15. «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Тоқсанның («Дене шынықтыру»), жартыжылдықтың («Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка») және оқу жылының соңында аталған пәндерден «есептелінді»/«есептелінген жоқ» деген белгі жазылады. 18. Тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жүргізіледі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым). Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |