Жүністегі К. Темір –Астау: деректі әңгімелер [Текст] / К.Жүністегі.-Алматы:Хан Тәңірі,2014. – 286 бет.
Жазушы Кәмел Жүністегінің бұл жинағына тарих, әдебиет, мәдениет, бүгінгі заман жайлы ой-толғаныстары еніп отыр. Автордың ұлттық болмыс, сана, әдет-ғұрып, дәстүр жайлы ұмыт бола бастаған дүниелерді қайта жаңғыртып көпшілік назарына ұсынуы игілікті нәрсе екенін айта кетуіміз керек.
Кәпұлы Д. Бөрісырғақ: жыр кітабы [Текст] / Кәпұлы Д.-Алматы: Хан Тәңірі, 2014. – 286 бет.
Әуел баста қазақтың қасиетті айтыс өнерінің аспанында жұлдыздай жарқыраған Дәулеткерей Кәпұлы жазба поэзияда да қолға қалам алып айшықты өлең-жырлар жазып келеді. Соның айғағындай бұған дейін үш-төрт жыр жинағы жарық көрді. Бұл кітапқа жас та болса жалынды, талантты ақынның өлеңдері, айтыстары еніп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |