Жаңартылған мазмұндағы күнтізбелік-тақырыптық жоспары жасалды



бет1/7
Дата17.09.2023
өлшемі48 Kb.
#181280
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10 - сынып гум қаз тКТП-1



Түсінік хат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы « 4»қыркүйек № 441бұйрығына 2-қосымша және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына 59-қосымша негізінде жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныбына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы күнтізбелік-тақырыптық жоспары жасалды.
1-тарау. Жалпы ережелер.

  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

  3. «Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  1. қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;

  2. білім алушылардың қазақ тілін күнделікті өзі еркімен қолданып жүрген қарым-қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар негізінде танып-білу дағдыларын қалыптастырады;

  3. қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін және олардың табиғатын танып біледі;

  4. тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық-коммуникативтік бағдарда танып-біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады;

  5. «Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.

2-тарау. «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4. Қазақ тілі пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
5. Оқыту мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:

  1. тыңдалым және айтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормасы.

6.«Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
3) негізгі ойды анықтау;
4) тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау;
5) сөйлеу мәдениетін дамыту.

  1. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. ақпаратты түсіну;

  2. мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;

  3. мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;

  4. мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;

  5. мәліметтерді өңдей білу;

  6. әртүлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.

  1. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. әртүлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу;

  2. жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;

  3. эссе жазу;

  4. оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;

  5. шығармашылық жұмыс;

  6. мәтіндерді түзету және редакциялау.

  1. Әдеби тіл нормасы бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1. орфография;

      2. орфоэпия;

      3. лексика;

      4. грамматика;

      5. пунктуация.

  2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны:

1) тыңдалым және айтылым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру, мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау, мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық-морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану;
2) оқылым: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау, ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері), әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу, ауызекі сөйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолдану, публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу, ресми ісқағаздары тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде), мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу, белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу, БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу;
3) жазылым: жоспар түрлерін құру (қарапайым, күрделі, тезистік), ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру, ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі және т.б. мәтіндер құрастыру, ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, баяндама, мақала, лекция, баяндама тезистері, аннотация, түйіндеме, рецензия және мәтіндер құрастыру, публицистикалық стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, информациялық хабар, очерк, памфлет жазу, көркем әдебиет стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер құрастыру (таңдау бойынша), мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, эссе түрлерінің құрылымын сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша өзіндік пікір жаза білу, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу), әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу, жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау;
4) әдеби тіл нормалары: орфографиялық нормаға сай жазу, сөздерді фонетикалық принцип негізінде жазу, сөздерді морфологиялық-фонематикалық принцип негізінде жазу, сөздерді тарихи-дәстүрлік принцип негізінде жазу, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте), сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (үтір, нүктелі үтір, жақша, қос нүкте, тырнақша, сызықша).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет