паспорт алуға мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК немесе 21 208 теңге;
жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 530 теңге.
Егер азамат жеке куәлікті ауыстыруға уақытылы өтініш бермесе, онда оған 7 АЕК немесе 18 557 теңге айыппұл салынады.
Әдетте құжаттарды алу мерзімі 15 күнге дейін уақыт алады. Десе де қосымша ақы төлеп, құжаттарды жедел алуға болады.
Облыс орталықтары үшін:
Жеделдіктің бірінші санаты – үш жұмыс күніне дейін – 4 983 теңге;
Жеделдіктің екінші санаты – бес жұмыс күніне дейін – 2 752 теңге.
Облыстардың аудандары мен қалалары үшін:
Жеделдіктің үшінші санаты – жеті жұмыс күніне дейін – 1 166 теңге.
Ал жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК немесе 3 314 теңге.
Стипендия көтеріледі
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қаңтарынан студенттердің шәкіртақысын 25%-ке ұлғайтуды тапсырды. Мемлекет басшысы бұл туралы Жастар жылының жабылу салтанатында мәлімдеген еді.
Келер жылдан бастап студенттердің стипендиясы былай өзгереді:
Достарыңызбен бөлісу: |