Жаңа жағдайдағЫ Қазақстан


Денсаулық сақтау саласын дамыту



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі28,51 Kb.
#97514
1   2   3   4
Байланысты:
Жолдау 01.09.2020

Денсаулық сақтау саласын дамыту
Пандемия туындатқан дағдарыс бізді көп нәрсеге үйретті. Мәселен, дәрігердің еңбегін бағалай
білетін болдық. Бір кезде медицина қызметкерлерінің мемлекет назарынан тыс қалғаны рас еді.
Дәрігер мамандығын материалдық тұрғыдан да нығайта түсу маңызды болып отыр. Бюджетті таяудағы нақтылау кезінде екінші жартыжылдықта медицина қызметкерлерін ынталандыратын қосымша төлем үшін 150 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.
Мұны біз қазіргі дағдарыс кезінде қолға алып жатырмыз, енді оны жүйелі түрде жүзеге асыруымыз керек.
2023 жылға қарай дәрігерлердің жала­қысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық
болады. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәсе­лесі шешілді, бірақ отандық фармацевтика саласын аяғынан тұрғызу керек. Барлық негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуге тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін.
Тағы бір мәселе – медициналық инфра­­құрылымды дамыту. Жыл соңына дейін еліміздің аймақ­
тарында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі. Бұл – осы мақсатқа орай 1,5 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз.
Елбасының бастамасымен Нұр-Сұл­тан және Алматы қалаларында 2 көпса­лалы медициналық орталық салынады. Бұл орталықтар еліміздің бетке ұстар мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін беретін болады.
Үкіметтің алдында алғашқы дәрі­гер­лік көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау
міндеті тұр. Бұл қызмет қалың жұртшылық, әсіресе ауыл тұрғындары үшін мейлінше жедел әрі қолжетімді болуға тиіс.
Шалғайдағы өңірлерге көлік арқылы дәрігерлік қызмет көрсету ісін қайта қал­пына келтіру
шараларын жүзеге асыр­ған жөн. Денсаулық сақтау ісінің тиім­ді моделін құру арқылы үш жыл ішінде барлық ауылдық елді мекенді фельд­шер­лік-акушерлік пункттермен және дәрі­герлік амбулаториялармен қамтамасыз ету қажет.
Пандемияға орай эпидемиолог, инфекционист, реаниматолог, пульмонолог, кардиолог сияқты
сирек мамандық иеленетін дәрігерлерді даярлау мәселесі өткір қойылып отыр.
Үкіметке медицина мекемелерін кадр­лармен қамтамасыз етуге арналған ұзақ мерзімді (он жыл) болжам әзірлеуді тапсырамын.
Ұлттық денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар бар­­лық медицина
мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен толық жарақтан­ды­руға, науқастарға арналған орындар қо­рын 50 пайызға жаңартуға, ескірген ин­­фра­құрылымды ауыстыруға, өмір ұзақтығын болжамды 75 жасқа дейін жет­кі­зуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет