Жаңа Заман философиясы



бет6/11
Дата07.02.2022
өлшемі37,4 Kb.
#84433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
. Жаңа заман философиясының ерекшелігі

1.Тектік елестер;
2.Үңгір елестері; 3.Базар елестері;
4.Театр елесі.
Тектік және үңгір елестері – дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын, адамдардың туа біткен адасушылықтары. «Тектік елестер» танымның адам (танушы субъекттің) тұлғасының таным процесіне әсері, нәтижесінде адамның бұған дейінге сенім – нанымдары, қағидалары – таным нәтижесінде көрініс беретіндігі («үңгір» - адасушылық).
Базар – театр елестері – жүре пайда болған адасушылықтар. Базар елестері – тілдегі, ұғымдық аппараттағы сөздерді, анықтамаларды дұрыс қолданбаудан туатын адасушылық. Театр елестері – таным процесіне сол кезеңдегі таным процесінің әсері. Көп жағдайда ескі философия танымды дұрыс бағыттан кері бұрып, жаңа мүмкіндіктерге кедергі жасайды (мысалы, схоластикалық философияның танымға әсері). Осылайша, танымның 4 түрлі негізгі кедергелерін зерттей отырып, Бэкон аталған «елестерден» барынша алшақ жүріп, олардың ықпалынан жоғары болып, «таза білімге» ұмтылуға кеңес береді.
Фр.Бэкон ғылымдар классификациясын жасауға тырысты. Классификация негізі – адам ақылының қасиеттері: ес, қиял, пайым (рассудок) Еске – тарихи ғылымдар, қиялға – поэзия,
пайымға – барлық ғылымдардың негізі – философия сәйкес келеді.
Философияны Бэкон:
1.Құдай;
2.табиғат;
3.адам туралы ғылым деп тұжырымдады.
Философияның аталған 3 саласын адам түрлі жолдармен, құралдармен таниды:
1.табиғатты – тікелей сезімдік қабылдау мен тәжірибе арқылы;
2.Құдайды – табиғат арқылы;
3.өзін - рефлекция арқылы (ойдың өзөзіне бағытталуы, ойдың ойды зерттеуі).
Фр.Бэкон философиясы ағылшын философиясына, Жаңа Заман философиясына, одан кейінгі дәуірлер философиясына үлкен әсер берді:
1.философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізі қаланды;
2.гносеология (таным туралы ілім) философияның қосалқы саласы болудан жоғары көтеріліп, онтология (болмыс туралы ілім) деңгейіне жетті, және кез-келген философиялық жүйенің басты екі бөлімінің біріне айналды;
3.философияның жаңа мақсаты анықталды – адамға оның өз әрекетінде практикалық нәтижелерге жетуіне көмектесу (осылайша Батыс философиясы жанама түрде болса да болашақ америкалық прагматистік философияның негізін қалады);
4.ғылымдарды жіктеуге талпыныс жасалды;
5.Англиямен қоса, бүкілевропалық антисхоластикалық, буржуазиялық философияға серпін берілді. Т. Гоббс философиясы
Негізгі еңбектері:
«Азамат туралы бастапқы негіздеме»
«Левиафан – материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік».
Т. Гоббс (1588-1679) – Бэконның философиялық дәстүрін жалғастырушы шәкірті:

  1. теологиялық схоластикалықфилософияға қарсы шықты;

  2. философия мақсаты – ғылымитехникалық прогреске жол ашу, адам әрекетінің практикалық нәтижелеріне қол жеткізу деп түсінді;

  3. эмпиризмді жақтады. Декарттыңрационалистік флилософиясын сынады;

  4. нағыз материалист болды;

  5. қоғам мен мемлекет мәселесінмаңызды философиялық мәселе деп санады;

  6. мемлекет теориясын жасады;

  7. мемлекет пайда болуыныңнегізінде қоғамдық келісім жатыр деген идеяны алғаш ұсынды.

Гоббстың философиялық зерттеу пәні – гносеология және мемлекет мәселесі.
Гоббс адам танымы негізінен сезімдік қабылдау арқылы өтеді деп санады. Сезімдік қабылдау – сезім мүшелерінің (көз, құлақ, т.б.) қоршаған дүниеден сигналдарды қабылдап, өңдеуі. Ол сипаттарды Т. Гоббс «белгілер» деп атап, былайша жіктейді:
1.Дыбыстар – жануарлардың өз әрекетін немесе ниетін (білдіретін сигналдар (құстар «әні», жыртқыштардың ырылы, т.б.);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет