2-Формат. Күндізгі оқыту форматы 1-11 сыныптар.
Ауыл мектептерінде бір сыныпқа 15 оқушыға дейін күндізгі оқыту форматы ұйымдастырылады.
Ауыл мектептерінде күндізгі оқыту форматы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша, тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша санитарлық қауіпсіздік шараларына сәйкес жүзеге асырылады.
Оқыту мектепте барлық сыныптарда, оның ішінде мектепалды сыныптарда білім алушылардың күн сайынғы температурасын өлшеуді қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.
Нормадан жоғары температурасы бар балалар үйге оралады, ауырған адамдар анықталған жағдайда барлық сыныпты қашықтан оқытуға көшу қамтамасыз етіледі, мектеп жұмысын жалғастырады.
Ауылдық мектептерде оқытудың штаттық режимін ұйымдастыру кезінде мынадай шараларды сақтау қажет:
1) басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сабақ кестесін құру;
2) әлеуметтік алшақтықты сақтау үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;
3) кабинеттік жүйені алып тастау, әр сынып белгілі бір кабинетте орналасады;
4) әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасындағы үзілісті ұйымдастыру;
5) мектепке кіру кезінде медицина қызметкерінің білім алушылар мен педагогтердің температурасын күн сайын өлшеуі;
6) маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;
7) оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
8) кабинеттерді және барлық жайларды желдету, кварцтау;
9) қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану;
10) әрбір екінші сабақтан кейін сынып бөлмелерін ылғалды жинау;
11) дәліздердегі, реакреациялардағы, холлдардағы және басқа үй-жайлардағы ауысымдар, шағын ауысымдар арасындағы ылғалды жинау;
12) мектеп асханасының/буфеттердің жұмысын тоқтату;
13) күн сайын температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, ауырғандар анықталған, карантин жарияланған және барлық сыныптың қашықтан оқытуға көшкен жағдайда сыныптағы білім алушылардың жағдайын бақылауға, кейіннен сыныпты штаттық режимге қайтарғанда оқшаулауға арналған медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;
14) таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету;
15) мұғалімдерге кабинеттерде жүруге, мұғалімге баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады;
16) мектеп заттардың, кабинеттердің, реакциялардың, холлдардың және басқа да үй-жайлардың бетін өңдеу үшін жеткілікті мөлшерде дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі;
17) мектептің кіреберісінде дезинфекциялау тоннельдері, аяқкиімге арналған дезинфекциялау кілемшелері орнатылады, барлық қабаттарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады, термометрия қамтамасыз етіледі;
18) сапалы сумен жабдықтау, қолды жуу құралдары қамтамасыз етіледі.
Оқу форматына қарамастан, қазақ тілінде оқитын «Балапан» телеарнасында орыс тілінде оқитын оқушыларға «Ел-Арна» телеарнасында дүйсенбі жұма күндері аралығында сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін теледидарлық қосымша сабақ арқылы оқу мүмкіндігі беріледі. Теледидар сабақтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми арналарында ақысыз көрсетіледі. Теледидар сабақтары қосымша білім беру ресурсы ретінде қолданылады.
Теледидар сабақтары әлеуметтік желілерде жарияланған кестеге сәйкес өтеді.
Теледидар сабақтарының ұзақтығы 10-15 минуттан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |