2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ПЕДҰЖЫМ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
Заманауи білім технологияларын енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру, арнайы және гимназиялық компонент курс жүйелерін жетілдіру бойынша жұмыстарын жалғастыру.
Көп тілдік білім берудің негізі ретінде мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, оның қарқынды енгізілуін және оқушылардың оқыту сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастыру.
Дарынды балалармен жұмыс жасау жүйесін жетілдіру, гимназиялық және пәндерді тереңдетіп оқытылатын сынып оқушыларының пәндік олимпиадалар мен ғылыми байқауларға қатысу нәтижелілігін арттыру.
Аналитикалық – рефлексиялық мәдениеттілігін дамыту арқылы педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Мектептің өздігінен басқару жүйесін жетілдіру арқылы оқушылардың әлеуметтік белсендігін арттыру.