Үштілділік саясатын жүзеге асыру Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын, коммуникативтік,лингвист икалық құзыреттіліктің негізін қалыптастырады. Бұл мақсатқа жету үшін білім беру ұйымдары үш тілді оқытуды жүзеге асырады.1-сыныптан қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.Үштілді оқу оқушының сөйлеу əрекетінің (тыңдалым, айтылым,оқылым, жазылым) түрлерін дамыту арқылы қазақша еркін жəне сауатты сөйлеу, жазу коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
Сәтімбек М.М. ДИО-22-1
Достарыңызбен бөлісу: |