«Жаңа тарих» ұғымының қалыптасуы



бет2/3
Дата31.01.2022
өлшемі32,61 Kb.
#116660
1   2   3
Байланысты:
Дарис 1 ЕАЖЗТ

Жаңа тарих кезеңіндегі тарихи үдерістің негізгі мəні капиталистік қоғамдық-экономикалық құрылыстың қалыптасуы, нығаюы болып табылады. Капитализм жаңа дəуірде буржуазиялық революцияның нəтижесінде феодализмді жеңе отырып, өзінің кемеліне жетіп өндіргіш күштерді қауырт

дамытты.


Жаңа тарих барысында капитализм тек Еуропа елдерінде, Солтүстік Америкада жəне Жапонияда ғана жеңді. Əлемдік тарихи үдеріске тəн əрқилылық пен мерзімдік əртүрлілікке орай капиталистік пен қоса капиталистікке дейінгі қоғамдық-экономикалық құрылыс та бірге өмір сүрді. Жаңа дəуірде ұзақ уақыт бойы əлемнің көптеген өңірінде, ең алдымен Азияда, Африкада, əсіресе Латын Америкасында бір-бірімен жəне капитализммен өте күрделі өзара əрекеттестікте болған феодалдық, құлиеленушілік, тайпалық қатынастар үстемдік етті.

Дегенмен капитализм жаңа дəуір барысында əлемдік деңгейде жетекші қоғамдық-экономикалық құрылыс болды. Əлемдік дамудың шешуші күшіне айналған капитализм капиталистікке дейінгі əртүрлі қатынас түрлерін ығыстырып өзіне бағындыра алды.

XVII-XVIII ғасырларда батыстық Еуропа елдеріне тəн негізгі даму үрдістері қандай еді. в XVII-XVIII ғасырдың екінші жартысы – Еуропа мен Америка елдерінің капитализмге өту үдерісіндегі маңызды кезең.

XVI ғасырда айқындалып, біржарым ғасыр бойы бұл үдеріс əлдеқайда жеделдетіліп, əсіресе XVIII ғасырда өзіне тəн сипаттарға ие болды. Бұл мануфактуралық капитализмнің өрлеу дəуірі еді, алайда көптеген елдерде капиталистікке дейінгі қатынастардың басым болу жағдайында (Еуропада –феодалдық) жүзеге асты. Сонымен қатар бұл ғасыр мануфактуралық капитализмнің аяқталу дəуіріне де сай келеді. Дəуірдің өтпелі сипаты көптеген елдердегі қоғамдық құрлымның феодалдық негізінің болуымен жəне қолданылуына жəне сонымен бірге бірқатар экономикалық тұрғыдағы жетекші елдерде буржуазиялық қатынастарға негізделді.

Дегенмен дамудың негізгі үрдісін капитализмнің кейінгі даму үдерісі белгіледі. Ең соңында қоғамдық өмірдің барлық саласының – экономикалық, əлеуметтік, саяси, нанымдық-мəдени дамудың заңдылықтары мен ерекшеліктері айқындалды.

А лғашқы қорлану деп аталынатын – еңбекші халықты қанау, өндіріс құралынан капиталистікке дейінгі қоғам еңбекерлерінің (шаруалар, қолөнершілер) бөлінуі – əр елге тəн өзіндік жолмен жүріп жатты. Ол капитализмнің пайда болуына қажетті жағдайды тудырды. XVII-XVIII ғасырлардың екінші жартысында бұл өзекті үдеріс экономикалық алдыңғы қатарлы елдерде мемлекеттің нақты бағытталған саясатымен, яғни Англияда

- бөлектену жəне басқа да көптеген шаралардың заңдастырылуымен, Голландия мен Францияда – салықтық ауыртпалықтың күшеюімен, мемлекеттің ұлттық экономиканы қатаң түрде қолдауымен жеделдетіле түсті.

Мемлекеттік билік «алғашқы қорлануға» қолдау көрсетуде, билеп- төстеушілердің қолына байлықтың ағыла түсуі үшін мемлекеттік несие бөлу, оның сыйақысы өзі де ауқатты несие берушілердің қалтасына түсетін, əсіресе XVIII ғасырда арта түскен отарлық өктемдік жүргізу сияқты басқа да тетіктерді пайдаланды.

Отарларды айуандықпен қанау жəне XVIII ғасырда өз шегіне жеткен құл саудасы «алғашқы қорланудың» қуатты тетіктерінің бірі болды. Ол метрополия-елдерінде үстем тап байлығының шоғырлануына мүмкіндік туғызды.

Отаршылдықтың бекуі - капитализмнің қалыптасуындағы əлемдік- тарихи үдерістің ажырамас құрамдас бөлігі. Отарлардағы, тəуелді елдер мен аумақтардағы миллиондаған адамдарды қатыгездікпен қанау капитализм жолына түскен азғана метрополия-елдерінің жедел дамуын қамтамасыз етті.

XVII-XVIII ғасырларда кейбір елдердегі капитализмнің даму үдерісіндегі екпіні мен деңгейінің үдемелілігі тым əртүрлі болып қала берді.

Эльбаның батысында орналасқан Еуропа елдерінде капитализмнің даму үдерісі ерте басталғандықтан (мұнда капиталистік қатынастар XIV-XV ғасырларда кездейсоқ пайда болды) капиталистік жолмен бұлжытпай алға жылжыды. Жаңа дəуірдің басында, XVII ғасырдың ортасына таяу, бұл аймақта əлдеқашан Голландық республика деген бір буржуазиялық мемлекет бар болатын. Англия капиталистік өндірістің елеулі дамуымен ерекшеленсе, баяу болса да Франция да сол бағытта болды.

Капитализмнің ерте даму үдерісі аймақтың басқа елдерінде - Италия, Испания, Португалия, батыс германдық өңірлерде жəне империяның батысындағы австриялық шет аудандарда – капиталистік құрылыстың қалыптасуы бірыңғай болған жоқ. Мұнда капиталистік қатынастардың алғашқы бүршігі кейінгі ортағасырларда күш жинап (Англия мен Франциядағыдай, ал Италияда тіпті XIII ғ.), кейін, XVII ғасыр бойы – XVIII ғасырдың бірінші жартысында, əр елдегі əртүрлі себептермен жетіле қоймады, тіпті кей жерлерде басылып та қалды. Тек XVIII ғасырдың екінші жартысында бұл елдерде жаңа капиталистік құрылыс беки түсіп түпкілікті орнады. Орталық жəне Шығыс Еуропадағы Эльбаның батыс жағындағы аумағы негізінен капитализмнің кейінгі даму үдерісінің аймағы болып табылады.
2.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет