[Фамилия] 2
жағдайларға байланысты екенін ұмытпаған жөн. Жас кезеңдерінің
ортақ ерекшеліктеріне қоса, әрбір адамның өзінің жеке басының
ерекшеліктері болады. Олар адамның денсаулығына, тұрмыс
жағдайына және жүйке жүйесінің даму дәрежесіне, қарай әртүрлі
болады.
2)
дамудың үздіксіздігі, әркелкілігі, ең маңызды жүйелердің дамуының озық
жүруі және гетерохрония.
Даму –
үздіксіз
процесс. Басқаша айтқанда, адамның даму үрдісі оның бүкіл өмір
бойына тән құбылыс. Әсіресе, ол балалық шағында қарқынды дамиды. Балалық
шақ қоғамның рухани құндылықтары арқылы сипатталады. Әрі, балалық шаққа
әр түрлі ғылым саласындағы мамандар көп көңіл бөледі. Бала кезінде адамның
қоршаған ортаны тануға деген ұмтылысы белсенді болады. Бала кезде адам
айналасын танып, ерте есейгісі келеді. Бірақ, даму әрқашанда біртекті немесе
біртіндеп, баяулап жүрмейді. Ол жедел қарқынмен, мақсатқа жетуге ұмтылумен
ерекше мазмұнда болуы мүмкін. И.П. Павлов «Даму –
ішкі жүйке үрдістерінің
және қоршаған шындық өмірдің адамға үздіксіз көрсетіп отырған сыртқы
ықпалдарының өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі», –
деп санаған. Даму қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, белгіліден
белгісізге, ескіден жаңаға қарай бағыт ұстайды. Орнганизмде өсумен қатар даму
жүріп жатады. Даму
-
сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сан
көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп
белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің
қызметінің артуын, баланың ақыл
-
ой өрістерінің молаюын айтады. Организмнің
дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық дамуы.
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің
ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны т.с.с
Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты
әртүрлі. Мысалы , жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық
немесе минуттық көлемін өлшейді.
Дамудың негізінде 3 фактор жатыр:
1) өсу,
2) органдар мен ұлпалардың мамандануы немесе дифференциация,
3) форма түзілу.
Бұл үшеуі бір
-
бірімен тығыз байланысты.
Эмбриология ғылымының дамуы туралы қысқаша тарихи мәліметтер.
Эмбриология (грекше em
bryon
–
ұрық, logos –
ғылым ) –
организм ұрығының
дамуын зерттейтін ғылым. К.Бэр –
Ресей Ғылым академиясының академигі, 1828
жылы «Жануарлар дамуының тарихы» деген еңбегінде сүтқоректілер мен тауық
ұрықтарының даму ерекшеліктері туралы зерттеу жұмыстарының
нәтижесін
жариялаған болатын. «Ұрықтық ұқсастық» ілімінде барлық омыртқалы
жануарлардың ұрықтық дамуының бастапқы кезеңі өте ұқсас екендігін
дәлелдеді. Нәтижесінде «ұрықтық ұқсастық заңын» ашты. Бұл заң бойынша
ұрықтық даму кезінде, алдымен типтің, одан кейін кластың, туыстың, түрдің, ең
соңында организмнің өз белгілері пайда болады. А.О.Ковалевский –
[Фамилия] 5
атқаратын мүшелерді айтамыз. Олар тек морфологиялық жағынан ұқсас болып ,
ортақ бір қызмет атқару арқылы айқындалады, ал шығу тектері әр түрлі.
Аналогиялық мүшелердің ұқсастығы тіршілік ортасының ортақ болуымен
сипатталады және олардың туыстық байланыстары болмайды. Мысал ретінде
көбелектердің және құстардың қанаттарын келтіруге болады.
Филогенездің заңдылықтарын дұрыс түсіну үшін мүшелердің құрылысының
өзгерулерін зерттеумен қатар атқаратын қызметін де зерттеген дұрыс. Бір
мүшенің құрылысының өзгеруі міндетті түрде оның қызметінің де өзгеруіне алып
келеді немессе керісінше.
Тарихи даму барысында мүше қызметінің алмасуы үнемі оның формасының
алмасуына ұласады. Әдетте, мүшелердің эволюциясы оның қызметінің алмасуы
арқылы жүзеге асады
3)
Достарыңызбен бөлісу: