығармашылық ерлік жасап, өзінің осынау мәңгілік кітабын жазып үлгіріп кетті. Дананың өз ортасынан әрқашан озық, оқшау тұратын даралығы да осы арада жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет