Бақылау сұрақтары:
1.
Мүсіндеу процесінде заттардың ерекше формалары, констуртивті
ӛзгешіліктері мен пропорциялары қалай анықталады?
2.
Формасы қарапайым заттарды мүсіндеу.
3.
Сюжетті мүсіндеу. Рельефті мүсіндеу.
4.
Адамның дене бітімін қалай мүсіндейді?
5.
Бастауыш мектептегі мүсіндеудің қандай әдіс- тәсілдерібар?
6.
Папье-машемен бұйым дайындау кезеңдерін түсіндіріңіз.
Дәріс 12. Жапсырмалау бойынша практикалық іс-әрекеттерді
қалыптастыру әдістемесі
1. Жапсырмалау. Жапсырмалау түрлері.
2. Қағазға, матаға жапсырмалау техникасы.
3. Жапсырмалау жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері
Жапсырмалау
/аппликация/ - дегеніміз кез келген материалдан кесіліп
алынған әр түрлі формалардан, фигуралардан белгілі бір фонға сәйкестендіре
отырып тігу немесе жапсырып, желімдеу арқылы кӛркем бейне жасау әдісі.
Аппликация (латынша applicatio – үстіне қою, салу) – негізгі фонға
декоративтік немесе тақырыптық формалардағы қиындыларды жапсыру
арқылы әр түрлі заттарды кӛркем безендіру үшін қолданылатын қолӛнердің
бір түрі.
Қағаздан аппликация жасау ХҮІ ғасырда пайда болған, одан кейінгі жүз
жылдықта жақсы дамыған ХҮІІ ғасырдың басында Францияда қағаздан
силуэт жасау сәнге айналып, қабырғаларды шағын силуэтті портреттермен
әшекейлей бастады. «Силуэт» деген атаудың ӛзі ХҮІІ ғасырдағы француз
чиновнигі Этьен Силуэт деген адамның фамилиясынан алынған. Ол қағаз
қиындыларын құраумен әуестенген.
Аппликацияның ӛзгешілігі оның бейнелеу сипатына, сондай-ақ орындалу
техникасына байланысты. Аппликациялық бейнелер бірыңғай шартты
суреттерге құралады. Аппликацияға ешқандай детальдарсыз жалпылама
формалар тән. Кӛбіне дақсыз бір түсті бояулар қолданылады, сонымен бірге
бір түс екінші түстен ӛзгеше ерекшеленеді.
Аппликацияны орындау процесі екі кезеңнен тұрады: жеке формаларды
кесу және оларды негізгі фонға жапсыру. Аппликацияға әртүрлі материалдар
қолданылады: Мысалы: тері, мата, жүн, сабан, қағаз, кептірілген жапырақтар
және т.б.
Аппликацияны әртүрлі үй-жай орындарын безендіруге, ұлттық киімдерді,
тұрмыстық заттарды безендіруге де қолдануға болады. Мысалы, мата, жүн,
теріден кесілген аппликациялық қиындылар киімдерді сәндеуге, паннолар
жасауға қолданылады (үлгі суреттер кӛрсетіледі).
Табиғи материалдардан жапсырмалау жұмысын жасағанда пайдаланатын
құнды материалдар: кепкен жапырақтар, ағаштың, кӛкӛністің тұқымы, үйеңкі
ме ясен ағаштарының тұқымы қанатша деген атпен танымал. Олардан
қоянның құлағын, инеліктің қанатын, балықтың желбезегін және тағы басқа
заттарды жасауға болады, олардың сыртқы түрі әдемі, олардан жасалған
заттардың ӛзіндік ерекшеліктері болады. Үйеңкінің тұқымынан жасалған
жапсырмалау жұмыстары ӛзгеше болады, олармен жұмыс істеу үлкен
қиялды, шығармашылықты, ойлауды талап етеді.
Жапсырмалау жұмыстарына үйретудің тәсілдері мен әдістері әралуан,
мысалы; үлгілерді кӛрсету, табиғатқа бақылау жасау, техникалық тәсілдерін
кӛрсету, орындау техникасын қортындылауға жаттығу жасау, түсіндіру,
орындалатын жұмыстың реттік жоспарын құру, материал таңдау, жасайтын
ойыншық туралы әңгіме, ӛзін-ӛзі бағалау, әңгімелесу және т.б.
Жапсырмалау жұмыстарын орындау кезіндегі негізгі кӛркемдік құрал түс
болып табылады, оның үйлесімділігі, композициясы, нұсқасының мәнділігі.
Қиып жапсыру заттық, сюжеттік және сәнді болып бӛлінеді, бастауыш
сынып оқушылары осы айтылған түрлердің барлығымен сабақта
айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: