нәрселерге қызықтырып, баланың қызығушылығын арттыру... Ондай оқу
баланы жергілікті ӛмірмен жақындастырады. Балаға ең қымбат туған жері:
туған жерінің құбылыстарын білу балаға ӛте қызық. Мұндай оқыту жүйесі
ӛмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында
жандандырып, бала махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысына
тӛңіректегі әлемге терең кӛзбен қарап үйренеді, жолығатын мәселелерді
жеңіл шешетін болады, білгенін ӛмірде де пайдаланатын болады.
Туған жердің әсемдігін кӛру, түстердің ғажап әлемін ашу, суретші
құралдарымен (графикалық, кескіндемелік) беру, әрбір қимылды мұғалімнің
тыңдатқан музыкалық үзінділерінен есту - бейнелеу ӛнерінен сабақ берудің
негізгі мақсаты оқушының әсемдік, шығармашылық қабілетін дамыту. Тек
қана қоршаған табиғатты қабылдау үдерісінде емес, сонымен қатар
шығармашылық жұмыстарды талқылағанда да астарласып жүріп жатуы
керек.
Сондай-ақ мұғалім әуездік-қолданбалы ӛнермен таныстырса әдемілік,
әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын- тәсілдерін
қолданғаны жӛн.
Эстетикалық талғампаздық саласындағы балалардың алғашқы қадамы
олардың суретке түсіретін бұйымдарды эстетикалық қабылдаумен, есінде
қалғанын елестете сурет салумен, графиканы эмоциялық түсінгіштігімен
тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: