Жаһандану мәселелерінің маңызы қандай



Дата10.04.2023
өлшемі13,25 Kb.
#174121
Байланысты:
Жаһандану мәселелерінің маңызы қандай


Жаһандану мәселелерінің маңызы қандай
Бүгінгі күні ашық қоғам мен экономика және т.б. идеялар негізгі мәселелер болып отыр. Осы тұста, жаһандану дегеніміз не және оның тигізер пайдасы мен қаупі қаншалықты деген сауал туады. Бұл сауалға әр жеке тұлға әртүрлі жауап берері сөзсіз. Ал менің бұл сауалға жауабым төмендегідей:
«Жаһандану» делінген ғаламдық құ­былыстың біздің рухани қарсылығымыз бен күресімізге бой алдырмайтын қуаты мен күші, әлемді жайлап жатқан жылдамдығы мен тартымдылығы – оның коммерциялық сипатында, бизнестік мазмұнында. Нарық жайлаған заманда, рухани құндылықтар емес, экономикалық тиімділік басты орынға шыққан кезеңде жаһандану құрлықтардан да, мұхиттардан да, шекаралардан да аттап, ешкімге де, ешнәрсеге де бой алдырмай, бағынбай тұр. Бұл жаһанданудың болатын, болуға тиісті, ешқандай мемлекет айналып кете алмайтын объективті дамуы. Сон­дай-ақ жаһанданудың қорғануға болатын, соған орай, алдын ала қам жасайтын субъективті өріс­теу себебі де бар. Ол жаһанданудың мәдени, тілдік ықпалы. Біз бұл ғаламдық құбылыстың осындай ықпалынан қорғана аламыз деп ордалы ел болғаннан соң сенеміз, дәмеленеміз.
Дүние бизнес алаңына, қарым-қатынас, серіктестік, ынтымақтастық коммерциялық мүддеге құрылатын заманда жаһанданудың ықпалы біздің елге де әжептәуір тимек. Бұдан шет қала алмайтынымыз да белгілі. Сондықтан бізді не сақтайды дегенде, ең алдымен ойымызға, әлбетте, тіліміз бен мәдениетіміз түседі. Мәдениеттің ұлттарды теңестіретін құрал екендігін осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын жақсы ұғынған Ахмет Байтұрсынұлы: «Мәдениеті жоғары халық – мәдениеті төмен халықты аз-көбіне қарамай жем қылатыны айдай анық, күндей жарық ақиқат… Мәдениет жігін жоғалтпай, өз жігін жоғалту оңай емес» деп жазған екен. Алаш көсемі айтқан осы ой әлі де өз күшінде, тіпті мына жаһандану заманында оның кө­кейкестілігі артпаса кемімеген. Қазіргі Қа­зақстанның жағдайы ХХ ғасыр басындағы Ахаңдар өмір сүрген кезеңнен әлдеқайда білімі, мәдениеті, саяси халі жағынан болсын озығырақ дәуір емес пе?! Сондықтан дүниенің мәдени бәйгесінен қалмау үшін біз ең алдымен өзіміздің мәдениетімізді, сол мәдениеттің негізі – тіліміздің, бүгінгі жиі қолданатын тіркеспен айтсақ, бәсекеге қабілетті болуын қамдауымыз қажет. Бүгінгінің мәдениетін – бизнес, этикетін – коммерция жасауда, ендеше қазақтың тілі мен мәдениеті нарықтың осы бұлжымас ережесінен тыс қалмақ емес.
Қорытындылай келсем, өзегінде өркеуде мемлекеттердің мүддесі менмұндалаған жаһанданудың қазіргі қарқыны Қазақстан сияқты жас мемлекеттерге ғаламдық бәйгеде сыбағалы болуды міндеттейді. Есемізді жібермей, егелік ету үшін мықты экономика, алғыр саясатпен бірге осы елді мемлекет етіп отырған басты ұлттың, яғни қазақтың тілінің, мәдениетінің, дәстүрінің салтанат құрмағы, яки рухының асқақ болмағы аса маңызды. Ұлттық рухтың негізі де, тұғыры да тіл. Тіл асқақтаса, рух биіктемек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет