«Баланы жуындыру»
Әзірле:стерильді тампондар, сүлгі, пинцет, қолғаптар, лотоктағы қайнатылған су, КБУ, дез ерітінді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Баланың анасына іс-әрекеттің жүргізілуі мен мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз
Қолды гигиеналық деңгейде жақсылап тазалап, қолғапты киіңіз.
Жөргектеу үстелін залалсыздандырушы ерітіндімен өңдеңіз, таза жаялық жайыңыз.
Баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз.
Пинцет арқылы тампонды алыңыз қайнатылған суға батырыңыз.
Тампонды оң қолыңызға алып баланың бетін жуыңыз.
Баланың бетін стерильді сүлгімен кептіріңіз.
Қолданылған тампондармен сүлгілерді КБУ-ге салыңыз, ал қолданылған пинцетті дез ерітіндіге.
Қолғаптарыңызды шешіңіз, оларды КБУ-ге салыңыз, қолданылған пинцетті дез ерітіндіге салыңыз.
Қолыңызды жуып кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |