Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ұлан ауылы «С.Аманжолов атындағы орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі Аринова Асем Фазыловна
Жаңартылған бағдарламаға – жаңаша көзқарас
2016- 2017 оқу жылының 1 кыркүйегінен бастап еліміздегі барлық мектептер білім берудің жаңа жүйесіне көшіп, білім алуда.
— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін қойып отыр. Ел экономикасының қарқынды дамуы білім беру жүйесіне тікелей байланысты.Қоғамда азаматтың тек қана білім алуы жеткіліксіз, ең маңыздысы — сол алған білімін күнделікті өмірде тиімді қолдана білуі. Сол себепті, қазір оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту қажет.
Тиісті нормативтік құжаттар, жаңа стандарт, оқу бағдарламалары, оқулықтар әзірленген, олардың іс жүзінде орындалуы, оқушыларға білім беру үшін оның қаншалықты тиімді екенін, мұғалімдерге көмек ретінде әдістемелік оқулықтар ұсынылған. Сондықтан жаңа оқу жылынан бастап 1-сынып осы стандартқа көшіп, оқуда. Жаңа жүйеге көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес, 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін кезең-кезеңімен енгізіледі. Нақтырақ тоқталсам, биыл, яғни 2016 жылдың 1 қыркүйегінде 1-сынып оқушылары болса; 2017 жылы — 2, 5, 7-сыныптар; 2018 жылы — 3, 6, 8, 10-сыныптар; 2019 жылы – 4,9, 11, 12-сыныптар жаңа стандартқа көшеді. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталады.
1-сынып оқушыларына арналған оқулықтар: «Назарбаев зияткерлік мектебі», «Алматы кітап», «Атамұра», «Мектеп», «Бөбек» баспалары әзірлеген. Жаңа бағдарламаға сәйкес сауат ашу, орыс тілі, математика, көркем еңбек, дүниетану, жаратылыстану, өзін-өзі тану, музыка, ағылшын тілі пәндері оқулықтары мен дәптерлері толықтай бар. Сондай-ақ, 1- сынып оқушыларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан «Менің Отаным — Қазақстан» атты кітабы сыйға тартылды.
— Жаңа жүйеге сәйкес, 1-сынып оқушылары бес күндік оқу аптасына көшіп оқуда. Бес күндік оқу жүйесі балалардың сенбі, жексенбі күнгі демалыс уақытында ата-анасымен бірге болуына көп мүмкіндік береді. Сондай-ақ, балалардың шығармашылық қабілетін арттыруға, қосымша білім алуына, әсіресе, спортпен, өнермен айналысуына көбірек уақыт бөлінеді. Оқу мерзімінің ұзақтығы – 33 апта. Сонымен қатар даярлық курсынан мектеп директорлары, мектеп директорларының орынбасарлары да өтуде. Осы оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер біліктілік арттыру курстары, оқыту семинарлары арқылы арнайы даярлықтан оқу жылы көлемінде өтеді.
Үш тілде оқыту — болашақтың ісі дегендей. 1-сынып оқушыларына сабақ үш тілде өткізілмейді. Қазақ тіліндегі сыныпта оқушы қазақ тілінде білім алады. Яғни, қазақ тілі — қазақша, орыс тілі — орысша, ағылшын тілі — ағылшынша өткізіледі. Басқа пәндердің барлығы жоғарыда айтқандай оқушының оқу тіліне қарай оқытылады.
— Әдістемелік материалдардың толық ресурсы: оқу бағдарламалары, оқулықтар, күнделікті сабақ жоспарлары, мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар, бағалау жөніндегі ұсынымдардың бәрі де қалыптастырушы бағалауға, жиынтық, тоқсандық бағалауға арналған барлық пәндерден тапсырмалар дайын. Тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама дескрипторлар да берілген.
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Қалыпастырушы бағалауға арналған тапсырмалар күнделікті сабақта орындатуға арналған. Әр тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру үшін әр оқушыға кері байланыс жасайды.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалады.
Бір екшелігі күнделікті оқушыларға баға қойылмайды. Бағалау критерийіне сүйеніп, білім алушының оқу жетістіктерін бағалайды. Бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою кестесі сүйенеді.
Ата - аналар үшін білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау бағалау критерийлеріне сәйкес рубрика тәсілі ұсынылады. Әр ата – ана өз баласының жетістіктері мен кемшіліктерін көруге арналаған.
Бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін модерация жүргізіледі. Бұл қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастырады. Осыдан барып бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжатқа тіркейді.
Пән бойынша оқу жылына білім алушының оқу жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын білім алушы портфолиосында жинақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |