Перспектива заңдылықтары. Кез келген сурет сызық пен рең (тон)
арқылы орындалады. Нәрсенің дұрыс бейнеленуі – перспектива мен жарық
немесе кӛлеңке заңдылықтарын жетік білудің нәтижесінде болады.
Перспектива заңдылықтарын білу және қолдану шынайы бейнелеудің
маңызды шарты. Сонымен, перспектива дегеніміз – нәрсе әлемін кӛріп
қабылдаумен сәйкес бейнелеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ол
латынның «perspicere» «тасадағыны кӛре білу» деген сӛзінен шыққан.
Перспективаның негізгі заңдылықтарына жататындар:
1.Сызықтық перспективаның заңдылықтары.
2. Ауа перспективасының заңдылықтары.
3. Жарық пен кӛлеңке перспективасының заңдылықтары.