Жаңартылған білім мазмұны негізіндегі көркем еңбек бағдарламасын, оқулықтарын талдау



Дата10.02.2022
өлшемі17,18 Kb.
#131368
түріБағдарламасы
Байланысты:
СӨЖ1


Жаңартылған білім мазмұны негізіндегі көркем еңбек бағдарламасын, оқулықтарын талдау

Қоғамның жаһандануы, ақпараттық мәдениет пен ғылымның дамуы әлемдік саясатты шиеленістіріп, экологияның дағдарысына, экономика мен әлеуметтік күйзелістерге ұшыратуда. Дүниежүзілік сауда орталығында әрбір дамыған мемлекет өзінің меншікті мүддесін сақтауға жоғары білікті мамандар даярлап, сол адами капитал арқылы сапалы өнімдерді басқа мемлекеттерге сату аясында бәсекелестіктің артуы да шиеленісіп келеді. Осы қоғамдық қиындықтар мен еңбек нарығындағы бәсекелестікке байланысты дүниежүзілік білім беру кеңістігінде, әсіресе, Батыс Европа және Шығыс елдерінің кейбір мемлекеттері қоғамдық жаһандануы үдерісіндегі қайшылықтарды шешуге және бәсекелестікті қамтамасыз ететін мамандарды даярлауға дәстүрлі білім берудің мазмұны мен оны білім алушы тұлғасы бойына меңгертуге бағытталған жаңа тұлғалық құндылықтарды қалыптастырудың тұжырымдамалары түзілуде. Солардың бірі, бәсекелестікке қабілетті, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, икемді, проблемаларды шеше алатын, сын тұрғысынан ойлауы мен қарым-қатынас қабілеттері жоғары, еңбек үдерісін ұйымдастыру мен жоспарлауды жауапкершілікпен қарайтын, ақпараттық-коммуникациялық техникаларды жетік қолдана алатын дағдылары сияқты[6].


Осының негізінде «білімге» бағытталған білім беру парадигмасы, «құзыретілікке» бағытталған білім беру парадигмасына алмасуы, дидактикалық дәстүрлі «нені оқыту» мен «қалай оқыту» қағидалардың да «нені үйрену» мен «неліктен үйрену» қағидаларына ауысуына ықпал етті.
Дүниежүзілік (халықаралық) білім беру кеңістігіндегі білім беру мазмұны мен оқыту құралдарының өзгерістері негізінде Қазақстанның білім беру үдерісінде педагогикалық процестің түбегейлі өзгеруіне алып келді. Бұл өзгерістер білім беру мазмұны, оқытудың әдістері және оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың жаңа жүйесін түзуге ықпал етті.
Жаңартылған білім беру үдерісінде білім беру мазмұны, енді, нәтижеге бағытталуымен (мақсаттылығымен) сипатталатын болады. Оқыту мақсатының құрылуы мен жүйеленуі АҚШ танымал психологы Б.Блумның таксономиясына (білім, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) негізделеген.
Білім беру бағдарламасының оқыту мақсаттары білім беру бағдарламасында үш бөлім арқылы анықталған: идеяларды зерттеу және дамыту; жасау және дамыту; таныстырылым, талдау және бағалау. Ал, мектептің барлық оқу пәндерінің білім беру бағдарламалары, соның ішінде, «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасы немесе оқу бағдарламасының мазмұны Джером Брунердің спиралды тәсілі бойынша құрылған.
Білім беру мазмұны бастауыш және жалпы орта мектептің кез-келген оқу пәні дәстүрлі оқу бағдарламасындағы оқу материалдарының орнына жаңартылған білім беру үдерісінде оқыту мақсатымен ғана шектеледі. Оқу пәнінің оқыту мақсаты жаңартылған білім беру үдерісінің білім беру бағдарламасында анықталады. Ол білім беру бағдарламасы, соның ішінде, кіріктіре білім берудің қағидасына негізделе пайда болған «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыру үш жоспар түрінен құралған: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді. Осы ұзақ мерзімді жоспарда оқыту сабақтарының мақсаты ғана көзделсе, орта мерзімді жоспар мұғалімнің әрбір сабаққа дайындалуына сәйкес әдістемелік ұсыныстар анықталған. Ал, қысқа мерзімді жоспар, біздің дәстүрлі сабақ жоспары ретінде болғанымен, оның құрылымдық элементтері толығымен жаңа сипатта құрылған.
«Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарындағы оқыту мақсаттары бірнеше сыныптарға арналып, тізбектеле жүйеленген. «Көркем еңбек» оқу пәнінің мұғалімі нақты сыныпқа арналған тақырып бойынша оқыту мақсатына сәйкес сабақта оқушыларға үйрететін білім беру мазмұнын немесе оқу материалын еркін түрде, өзбетімен құрап жүйелеуге мүмкіндік алады. Бірақ, сол білім беру мазмұны сабақтың оқыту мақсатына жетуге кепіл беруі тиіс. Сонымен бірге, «Көркем еңбек» сабақтарында мұғалімнің оқыту мақсатына жету үшін дәстүрлі теориялық білім беру мен практикалық тапсырмалар орындату емес, бір сабақтың ішінде міндетті түрде қысқа мерзімді (айдар) 5-7 тәжірибелік жаттығулар, тапсырмалар орындатуды қамсыздандырады.
«Көркем еңбек» білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған оқыту құралдары, соның ішінде, оқыту әдістері мен үйрену әдіс-тәсілдері, енді, оқыту мақсатына жетуге және оқушылардың, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып таңдау негіз болады. Бұл оқытудың педагогикалық әдіс-тәсілдері сындарлы оқытудың, скаффолдинг, моделдеу, дамыта оқыту, әрдеңгейлі оқыту, саралап оқытудың теорияларына негізделе анықталған[1,4,7]. Оқыту үдерісінде оқытудың мазмұны басым тәжірибеге бағытталады. Сол белсенді оқытудың стратегияларының бірі: топтық, эксперимент(зерттеу), тәжірибелік жұмыс, пікір талас, жоспарлау мен бағамдау жаттығуларын жүргізу, ықшамсабақ. Сол сияқты оқыту мен үйретудің тиімді әдіс-тәсілдеріне: моделдеу, пәнаралық байланыс, мультисенсорлық оқыту, бірлескен оқыту, саралау, пәнаралық байланыс, оқу әңгімелері, электронды оқыту және жаңа технологияларды қолдану, оқушылардың қажетіліктеріне сәйкес түрлері кіреді. Осы оқыту мен үйренудің әдіс-тәсілдері «Көркем еңбек» оқу сабақтарында оқушылардың біршама танымдық және тұлғалық құнды қасиеттерін қалыптастыруға бағытталады. Мысалы, белсенді оқуда оқушылардың өз тәжірибесі негізінде эксперимент жасап, оқу материалының мәнін ұғынып түсінуіне, меңгерген білімді жаңа біліммен байланыстыруға, қателіктерді түсініп білімін жетілдіруге, терең білім алу мен көзқарастарды өзгертеді. Топтық жұмыста тұлғаралық қарым-қатынастарды нығайтады, ақпарт алу мен жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастырады, оқушылардың арасындағы тосқауылдарды бұзады. Саралап оқыту барысында оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға сәйкес олардың түсінігі мен дағдылары дамиды, оқуға деген уәжі мен сенімі артады, күтілетін нәтижені арттыра алады. Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, яғни, мұғалімнің оқушыларды қолдау жасай отырып, олардың уәжі мен өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады, қай бағытта оқыту керектігін анықтауға көмектеседі, өзінің жұмысын жақсартуға ықпал етеді, оқушылардың оқу жолдарын түсінуге мүмкіндік береді. Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты пән мұғалімі оқыту барысында кері байланыс пен рефлексияның әр түрлі әдіс-тәсілдерін жиі қолдануды тәжірибелейтін болады. Осы сияқты басқа оқыту мен үйренудің әдіс-тәсілдері де оқушылардың құнды тұлғалық және танымдық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді[4].
Сонымен бірге, мұғалім сабақты жоспарлау, яғни, қысқа мерзімді жоспарлау барысында дәстүрлі дидактикалық қағидаларға және оқытудың жаңа стратегияларына сүйенеді. Сол стратегиялардың бірі: оқушылардың бір-біріне көмектесу үшін жұптарға бөлу; оқушылардың нәтижеге жету үшін көбірек уақыт бөлу; оқытуды шағын қадамдарға бөлу, талқылау, моделдеу және қосымша ресурстарды қолдана оқушыларға қолдау жасау, әр түрлі материалдар мен құралдардың көмегімен тапсырмаларды бейімдеу(1 сыныптарға); жақсы әрекет ететін оқушыларды анықтау; оқытудың белгілі бір салалары бойынша өзін сенімді сезінетін оқушылар мен оқуда қиындықтары бар оқушыларды анықтау; оқушылардың жауаптарының алуан түрлілігі мен жекелеген оқушылардың күшті жақтарын ескере отырып, сыныптағы пән сабақтарында оң өзгерістер тұрғысынан ілгерлеуді және «мен істей аламын» ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік жасау (2сыныптарға); оқушылардың түрлі элементтер мен олардың құрамдастырылуын қолдану себептерін түсіндіруге бағыттау; кез-келген оқушының сабақ бойынша әрекеттерін дәлдік пен нақтылықта қарастыруға бағыттау; оқу мақсатына қол жеткізу үшін оқушы бейне кескіндерді дәл және мәнмәтінді қолдануға үйрету(3 сыныптарға); көркемдік сапаның қалай қолжеткізуін және үйлесімді болуына бағыттау; мақсатқа бағытталған және ақпараттандырылған тәсілдермен жобалау және шешімдер қабылдау үшін қолдану; жасалған таңдаудың себебін анықтау; өз бетінше жұмыс жасау тәуелсіздігін арттыру(4 сыныптарға)[4].
Оқушылардың «Көркем еңбек» оқу пәнінің сабақтарында оқушылардың енді, білімі ғана емес, оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін қолданамыз. Ол критериалды бағалау жүйесімен жүзеге асырылады. Критериалды бағалау дегеніміз оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті, нақты анықталған критерияларғе негізделген үдеріс болып табылады. Бұл бағалау критерийлары бойынша оқушылардың ойлау дағдыларының деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді. Ойлау дағдылары Б.Блумның таксономиясы бойынша анықталған. Мысалы, білу мен түсіну, білімді қолдану, талдау, жинақтау және бағалау.
Критериалды бағалау екі түрге бөлінеді: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау көркем еңбек оқу пәнінің күнделікті сабақтарында жүргізіліп отырса, ішкі жиынтық бағалау ортақ тақырыптар немесе бөлімдер, тоқсан аяқталғанда бір реттен жүргізіледі. Оқушылардың ойлау деңгейлерін көркем еңбек сабақтарында анықтау үшін қалыптастыруға бағалауға арналған мұғалім арнайы тапсырмалар дайындайды. Ал, жиынтық бағалауда тест спецификациясын жасап оқушылардың бірнеше ойлау дағдылары деңгейлерін анықтауға бағытталады. Тоқсандық жиынтық бағалау осы екі бағалау (қалыптастырушы, ортақ тақырыптар бойынша ішкі жиынтық) бойынша алынған мәліметтерді, оқушылардың оқу пәні бойынша басқа да жетістіктерін ескере түпкілікті, соңғы баға қою үшін модерация формасында, пән мұғалімдерінің қауымдастығы немесе әдістемелік бірлестіктегі тәжірибелі ұстаздардың отырысында бағамдаулар жасай отырып, хаттаманың шешімінде баға қойылады. Осының негізінде тоқсандық жиынтық бағалау жұрналға, электронды жұрналға және оқу тәбеліне жазылады[2].
Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру аясында жасалған «Көркем еңбек» оқу пәнінің білім беру бағдарламасының мәні оқушылардың «Көркем еңбек» пəні елестету мен бақылау қабілетің, кеңістікте тану жəне көзбен
көріп қабылдау қабілетін қамтамасыз ететін, əр түрлі шығармашылық əрекет барысында, көркемдік-технологиялық білімдерді, қабілеттер жəне дағдылар- ды қалыптастырады.
«Көркем еңбек» кіріктірілген (бейнелеу өнері мен технология) білім беру бағдарламасы тәжірибеге мен нәтижеге бағытталған білім беру моделдеріне негізделгені анықталды. Ал, оның білім беру мазмұны мен педагогикалық әдіс-тәсілдері сындарлы, спиральды, скоффолдинг пен моделдеу, деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, сыни тұрғыда ойлау, саралап оқытудың теорияларына негізделіп құрылғаны байқалады.
Оқу пәнінің оқыту барысында оқушылардың қызығушылығы мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер, кері байланыс пен рефлексия үдерісінде қолданатын тәсілдер оқушылардың көркем еңбек пәні бойынша да ойлау мен тілдік дағдыларын дамытуға, көркемдік-технологиялық білімін қалыптастыруға және тұлғалық қасиеттерін дамытуға қуатты құралдардың бірі болып табыла алады.
«Көркем еңбек» оқу пәнінің сабақтарында оқушылардың жоғары да аталған дағдылары мен тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу деңгейлерін анықтауға бағытталған қалыптастырушы және жиынтық бағалаулар, олардың танымдық және тұлғалық қасиеттерін анықтау мен жетілдіруге жүйелі түрде бақылау мен бағалау жасауға сапалы бағалау құралы болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет